Сабаққа қойылатын талаптар Не бағаланады



Дата18.02.2017
өлшемі55,42 Kb.
#10128
түріСабақ
Сабақтың сапасын бағалау критерийлері

Жангулова Айхан Газизовна

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі



Сабаққа қойылатын талаптар

Не бағаланады

1. Мұғалімнің мақсатты тұжырымдау сапасы, мақсатты тұжырымдауда оқушылар қабілеттерінің дамуы.


Мұғалімнің білім беру мақсаттарын қоя білуі, сол мақсаттардың бағадарламамен, оқушылардың даму деңгейі мен мүмкіндіктеріне сәйкес келуі. Мақсаттың диагностикалылығы. Оқытудың міндетті қорытындысын ұйымдастыру және беру формалары. Оқушылардың топтық және жекеше мақсатты тұжырымдаулары. Барлық оқушылардың мақсатты тұжырымдаудағы қабілеттерін дамыту.

2. Сабақтың мазмұны, сабақтың мақсатымен сәйкес келуі.


Сабақтың мазмұны оның білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарымен сәйкес келуі. Сабақтың мазмұнын көлемі мен күрделілігіне сәйкес таңдау. Мазмұнды оқумен және өмірмен негіздеу.


3. Сабақтың түрі мен құрылымы. Оның кезеңдерінің өзара байланысы және аяқталуы.


Сабақтың түрін таңдау. Сабақ құрылымының тиімділігі және икемділігі, оның мәселенің ерекшелігіне, орындалу құралдарына және оқытудың жүзеге асатын жағдайына тәуелділігі.

Сабақ кезеңдерінің бар болуы және олардың логикалық байланысы, нақты аяқталуы.




4. Әдіс-тәсілдерді, педагогикалық техникаларды таңдау.


Әдістердің, педагогикалық техникалардың, тәсілдердің сабақтың мазмұны мен мақсаттарына, сыныптың, оқушылардың ерекшеліктеріне сәйкес келуі. Оқытудың белсенді әдістерін қолдану (сын тұрғыдан ойлау, зерттеу, диалогтік оқыту, жобаны зерттеу, ойын, интербелсенді әдісі).

Есте сақтау, зейін, ойлау, елестету қабілеттерін дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану. Әдістердің, тәсілдердің құзыреттілігі.




5. Оқу-танымдық әрекет түрін таңдау.


Оқушылардың жекеше, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыс түрлерін тиімді үйлестіру. Әрбір оқушыны белсенді әрекетке қосу. Сабақтағы жұмыс түрлері мазмұнына, міндеттеріне және әдісіне сәйкес келуі.


6. Қарым-қатынас стилі, сабақтағы ынтымақтастық.


Мұғалімнің түсінікті және директивті – түсінікті қарым-қатынас стилін қолдануы. Сабақта психологиялық жайлы, табыс жағдайын құруы және қолдауы. Мұғалімнің оқушы жағдайының өзгеруіне жедел әрекет етуі, пайда болған мәселелерді шешуі, дау-жанжалдың алдын алуы. Оқушыны, оның ой-пікірі мен сұрақтарын, байқап көру және қателерін сыйлау. Мұғалім мен оқушының, оқушылардың ынымақтастығы.


7. Оқытудың түрлі құралдарын қолдану.


Оқытудың түрлі құралдарын тиянақты және ұқыпты қолдануы (компьютерді, бейне- аудиоматериалдарды, оқу көрнекті құралдарын, әдебиеттерді, …).

8. Оқу қызметін саралау және дараландыру.


Мұғалімнің әр деңгейлік тапсырмаларды дайындау және қолдануы бойынша жұмысы, қолдану технологиялылығы.Оқушыларға жұмыс қарқындығын, түрлерін және формаларын таңдауға мүмкіндік жағдайын құруы. Жеке оқушылардың ИСУД ерекшеліктерін ескеруі.


9. Уәждеме тәсілдерінің әр түрлілігі, олардың тиімділігі. Оқушының жеке бас - мағыналық аясының қалыптасуы.


Қорытындыға, әрекетке бағытталған түрлі уәждеме әдістерін қолдану: танымдық, эмоционалды, еріктік, әлеуметтік. Өтетін материалдың оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай өмірмен және қызығушылықтарымен байланыстыру. Мазмұнның қолданбалы аспектілеріне ерекше мән беру. Адам әрекетінің сұлулығы мен тиімділігін көрсету. Оқу материалына және оқу барысына деген жеке бас-мағыналық қарым-қатынастың қалыптасуы, бүгінгі және кейінгі өмірі үшін оқудың пайдасын түсіне білуі.


10. Сабақтың валеологиялық бағыты.


Сабақтың валеологиялық мазмұны. Оқушылардың шаршағандықтарының және оның төмендеуінің элементарлық диагностикасы; оқу жүктемесін мөлшерлеу; шамадан тыс ынтаны, теріс эмоцияларды, қысымдарды түсіру; қолайлы ахуал; саралау (дифференциация); санитарлық-гигиеналық жағдай. Өздігінен білім алу үлесін көтеру есебінен, назарларын ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне аудару, жүктемені топтық бөлу есебінен оқушылардың жұмыстарын жеңілдету.


11. Негізгі құзыреттердің қалыптасуы мен дамуы.


Пәндік және ОУУН мақсатты тұжырымдауды қалыптастыру (1-4 сынып), дамыту (5-11 сынып). Негізгі құзыреттерді қалыптастыру (5-9 сынып) және дамыту (10-11 сынып), мұғалімнің басқа мұғалімдермен, сынып жетекшісімен әрекеттестігі. Өздік білім алу дағдыларының, өз бетінше танымдық қабілеттерінің білім және білік дамушылығы. Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, барынша дербестігін қамтамасыз ету.


12. Оқушылардың адамгершілік және шығармашылық қабілеттерінің дамуы.



Арнайы тапсырмаларды, мәтіндерді, ақпараттарды және тәрбиедегі ситуациялық тәсілдемені қосу арқылы оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді дамыту. Оқушылардың дербестігі мен жауапкершілігін дамыту. Жүйеде шығармашылық тапсырмалардың көлемін оқушылардың орындауына қарай аз-аздап көбейту.


13. Кері байланысты ұйымдастыру, оқушылардың диагностикасы. Оқушылардың әрекеттерін бағалау. Білімі мен іскерлігін ұжымдық және жекеше өзін-өзі бағалау



Үй жұмысын орындау технологиялылығы, жаңа тақырыпты игергендігін тексеруді ұйымдастыру. Игеру сапасын кезең-кезеңмен бақылау. Қорытынды шығарудың түрі, адекваттығы, жүйелілігі және оқушылардың сабақтағы әрекеттерін бағалау. (Тек қана баға қою арқылы емес, мазмұнды мінездеме арқылы да бағалау; сыныптың алға басуын, пән бойынша жеке оқушыларды және өте маңызды қабілеттерінің дамуын бағалау). Ұжымдық және жекеше өзін-өзі бағалау.


14. Сабақтың мақсатына жетудегі және оқушылардың жағдайының нәтижесі. Оқушылардың рефлексиясы.


Әрбір оқушының сабақтың білімділік мақсатына жету деңгейі. Оқушы рефлексиясының түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану тиімділігі. Сабақтан кейінгі оқушылардың психофизиологиялық жағдайы. Оқушылардың жайдарлылығы.


15. Мұғалімнің кәсіби рефлексиясы.



Мұғалімнің кәсіби рефлексиясының деңгейі, сабақтағы өз әрекетінің жетістіктері мен кемшіліктерін сауатты таллдай білуі, оны әділ бағалай білуі.




Білімннің сапасы – бұл ең біріншіден сабақтың сапасы, оның нәтижелілігі.

Сабақ оқушының өмір сапасын анықтайды, мұғалімнің өмір сапасына әсер етеді.

Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет