Батыс Еуропа елдері



бет1/2
Дата06.02.2022
өлшемі20,95 Kb.
#81816
  1   2
Байланысты:
лекция 9 каз


Батыс Еуропа елдері

Батыс Еуропа аймағына Еуропаның батыс бөлігіндегі Ұлыбритания, Ирландия, Франция, Германия, Швейцария, Бельгия, Нидерланды, Австрия және бірнеше ұсақ елдер кіреді. Ұлыбритания мен Ирландия материктегі елдерден жіңішке Ла – Манш бұғазы арқылы бөлініп жатыр. Батыс Еуропа ежелден – ақ шаруашылық пен өркениеттің барынша өркендеген аймағы болып саналады.


Батыс Еуропа елдерінің табиғат жағдайына Атлант мұхитының тигізетін ықпалы өте зор. Британ аралдарының оңтүстігі мен материктегі елдердің солтүстігін жазық жерлер алып жатыр. Ойпаттардың теңіз деңгейінен биіктігі 50 – 100 м – ден аспайды. Мұндай жерлердің су астында қалу қаупі жоғары. Сондықтан жергілікті халық ежелден бері құнарлы жерлерді теңіз суы басып кетпеуі үшін тастан, құмнан және бетоннан бөгеттер жасап келеді. Солтүстік теңіз жағалауындағы осындай жерлер марш, ал Нидерланды жерінде польдер деп аталады. Бұл жерлерді шалғындар мен бау – бақшалар алып жатыр. Ал осы аймақтағы гүл плантацияларында өсірілген раушан гүлі мен қалампыр, қызғалдақ көптеген елдерге сатылады. Су деңгейінің кенет көтерілуінен кейде алай – түлей теңіз толқындары жүреді. Мысалы, 1953 жылы болған су тасқыны кезінде үйлер мен жолдар бұзылып, ауыл шаруашылығына үлкен зиян келген, адам шығыны болған.
Жазықтар оңтүстігі мен шығысқа қарай биіктеп, қыраттар мен үстірттерге, аласа тауларға, одан әрі Еуропаның ең биік тау жүйесі – Альпіге ұласады. Таулы жер бедері Британ аралдарының солтүстігіне де тән. Ойпаттар мен теңіз түбіндегі шөгінді жыныстарда мұнай мен табиғи газдың кен орындары бар. Сонымен қатар бұл елдердің қойнауы тас көмір, темір, түсті металл, калий тұзы кендеріне бай болып келеді. Бұл аймақ Атлант мұхитынан келетін ауа массаларының ықпалында болатындықтан Британ аралдары мен жағалаудағы елдерде климат қоңыржай теңіздік сипатта болады. Қысы жұмсақ, жазы салқын, жаңбыр ұдайы жауып тұрады.
Ауа райы құбылмалы, тұманды, желді келеді, ашық күндер аз болады. Шығысқа қарай климат біртіндеп өтпелі, одан әрі қоңыржай континентті климатқа ауысады. Биіктігі орташа таулардың өзінде қыс қыс салқындау болады, жауын – шашын таулардың батыс беткейінде молырақ түседі. Қыста тауларда бірнеше ай қар жатады. Таулардан мол сулы өзендер ағып шығады, олардың бойында осы аймақтағы ірі қалалар мен елді мекендер орналасқан. Батыс Еуропа елдерінің басым бөлігінде орманның қоңыр топырағы таралған, мұнда емен, шамшат, шегіршін ағаштарынан тұратын жалпақ жапырақты ормандар өседі. Таулы аудандарда шырша мен самырсын құрайтын қылқанды ормандар таралған. Жазықтардағы ормандардың көбі әлде қашан кесілген, жануарлар дүниесі адам әсерінен кедейленген. Олар тек қорықтарда ғана сақталып қалған.
Батыс Еуропа – дүние жүзіндегі ең жоғары дамыған елдердің шоғырланған аймағы. Аймақта халық тығыз қоныстанған, олардың басым көпшілігі қалаларда тұрады. Халықтың ұлттық құрамы да күрделі. Батыс Еуропада адамзат тарихындағы алғашқы ірі өнеркәсіп орталықтары пайда болған, сондықтан аймақта орналасқан елдерде өнеркәсіп күшті дамыған. Қазіргі кезде бұл елдерде шығарылатын реактивті ұшақтар, автомобильдер (« «Мерседес», «Рено», «Ауди», «Пижо»), күрделі электрондық техника (компьютерлер, есептегіш құралдар) дүние жүзіне әйгілі. Швейцарияда жасалатын сағаттар өте дәлдігімен, сапалылығымен аса жоғары бағаланады. Батыс Еуропа банктерінде әлемнің көптеген елдерінің ақша қаржысы мен алтындары сақтаулы. Аймақтың табиғат жағдайлары ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы. Ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруда ғылым мен техниканың ең соңғы жаңалықтары қолданылады. Сондықтан бұл саланың да даму дәрежесін өте жоғары деңгейде.
Батыс Еуропа елдерінің табиғи және тарихи – мәдени ескерткіштерін көріп, тамашалау үшін, жанға жайлы табиғатының аясында емделіп, демалу үшін бұл аймаққа жыл сайын әлемнің көптеген елдерінен миллиондаған туристеримен демалушылариағылады.
