- тәрбиелеу міндеттерінің мақсаты – оқушылардың адамгершілік және жігерлілік қасиеттеріне дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен әсер ету.
Осы міндеттерді басшылыққа ала отырып, әр сабаққа жеке міндеттер қойылады. Ол міндеттер сабақ өткізілетін кездегі тоқсандық жоспар - кестеге, спорт түріне байланысты алынады. Сабақ қызықты, тартымды болуы үшін құрастырылған түрде алынып, бір сабақ аясында жаттығу техникасын үйрену, өткен сабақтарда үйренген жаттығулар техникаларын жетілдіру, бір дене қасиетін дамыту сияқты міндеттер кешенді алынса дұрыс болады. Мысалы:
-төменгі сөреден жүгіру техникасын үйрету;
-жүгіріп келіп ұзындыққа секіру техникасын жетілдіру;
-дене қасиеті – жылдамдықты дамыту.
Қойылған міндеттерді орындау жолдарын таңдау. Мұғалім әр міндетті орындау үшін спорт түрінің негізгі жаттығуларының техникасын үйретуге, жетілдіруге керек жетекші дайындық, бейнелеу жаттығуларына көңіл бөлуі қажет. Ол жаттығуларды орындату үшін дене тәрбиесі әдістерін, амалдарын тиімді қолдана білуі шеберлігі мен іскерлігін меңгеруі керек.
Әдістемелік-ұйымдастыру шараларын белгілеу. Мұнда мұғалім оқушылардың әрекеттерін тиімді ұйымдастыру түрлері мен әдістерін таңдайды. Олардың тұратын, отыратын орындарын, қозғалыс жолдарын белгілейді. Снарядтарды орнату, жинау жолдарын, сақтандыру әдістерін көрсетеді.
Жоспар-конспекті жазу. Сабақтың жоспар-конспектісі жалпы қабылданған үлгі бойынша, оқушы дәптерінің қос бетіне көлденеңінен жазылады. Жоспардың төрт бағанасы дұрыс, сауатты жазылып, толық толтырылуы керек. Конспектіде көрсетілген жаттығулар, әдістемелік нұсқаулар қысқа, нақты, түсінікті жазылғаны дұрыс.
Қимыл-қозғалыс дайындығы. Мұғалім мекеп бағдарламасында кездесетін барлық жаттығуларды көрсете алуы керек. Сондықтан да мұғалім сабақта үйрететін жаттығуларды қайталап, өз мүмкіншілігін әрдайым тексеріп отыруы қажет.
Теориялық және сөйлеу дайындығы. Мұғалім оқушыларға берілетін теориялық білімді жақсы білуімен қатар, шешен сөйлей алуы да керек (әңгімені дұрыс жүргізу, баяндау, команда беру, талдау жасау т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |