Бекітемін
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
_______М.Ерманова
Сабақ жоспары № 24
Пәні: Қазақ тілі Мерзімі __________
Тобы: ООГХ-30
Сабақтың лексикалық тақырыбы: Қазақтың кіндік қаласы
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Септік жалғаулары
Сабақтың эпиграфы: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім білім алушының өзін ізденуге жетелейді»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: студенттерді қазақ жерінің кіндігіне ақ ордасын тіккен жаңа Астана туралы деректермен білімдерін дамыту. Септік жалғаулары туралы білімдерін жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы толықтыру;
Дамытушылық: студенттердің алған білім дағдыларын, есте сақтау дағдыларын, логикалық ойлау қабілетін, әдеби тілде өзіндік ойларын жеткізе білу тілін дамыту;
Тәрбиелік: Отанын қастерлеуге, қадірін терең ұғынуға тәрбиелеу. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: шығармашылық, танымдық әрекетті дамыту, саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, оқыту, іздендіру, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, «Астанаға саяхат» бейнеролигі, Астана қаласы туралы буклет, флипчарт, тест, оқулық.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, Қазақстан тарихы
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Астана қаласы туралы бейнеролик көрсету.
ІІІ. Жаңа сабақ. «Миға шабуыл».
ІV. Астана қаласына саяхат.
V. Бекіту. Тест.
VІ. Қорытындылау.
VІІ Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма.
І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Кезекшімен тілдесу. Студенттердің сабаққа даярлығын тексеру.
Оқытушының кіріспе сөзі: - Балалар, сабағымызды бастамас бұрын, бейнеролик көрсек деймін.
ІІ. Астана туралы бейнеролик көрсету.
- Балалар, біз жақында қандай айтулы мерекені атап өттік?
- Ия, біз еліміздің Тәуелсіздігінің 25-жылдығын атап өттік. Ал Астана – еліміздің бас қаласы, еліміздің жүрегі. Ия, балалар, олай болса, біздің бүгінгі сабағымыз Астана қаласының құрметіне арналмақ.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту. Студенттерге сабақтың тақырыбын, мақсатын айту. Бүгінгі сабағымыз күндегі сабағымыздан өзгешелеу, яғни саяхат сабақ түрінде өтеді.
«Миға шабуыл»:
Балалар, Астана дегенде естеріңе не түседі? (Бәйтерек, Ақ Орда, Ханшатыр, «Нұр Астана» мешіті)
Астана қандай қала? (Жас, әдемі)
Астана рәмізі «Бәйтеректің» ұзындығы не себептен 97 метр? (1997 жылы астана Ақмола қаласына көшірілді)
Астана қаласындағы өзен қалай аталады? (Есіл)
Ал, енді біз Астана қаласына сырттай саяхат жасаймыз.
ІV. Астана қаласына саяхат:
1-аялдама: “Думан” ойын-сауық орталығы. Балалар, біз бұл аялдамаға жету үшін бірнеше тапсырма орындауымыз керек. Ең алдымен ертегіні тыңдап, тапсырманы орындаймыз.
Септік атаның жеті баласы болыпты, бірақ қайсысы бірінші туғаны есінде жоқ. Көмектесейік балалар. Септіктерді ретімен дұрыс атау. «Думан» сөзін септеу және сөйлем құрастыру.
Тапсырманы жақсы орындадыңдар. Енді “Думан” ойын-сауық орталығы туралы өздеріңнің ойларыңды ортаға салыңдар.
«Думан» ойын-сауық орталығы – мұхитарал, кинотеатр, дәмханалар жүйесі мен залдардан тұрады. “Думан” ойын-сауық орталығына да келіп жеттік.
2-аялдама: «Бейбітшілік және келісім сарайы» орталығы. Бұл аялдамаға жету үшін келесі тапсырманы орындауымыз керек.
«Ой шақыру»: Сөзжұмбақ шешу. 3 мин
1.Әкеңнің әкесі.
2.Үшінші септік.
3.Астананың рәмізі.
4.Ең жақын адам.
5. «Ескі» сөзінің синонимі.
6. Қазақстан Республикасының үшінші астанасы.
- Балалар қаңдай сөз шықты? - Астана
- Міне, балалар, Бейбітшілік пен келісім сарайына да келдік.
Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайы сияқты сәулет нысандары бүкіл әлемде жоқ.
3-аялдама: «Ақ Орда». Осы аялдамаға жету үшін де тапсырмалар орындауымыз керек. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру.
Қазақтың кіндік қаласы
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астана. 1997 жылы астана Ақмола қаласына көшірілді. 1998 жылы Ақмола қаласының аты Астана деп өзгертілді. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан. Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, “Интерконтиненталь” қонақ үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер салынды. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қала тұрғындарының саны 518 мың адам. Астана – болашағы үлкен қала.
Президент сарайы «Ақорда» Есілдің сол жағалауында орналасқан. Ақорда ғимараты 2004 жылы салынып біткен. Ғимараттың биіктігі 80 (сексен) метр. Ол 7(жеті) қабаттан тұрады.
1.Астана қаласы Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
2.Есіл өзенінің бойында қандай ғимараттар бар?
3.Парламент үйінің алдында кімдерге арналған ескерткіш бар?
4.Астана қаласында қанша ұлт өкілдері тұрады?
Достарыңызбен бөлісу: |