Күні: 28.10.2016 ж
Сыныбы: 7
Пәні: физика
Сабақтың аты
|
§ 12,13. Планеталардың қозғалысы. Күннің жылдық қозғалысы.
|
Сілтеме
|
Жоспар
|
Жалпы мақсаты
|
Планеталардың қозғалысы мен Күннің жылдық қозғалысы туралы білім дағдысын қалыптастырады.
|
Күтілетін нәтиже
|
Планеталардың қозғалысы мен Күннің жылдық қозғалысын анықтай алатын болады болады.
|
Негізгі идеялар
|
Күнді бақылай келе, ғалымдар ертеден-ақ оның жұлдыздар арасында қозғала отырып, бір жылда аспан сферасының үлкен дөңгелегі бойымен бір айналым жасайтынын байқаған. Бұл үлкен дөңгелекті гректер эклиптика деп атаған. Шоқжұлдыздар жиынтығын зодиак белдеуі деп атайды.
Күннің аспан сферасы бойынша жылдық қозғалысын эклиптика деп атайды.
21 наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесі.
23 қыркүйек – күзгі күн мен түннің теңелу нүктесі.
Күн мен түннің көктемгі теңелу нүктесі Балықтар шоқжұлдызында, ал күзгі күн мен түн теңелу нүктесі Таразы шоқжұлдызында болады.
22-шілде –ең ұзақ күн –жазғы Күн тоқырау күні.
22-желтоқсан – ең қысқа күн-қысқы Күн тоқырау күні.
Күн өзінің маңайындағы планеталардың қозғалыс бағытымен өз осін айнала қозғалады.
|
Тапсырмалар
|
Топтық жұмыс
|
Жұптық жұмыс
|
Топтық жұмыс «Блум таксономиясы»
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
Сәлемдесу
Түгелдеу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1.4. Топқа бөлу ( бағдаршам арқылы 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. “Миға шабуыл” сәйкестендіру тесті (4 минут)
Ядро 1. Дененің жылуылық күйін сипаттайтын шама
Дене 2. Сутегі
Диффузия 3. Химиялық элементтің ең кіші бөлшегі
Атом 4. Зат молекулаларының бір-біріне енуі, жайылуы.
Температура 5. Әртүрлі заттардан құралады.
Ең жеңіл элемент 6. Сұйыққа тән қасиет.
Қатты дене қасиеті 7. Атомның орталық бөлігі.
Аққыштық 8. Уран
Ең ауыр элемент 9. Пішіні мен көлемін сақтайды.
Су буы 10. Газ
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут). Білу
Жаңа сабақ бастамас үшін тақырпты ашуға 2 жұмбақ жасырылады.
Төбемізде қарап тұр 2. Сатайын десем ауыр кілем
Аяғы жоқ –жүреді Сатпайын десем тәуір кілем. (Жер)
Езуі жоқ- күледі. (Күн)
1. Күн туралы не білеміз?
2. Күн жүйесінде неше планета бар?
3. Зодиак шоқжұлдыздары нешеу және олар қалай аталады?
ІV. Топтық жұмыс (15 минут). Түсіну
Жаңа тақырыппен жұмыс.
«Еркін талқылау» әдісімен жүргіземін.
1-топ: Планеталар және Меркурий, Шолпан, Жер планетасы туралы түсінік.
2-топ: Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун планетасы туралы түсінік.
3-топ: Күннің жылдық қозғалысы.
Жаңа сабақ материалын дәптерге жазғызамын.
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№
|
Бағалау өлшемдері
|
Көш
басшы
|
Хатшы
|
Баяндамашы
|
Уақыт сақшысы
|
1
|
Тақырыптың ашылуына үлес қосу
|
|
|
|
|
2
|
Міндетін атқару
|
|
|
|
|
3
|
Топтық жұмысқа атсалысуы
|
|
|
|
|
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
V. Сергіту сәті (3 минут) (видео)
VI. Жұптық жұмыс (5 минут). Берілген суретті түсіндіру. Қолдану, талдау
Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру.
VІI. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (10 минут). Жинақтау
1
|
Білу
|
Күн жүйесінде неше планета бар?
|
|
2
|
Түсіну
|
Планеталарды Күннен қашықтығы жөнінде орналастыр?
|
|
3
|
Қолдану
|
Жер өз өсін және Күнді неше тәулікте айналып шығады?
|
|
4
|
Талдау
|
Зодиак шоқжұлдыздары нешеу және олар қалай аталады?
|
|
5
|
Жинақтау
|
Күнді сипаттап бер?
|
|
6
|
Бағалау
|
Адам баласы үшін Күн қаншалықты қажет?
|
|
Жасаған жұмыстарын «Бағдаршам» арқылы бағалау ( жасыл-жақсы, сары-орташа, қызыл-төмен).
VIІI. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ) (3 минут). Бағалау
Кейінгі тапсырмалар
|
Эссе жазу
|
Кейінгі оқу
|
§ 12,13. Планеталардың қозғалысы. Күннің жылдық қозғалысы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |