Біз жетімдер үйін жоқ Қылу үшін не істей аламыз?



Дата18.05.2020
өлшемі329,62 Kb.
#69347
Байланысты:
БІЗ ЖЕТІМДЕР ҮЙІН ЖОҚ ҚЫЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕЙ АЛАМЫЗ

БІЗ ЖЕТІМДЕР ҮЙІН ЖОҚ ҚЫЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕЙ АЛАМЫЗ?


ДАЙЫНДАҒАН:

АҚКӨРКЕМ,ҮКІЛІМ


Қазір елімізде шамамен 300 мың бала балалар үйіне түсудің алдында тұр екен. Баласынан бас тартатындар мен жағдайы жаман отбасылармен жұмыс істейтін, балалардың өз үйіне бақытты болуын қамтитын жүйе жоқ. Оның орнына мемлекет бұл мәселенің салдарымен ғана күресіп келеді: балалар үйін қаржыландырады.

  • Балалар үйінде бір баланы асырауға бюджеттен 180 000 теңге бөлінеді.
  • Патронаттық қамқорлықтағы балаларға небәрі 30 000 – 40 000 теңге бөлінеді.
  • Туған-туысқандарының қолына берілген балалар үшін 18 000 теңге бөлінеді.

БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІМ ҚАЛУ СЕБЕБІ:

  • Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 140 мыңнан асады. Бұл балалардан да ата-анасы бас тартуы әбден мүмкін. Тағы 130 мың бала көпбалалы отбасыларда тұрады. Кішкене қиындық, не дағдарыс туа қалса, ол балалардан ата-аналары бас тартуы мүмкін.

ШОЛПАН БАЙБОЛОВАНЫҢ АЙТУЫНША:

  •  Біздің «Бала отбасында тұруы керек» атты қозғалысымыз осы мәселенің шешімдерін қарастыруда. Алдын алу жүйесін дамытуымыз керек. Өмірлік жол мен жағдайы қиын отбасыларға бағытталған арнайы әлеуметтік жүйе керек. Арнайы әлеуметтік-психологиялық қызметтер ондай отбасыларға көмек көрсетуі тиіс. Көп жағдайда ондай отбасыларды оңалтып, баланы қайтадан үйіне қайтаруға болады, бұл ең бірінші мақсат болуы тиіс. Егер өз ата-анасына қайтару мүмкін болмаса асырап алатын отбасылар жағын қарастыру керек. Бұл өте қарапайым тетік, әлеуметтік саясаты жақсы дамыған елдердің барлығында осындай жүйе жұмыс істейді. Ондай нәрсе бізде енгізілсе, артық болмас еді.

БІЗДІҢ ОЙЫМЫЗША БАЛАЛАР ҮЙІН АЗАЙТУ ҮШІН:

  • ХАЛЫҚТЫ ҚЫРЖЫЛАНДЫРУ КЕРЕК
  • ҚЫЗҒА ДА ҰЛҒА ДА КЕРЕМЕТ ТӘРБИЕ БЕРУ ҚАЖЕТ(ҚЫЗҒА ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЙЫМ) СОНДА БАЛАР ҮЙІ ЖОЙЫЛМАСА ДА АЗАЯДЫ
  • БАЛА БАҒУДАН ҚАШАТЫН ЖАНДАРҒА,БАЛАНЫ ДАЛАҒА ТАСТАЙТЫН АДАМДАРҒА ҚАРСЫ ЗАҢ ОЙЛАП ТАБУ ҚАЖЕТ

ЖЕТІМ БАЛАЛАР 2014-ЖЫЛҒЫ ЕСЕПТЕУДЕ:

  • Балалар үйлерінде – 11 000
  • Патронатта – 2000
  • Туысқандарының қамқорлығында – 22 000.

Кей балалардың әке-шешесі тірі, бірақ қарайласа алмайды. Мысалы, түрмеде отыр. Ондай балалар асырап алуға берілмейді, тек уақытша қамқорлыққа беріледі, әрі оларды ешкім қаржыландырмайды. Мемлекет ондай балалар мен оның туысқандарына көмек бермейді. Сондықтан туысқандары үшін ондай баланы асырағаннан гөрі балалар үйіне тапсыра салған тиімдірек. Сарапшылардың пікірінше, мемлекет мұндай алдын алу жүйесімен айналыспайынша, қараусыз қалған балалар саны азаймайды.
  • Ресми деректереге сүйенсек, 80 мыңнан астам жетім балалар бар екен. Қаншама мың сәби үкімет қамқорлығында өсіп, ер жетуде. Әйткенмен, он сегізге толып, кәмелеттік жасты толтырғаннан кейін ол баланың болашағы не болмақ? Жетімдер үйінен кеткеннен кейін, бірі жалданып күнделікті нанын тапса, енді біреулер қылмыс жасап, бұзақылықпен айналысады. Сондықтан да, түрмеге түскендердің көпшілігі жетімдер үйінен шыққандар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалар болады екен. Әрине, жанашыр жақыны жоқ, бесікте жатып анасының ақ әлдиін, әкесінің тәрбиесін көрмеген бала қандай болмақ?! Бір айта кетерлігі, балалар үйінің болғаны жақсы, бір жағынан жаман. Себебі, көп аналар өз балаларын жетімдер үйіне апарып, «Балалар үйі» барғой, солар қамқор болады деген сеніммен тастап кетіп жатады. Сол себепті де жетім қалған балалардың саны күн санап өсіп келеді. Дана халқымыз «Балалы үй — базар, баласыз үй қу базар» деп, баланың көптеп дүниеге келуін тілеп, ұрпағының көбейіп, шағырағының кеңейгенін жақсылыққа балаған.

1999 жылдан бері шетелдік азаматтар 8169 қазақстандық баланы бауырына басыпты. Бұл – асырап алынған (37 450 бала) балалардың жалпы санының 21,7 пайызы. Ал соңғы он жылда 28 829 (77,1 пайыз) баланы қазақстандықтар және 452 (1,2 пайыз) баланы олардың шетелдердегі туыстары асырап алыпты. «Өткен жылы 3 мыңнан астам жетімдер өзінің жаңа отбасын тапса, тағы да 1 мыңнан астам адам бала асырап алғысы келетіндердің кезегінде тұр», – деді Жансейіт Қансейітұлы. Айғақ болатын тағы бірер сандарды келтірелік. Он жыл ішінде жәудіркөз жетімдер әлемнің 30 еліне әкетілген. Біздің жетімдерімізді асырап алудан бірінші орында – АҚШ (6406 бала), екінші орында – Испания (600), үшінші орында Бельгия (343) тұр. Одан әріде немістер – 173, канадалықтар – 167, ирландықтар – 140, француздар 131 жетімімізді асырап алған. Енді мынадай бір қызық дерекке назар аударалық. Шетел асқан 8169 тұл жетімдердің 3752-сі – қазақтар (45,9 пайыз), 4057-сі – орыстар (49,7 пайыз) және 360-ы басқа ұлттар (4,4 пайыз) екен

  • 1999 жылдан бері шетелдік азаматтар 8169 қазақстандық баланы бауырына басыпты. Бұл – асырап алынған (37 450 бала) балалардың жалпы санының 21,7 пайызы. Ал соңғы он жылда 28 829 (77,1 пайыз) баланы қазақстандықтар және 452 (1,2 пайыз) баланы олардың шетелдердегі туыстары асырап алыпты. «Өткен жылы 3 мыңнан астам жетімдер өзінің жаңа отбасын тапса, тағы да 1 мыңнан астам адам бала асырап алғысы келетіндердің кезегінде тұр», – деді Жансейіт Қансейітұлы. Айғақ болатын тағы бірер сандарды келтірелік. Он жыл ішінде жәудіркөз жетімдер әлемнің 30 еліне әкетілген. Біздің жетімдерімізді асырап алудан бірінші орында – АҚШ (6406 бала), екінші орында – Испания (600), үшінші орында Бельгия (343) тұр. Одан әріде немістер – 173, канадалықтар – 167, ирландықтар – 140, француздар 131 жетімімізді асырап алған. Енді мынадай бір қызық дерекке назар аударалық. Шетел асқан 8169 тұл жетімдердің 3752-сі – қазақтар (45,9 пайыз), 4057-сі – орыстар (49,7 пайыз) және 360-ы басқа ұлттар (4,4 пайыз) екен

2015-ЖЫЛЫ БІРДЕЙ 7 ЖЕТІМДЕР ҮЙІ ЖАБЫЛДЫ

  • АЛ,ЖЕТІМДЕР САНЫ 100МЫҢҒА КЕМІДІ

Патронат- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы шарт бойынша басқа азаматтардың отбасына тәрбиелеуге беретін тәрбиенін бір түрі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет