Сұйық дәрілік қалыптар. Сулы ерітінділер-нағыз ерітінділер. Сулы ерітінділердің жеке технологиясындағы ерекшеліктер. Сұйық дәрілік түрлерді микстураларды бюреткалық жүйе арқылы дайындау. Концентрлі ерітінділер
Сұйық дәрілік қалыптар. Сулы ерітінділер-нағыз ерітінділер. Сулы ерітінділердің жеке технологиясындағы ерекшеліктер. Сұйық дәрілік түрлерді микстураларды бюреткалық жүйе арқылы дайындау. Концентрлі ерітінділер.
Сұйық дәрілік қалыптар. Сулы ерітінділер-нағыз ерітінділер. Сулы ерітінділердің жеке технологиясындағы ерекшеліктер. Сұйық дәрілік түрлерді микстураларды бюреткалық жүйе арқылы дайындау. Концентрлі ерітінділер.
Сұйық дәрілік қалыптар - дәрілік зат сұйық дисперстік ортада еріген жүйе. Дисперсологиялық жіктелуі бойынша сұйық дәрілік қалыптар еркін дисперстік жүйеге жатады. Бұл қалыпта дәрілік зат барлық үш агрегаттық: қатты, сұйық, газ тәрізді күйде бола алады.
кейбір препараттарды, мысалы, бромидтерді тек сұйық дәрілік қалып ретінде босату керек, себебі, бромидтер ұнтақ түрінде асқазанның шырышты қабатында жоғары концентрация түзіп, тітіркендіргіш әсер көрсетеді;
қолдануы карапайым және қолайлы;
ащы дәмді дәрілік заттардың дәмін жасыруға болады.
Кемшіліктері: Нағыз ерітінділер. Нағыз ерітінділер екі дисперсті жүйеде болады:
- молекулалы-дисперсті жүйелер, бөлшектерінің өлшемі 1 нм -ден кіші. Электролит емес заттардың ерітінділері (қанттың сулы ерітіндісі, спирттің сулы ерітіндісі);
- ионды-дисперсті жүйелер, бөлшектерінің өлшемдері 0,1 нм-ге жақын. Электролит ерітінділері (натрий хлоридінің, магний сульфатының ерітінділері).
Ерітілетін заттың агрегаттық күйіне байланысты нағыз ерітінділер: - қатты заттардың ерітінділері;
- сұйық заттардың ерітінділері;
- газ тәрізді заттардың ерітінділері.