Оқушы өз бетімен тапсырмалардың түрлерін, оны шешу жолдарын, жоспарын, тапсырманы орындау және өзгерістердің шешу жолдарын қорытындыламайды. Оқушы мәтін және тапсырмалар бойынша сұрақтарға жауап бере алмайды. Бұны мәтінді оқып, мұғалімнің түсіндіргенін тыңдағанда байқауға болады.
Оқушы тақырып бойынша сұрақтар қоюға, оқулықтарға қосымша әдебиеттер іздеуге талаптанбайды. Бұндай талаптану мәтінді түсініп оқуда және мұғалім нұсқаған әдебиеттермен жұмыс жүргізгенде байқалады.
Сабақтың іздену, ойлау, қиындықты жеңу кезеңінде оқушы алаңдап, белсенділігі төмендейді. Бұл белгілер мұғалімнің түсіндіргенін қабылдауда және өз ықыласымен тапсырмаларды таңдағанда да байқалады.
Оқушы сәттілік пен сәтсіздікке мән бермей жұмысын бағалай алмайды, өзі-өзіне баға бермейді.
Оқушы орындаған тапсырманың мақсатын қандай ережеге сай келуін, олардың ретін, жұмысының нәтижесін түсіндіре алмайды. Бұл белгілер тапсырмаларды орындағанда және күрделі іске әрекеттенгенде байқалады. Оқушы дайын мәтінді түсінбейді, қабылдай алмайды, зерексіздігін аңғартады.