Сұйық дәрілік қалыптар. Сулы ерітінділер-нағыз ерітінділер. Сулы ерітінділердің жеке технологиясындағы ерекшеліктер. Сұйық дәрілік түрлерді микстураларды бюреткалық жүйе арқылы дайындау. Концентрлі ерітінділер


Концентрлі ерітінділердің ерекшелігі



бет7/9
Дата20.10.2023
өлшемі0,76 Mb.
#187003
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Сұйық дәрілік қалыптар. Сулы ерітінділер-нағыз ерітінділер. Сулы ерітінділердің жеке технологиясында

Концентрлі ерітінділердің ерекшелігі:

  • Асептикалық жағдайда және жаңа айдалған суда дайындалады. Барлық қосымша материалдар: өлшегіш цилиндрлер, фильтр қағаздары, мақта-дәке тампондары, тығындар, сақтауға арналған ыдыстар және т.б. алдын-ала зарарсыздандырылады.
  • Концентрациялары қаныққан концентрацияға жетпеуі керек, себебі, температура төмендеген кезде, еріген зат тұнбаға түсуі мүмкін.
  • Концентрлі ерітінділер жақсы тығындалған құтыларда, жарықтан қорғалған жерде, 18-200С температурада сақталады. Құтылар ерітіндінің атауы, концентрациясы, серия нөмері көрсетілген этикеткамен жабдықталады. Сақтаған кезде түсінің өзгеруі, лайлануы, үлпектердің пайда болуы олардың жарамсыз екендігін көрсетеді.
  • Концентрлі ерітінділер 5% және одан жоғары концентрацияда дайындалады. Концентрлі ерітінділер салмақ-көлемдік тәсілмен өлшегіш ыдыста немесе судың қажетті көлемін концентрлі ерітіндінің тығыздығын немесе дәрілік заттың көлем ұлғаю коэффициентін (КҰК) ескеріп, есептеу арқылы жүргізіледі.

Ерітінділердің концентрациясы қажетті концентрацияға сәйкес болмаса, онда оларды нығайтады немесе сұйылтады.
Мысалы:
Solutіo Natrіі bromidi 20% - 1 л
Берілген ерітіндіні үш жолмен дайындауға болады:
1-ші жолы: Өлшегіш ыдыс болған жағдайда, ерітінді белгілі көлемге дейін сумен жеткізу жолымен жүргізіледі. Ең алдымен дәрілік зат мөлшері есептеледі.
Есептеу:
20 - 100
х - 1000 х = 200,0 г натрий бромиді;
Тазартылған су 1л-ге дейін қосылады.
Б.П.
Aquae purіfіcatae quantum satіs
Natrіі bromidi 200,0
Aquae purіfіcatae ad 1000 ml
Vж. = 1000 ml
Технологиясы: Алдын-ала зарасыздандырылған өлшегіш ыдысқа жаңа айдалған тазартылған судың бір бөлігін құяды. Тарирлі таразыда алдын-ала зарасыздандырылған натрий бромидінің 200,0 г мөлшерін өлшеп, осы ыдысқа салады. Шыны таяқшамен араластыра отырып ерітеді. Содан соң ерітінді көлемін берілген көлемге (1000 мл-ге) дейін тазартылған сумен жеткізеді. Дайын ерітіндіні сапалық және сандық талдаудан өткізеді. Дәрілік заттың өзі екендігін, оның сандық мөлшерін тексеріп болған соң, фильтр арқылы тығыны бар қоңыр түсті штангласқа сүзеді. Штанглас ерітіндінің атауы, концентрациясы және талдау, дайындалған күні, серия нөмірлері, сақтау мерзімі көрсетілген этикеткамен жабдықталады.
2-ші жолы: Дәрілік заттың көлем ұлғаю коэффициентін (КҰК) ескере отырып, қажетті су мөлшерін есептеу:
Натрий бромиді үшін КҰК - 0,26 мл/г
200,0 г х 0,26 мл/г = 52 мл,
яғни, ерітіндінің көлемі 52 мл ұлғаяды, сондықтан, судың көлемі:
1000 мл - 52 мл = 948 мл
Б.П.
Aquae purіfіcatae 948 ml
Natrіі bromidi 200,0
Vж. = 1000 ml


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет