Б.Момышұлы атындағы №25 орта мектеп
Ашық сабақ
8 санының құрамы
Бастауыш сынып мұғалімі: Кужахметова Ж.О
Математика
Сабақтың тақырыбы: 8 санының құрамы
Сабақтың мақсаты: 8 санының құрамын түсіндіру.
Білімділігі : 8 санының және құрамын анықтау. Қосу және азайтудың әдістерімен таныстыру. Оқушылардың білім, білік дағдыларының деңгейін есепке алу.
Дамытушылығы : Оқушылардың есте сақтау қабілетін , математикалық тілін дамыту. Өздік шығармашылыққа баулу. Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Көре білуге, байқағыштыққа баулу.
Тәрбиелілігі : Есептеу дағдысын арттыру , қалыптастыру. Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, өз бетімен жұмыс істеуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, есептер, кесінділер, кесте.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, қайталау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ, ойын сабақ, таным сабақ.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
- Сабаққа дайындығын тексеру.
Қабат-қабат қапталған,
Асыл сөзбен апталған.
Ол қазына өлмейтін,
Кітаптарың дайын ба ?
Ұшымен қазық,
Торкөзді азық.
Үстінен өттім,
Асыл сөз жазып.
Дәптерлерің дайын ба ?
Денесі бар шыбықтан,
Темір тұмсық құдықтан.
Ойы із боп түсетін,
Қаламдарың дайын ба ?
Денесі бар тақтайдай,
Өзінде бойы жазылған.
Түзу сызық беретін,
Сызғыштарың дайын ба ?
-Сабаққа дайындау.
- Балалар , мен бүгін сендердің әдемі келбеттеріңді көріп, қуанып тұрмын. Бұл сабақта сендер , менімен бірлесе отырып, жаңалыққа тап боласыңдар деп ойлаймын. Дұрысталып отырып, менімен бірге қайталаңдар.
- Мен мектептемін, мен сыныптамын. Мен осыған қуанамын. Менің зейінім артып жатыр. Есте сақтау қабілетім мықты. Мен бәрін білгім келеді. Мен сабаққа дайынмын.
ІІ. Қызығушылығын ояту. Сөзжұмбақ «Сегіз»
О
Қ Т
О Т Б Ы
С Е Г І З
У Ң Р
+ қандай амал ?
4 пен 4 қандай сан?
Екінің көршісі
20+10= ?
ІІІ .Өткен сабақты пысықтау:
Біздер өткен сабақта 8 санын және цифрын білдік.
8 саны қай санның артында тұрады? ( 7 )
Қазақ халқында 7 саны қандай сан деп айтады?
Топтастыру
Ата
Әке
Дүйсенбі
Сейсенбі
7 ата
7 күн
Жексенбі
Сәрсенбі
Шөпшек
Бала
Сенбі
Бейсенбі
Немере
Шөбере
Жұма
Сұлу әйел
7 қазына
Ер жігіт
Берен мылтық
Ақыл, білім
Жүйрік ат
Жүйрік тазы
Қыран бүркіт
ІУ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
- Балалар , тақтада не көріп тұрсыңдар ?
- Киіз үйлерді.
- Киіз үйлер қай ауылдікі екен ?
- Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
- Осы ауылдарға қонаққа барамыз.
У. Жаңа сабақ:
1. "Ата" ауылының тапсырмасы. «Із кесуші» ойыны
8=7+1 8=2+6 8=5+3 8=4+4
7+1=8 6+2=8 5+3=8
8-1=7 8-2=6 8-3=5
2." Әке " ауылының тапсырмасы. «Қайталау» ойыны
Кесінділердің ұзындығын өлше. Салыстыр.
---------------------------- 8 см
---------------------- 7 см
-------------- 5 см
3. " Бала " ауылының тапсырмасы. «Оза оқимыз»
2+1 = 4-2 = + = - =
4."Немере" ауылының тапсырмасы. «Салыстыр» ойыны
0*8 8см*6см 5*8 3см*8см
8*8 8см*8см 8/7 8см*5см
8-5*7-4 2+4*8-3 8-4*0+3
7-4*8-5 8-3*2+4 0+3*8-4
5."Шөбере" ауылының тапсырмасы.
Сергіту сәті. "Жоғалған сандарды тап" ойыны.
2 ? 4 ? 6 ? 8 ? 10 ? 12 ? 14 ? 16
6."Шөпшек" ауылының тапсырмасы. «Әдемі жазу» ойыны
Дәптермен жұмыс
УІ.Білімдерін бекіту
"Немене" ауылының тапсырмасы. «Үйлерге орналастыр» ойыны
8
7+1
6+2
5+3
4+4
3+5
2+6
1+7
0+8
УІІ. Қорытынды. Мадақтау
Достарыңызбен бөлісу: |