Әлемнің сан алуан елдері бір – біріне мүлдем ұқсамайды және әрқайсысының өзіне тән қайталанбас қасиеттері бар. Мәселен, жер аумағы мен географиялық орналасуы, халқының саны мен құрамы, табиғат ресурстары мен шаруашылық салалары, әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі мен оның сипаты, т.б. белгілеріне қарай ерекшеленеді. Осы себепті оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау арқылы жекелеген түрлерге бөлеміз. Әдетте, елдердің жалпы әлеуметтік — экономикалық деңгейі мен өнеркәсіптік қатынастарының даму дәрежесіне негіздеп саралау басым. Бұл негіздемелер елдерді типке бөлудегі басты белгілер болғаны мен, оны біз мәңгілік өзгермейтін ұстаным деп есептеуімізгеәсте болмайды. Сонымен қатар қазіргі құбылмалы дүниеде оның бір түрінен екіншісіне өту немесе қайта оралу процестері нақтылы түрде болып отыр.
Барлық топтағы елдерді дүние жүзінің саяси картасында типологияға бөліп жіктеу Қазан революцисынан кейін, әсіресе жүйелі түрде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өзгерістерге байланысты әр түрлі саяси – қоғамдық құрылыстар негізінде пайда болды. Елдерді өткен ғасырдың соңғы онжылдығына дейін үш типке бөліп келді: социялистік, дамыған капиталистік, дамушы елдер.
Жалпы экономикалық – географиялық типологияға статистикалық сандық көрсеткіштер негіз етіп алынғанымен де, бұл кешенді түрдегі географиялық типология.
Әдетте, дүние жүзі елдерінің экономикасының әлеуметтік құрылымында шаруашылықтың белгілі бір сферасы басымдық көрсетеді. Мәселен, дамыған елдерде басты орынды өңдеуші, әсіресе бастаушы және қызмет көрсету секторлары алады. Ал дамушы елдердің барлығы дерлік тарихи жағынан бұрынғы отар немесе жартылай отар елдер юолғандықтан, шаруашылығы көп укладты әрі онда ауыл шаруашылығы (орман, балық т.б.) және өндіруші (отын, шикізат т.б.) өнеркәсіп салалары басым болады. Мәселен, көмірсутек экспорттаушы елдер (Біріккен Араб Әміршілігі, Кувейт, Бахрейн, т.б.). осы себепті оларды аграрлық, болмаса, минерал – шикізаттық мамандану мен әлемдік экономикалық жүйеге бағыныштылығы орын алады.
Елдердің экономикалық тұрғыдан өсіп – өрлеуі тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің тек сандық қана емес, сапалық жағынан да қарастырады. Негізінен, дамушы елдерге тән экстенсивті жолымен дамудан, интенсивті типтегі дамыған елдерде еңбек өнімділігі аса жоғары. Олар мұндай нәтижеге өндірісті ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру,ҒТП мен технологияның озық түрлерін пайдалану және жұмыс күшінің мамандану дәрежесін арттыру арқылы жетіп отыр. Осы екі тип елдерінің сыртқы сауда байланысыныңтжалпы көлемдері, оның қатынас түрлері мен құрылымдары да әрқалай. Дамыған елдерде экспортқа дайын өнімдер, озық технология, капитал шығару мен қызмет көрсету басым болса, ал дамушы елдерге отын, шикізат, азық – түлік тауарларын шығару және инвестиция тарту, сол сияқты жұмыс күшімен қамтамасыз ету, оның ішінде «ақыл – ойдың сытылуы» тән. Әсіресе экономикалық жағынан өсіп – өркендеуіне сыртқы сауда айналымы үлкен ықпал етіп отырған «ашық экономикалы» елдер бұл жағынан айрықша орында. Дамушы елдер топтарына берілген саяси – экономикалық анықтамаларда «социалистік бағыттағы» елдер туралы сипаттама ескерілмеген. Жалпы салыстырмалы түрде өткен ғасырдың 70 – 80 жылдарында олардың саны дүние жүзі елдері бойынша 20 – дан астам болатын.
Қазір бұл елдердің көпшілігі социализмнің болашағының жоқ екенінен әрі өздерінің саяси – әлеуметтік дамуы мен ішкі факторлардағы келіспеушілігінен социалистік бағытты ұстаудан ресми түрде бас тартты. Ал кейбір елдер ұлттық экономикасының құлдырауынан, азамат соғыстарының ұзаққа созылуынан, бүркемелі түрдегі шетелдік басқыншылықтың өрістеуінен, бұрынғы Кеңес Одағы және социалистік жүйедегі, т.б. елдерден берілетін қаржы – экономикалық және басқадай көмектің (әскери, техникалық) қысқартылуынан, т.б. осы сынды себептерге байланысты олар да социализмнен бас тартуға мәжбүр болды. Қазіргі кезде социалистік бағытты ұстанып отырған дамушы мемлекеттер дүние жүзінің саяси картасында іс жүзінде жоққа тән.
Сонымен, қазіргі дүние жүзі елдерін, әлеуметтік – экономикалық даму деңгейіне қарай: экономикасы дамыған және дамушы мемлекеттер деп екі түрге ажыратамыз. Бұлайша саралаудың мәні – оларды жалпы тану тұрғысында ғана емес, халықаралық ұйымдардың осы типтердегі жекелеген елдер топтарының даму проблемаларын зерттеп білу мен оны шешу үшін ұсыныстар беруде де практикалық маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет