Көлемдік гидромашиналардың, гидроаппаратура мен гидрожелілердің (құбырлардың) және энергияны беру мен сұйықтық арқылы қозғалысты өзгертуге арналған қосалқы құрылғылардың жиынтығы мен көлемдік гидрожетек деп аталады



бет1/2
Дата05.09.2020
өлшемі1,17 Mb.
#77364
  1   2
Байланысты:
Курс жұмысы
Курс жұмысы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Д. Серікбаев атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерия факультеті

«Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасы

«Гидравлика және гидропневможетек» пәні бойынша


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«Көлемдік гидрожетектің есебі»

Орындаған: 16-ГМК-1тобының студенті:Каирдинова Динара

Қабылдаған: оқытушы

Байгереев С.Р.

Өскемен

2018


Кіріспе
Көлемдік гидромашиналардың, гидроаппаратура мен гидрожелілердің (құбырлардың) және энергияны беру мен сұйықтық арқылы қозғалысты өзгертуге арналған қосалқы құрылғылардың жиынтығы мен көлемдік гидрожетек деп аталады. Сорғылар және бірнеше дана болуы мүмкін гидроқозғалтқыштар гидромашиналардың қатарына жатады. Гидроаппаратура – көмегімен реттелетін гидрожетек басқаратын құрылғы, сонымен қатар сұйықтықтың шамадан тыс жоғары не төмен қысыманан қорғайтын құралдар. Гидроаппаратураға дроссельдер, әр түрлі мақсаттағы клапандар және гидробөлгіштер жатады және сұйықтық ағымының бағытын өзгертуге арналған құрылғылар жатады. Оның сапасы және күй-жағдайын қамтамасыз ететін жұмыс сұйықтығының салқындатқыштары деп аталатын қосалқы құрылғылар бола алады. Бұлар қатты кішкентай бөлшектердің әртүрлі бөлгіштері, соның ішінде сүзгілер, жылу айырбастаушылар (жылытқыштар және суытқыштар), гидробактар, сонымен қатар гидроаккумуляторлар. Олардың барлығы жұмыс сұйықтығы қозғалатын гидрожелілермен өзара байланысты. Көлемдік гидрожетектің жұмыс принципі ал оған тамшылық сұйықтықтың аз қысылу қабілетіне және қысымның Паскаль заңы бойынша берілуіне негізделген. Әрбір көлемдік гидрожетекте энергия көзі, яғни қысымдағы сұйықтық бар. Энергия көзінің түрі бойынша гидрожетектер үш үлгіге бөлінеді.

1. Сорғылық гидрожетек - жұмыс сұйықтығы гидроқозғалтқышқа осы гидрожетектің құрамына кіретін көлемдік сорғы арқылы берілетін гидрожетек. Ол кеңінен қолданылады. Жұмыс сұйықтығының айналу сипатына қарай сұйықтығы тұйық күйде айналатын сорғы гидрожетектер (сұйықтық гидроқозғалтқыштан сорғының соратын гидрожелісіне түседі) және сұйықтығы ашық күйде айналатын гидрожетектер (сұйықтық гидроқозғалтқыштан гидробауқа түседі) болып бөлінеді. Сорғы гидрожетегі термині көлемдік гидроберіліс деген ұғымды қамтиды. Бұл сорғыдан, гидроқозғалтқыштан және байланыстырғыш гидрожелілерден тұратын сорғы гидрожетегінің бөлігі. Яғни энергияның негізгі ағымы ағатын бұл гидрожетектің күш беретін бөлігі. Сорғының жетегі үшін әртүрлі қозғалтқыштарды қолдануға болады. Осы қозғалтқыш үлгісіне байланысты электр гидрожетек, турбалық гидрожетек, дизель гидрожетек, мотогидрожетек және тағы басқа болып бөлінеді.

2. Жұмыс сұйықтығы алдын ала оқталған гидроаккумулятордан берілетін аккумуляторлық гидрожетек. Мұндай гидрожетектер қысқа уақыттық жұмыс оралымы бар немесе оралымдарының шектелген саны бар жүйелерде қолданылады.

3. Жұмыс сұйықтығы гидромагистральден гидроқозғалтқышқа түсетін магистральдік гидрожетек. Гидромагистральдегі жұмыс сұйықтығының арыны бір немесе бірнеше сорғыда және коректендіруші бірнеше гидрожетектен (қоректендірудің орталықтандырылған жүйесі) тұратын сорғы станция арқылы жасалады.

Шығатын буын қозғалысының сипаты бойынша көлемдік гидрожетектер болып бөлінеді:

ілгерілемелі қозғалыс –гидроцилиндрлер түрінде гидроқозғалтқыштары бар шығатын буыны кері-ілгерілемелі қозғалысы бар; бұратын қозғалыс –шығатын буыны кемінде 3600 бұрышқа кері-айналдыратын қозғалысы бар және айналдыратын гидроқозғалтқыштары бар;

айналдыратын қозғалыс – шығатын буыны айналдыратын қозғалысы бар және гидромоторлар түрінде гидроқозғалтқыштары бар. Егер гидрожетекте шығатын буын жылдамдығын өзгертуге арналған құрылғы жоқ болса, онда мұндай гидрожетек реттелмейтін гидрожетек болып келеді. Шығатын буын жылдамдығын берілген заң бойынша өзгертуге болатын гидрожетек реттелетін гидрожетек болып келеді. Көлемдік гидрожетектердің шығатын буыны жылдамдығын реттеудің келесі екі тәсілі қолданылады:

1. дроссельдік реттеу, яғни жылдамдықты жұмыс сұйықтығы ағымын дроссельдеу арқылы және бұрумен сел ағым бөлігін дроссель немесе клапан арқылы бұру жолымен реттеу;

2. көлемдік реттеу, яғни жылдамдықты сорғының немесе гидроқозғалтқыш немесе басқаларының жұмыс көлемін өзгерту арқылы реттеу.

Егер көлемдік гидрожетекте жылдамдық қаралған екі тәсілмен бір уақытта реттелетін болса, онда мұндай реттеу көлемдік – дроссельдік реттеу деп аталады. Кей жағдайларда сорғы гидрожетегінде шығатын буын жылдамдығы жетек (электроқозғалтқыш, дизельді және т. б.) қозғалтқышының жылдамдығын өзгерту арқылы реттеледі. Мұндай реттеу жетектегі қозғалтқыш арқылы реттеу деп аталады. Гидрожетекті реттеу қолмен, автоматтық және бағдарламалық реттеу болуы мүмкін. Егер гидрожетекте шығатын буын жылдамдығы сыртқы әсерлер өзгеретін кезінде тұрақты болса, онда мұндай гидрожетек тұрақтандырылған гидрожетек деп аталады. Шығатын буыны басқару буыны қозғалысын қайталайтын, реттелетін гидрожетек қадағалаушы гидрожетек деп аталады.

Реттелетін гидрожетектер полиграфиялық атап айтқанда, баспадан кейінгі жабдықтардың, сонымен қатар станоктардың, прокаттау стандарының, нығыздау және құю жабдықтарындың, жол және құрылыс, көлік және ауылшаруашылығы машиналарының және т.б. жетектері ретінде кеңінен қолданылады. Олардың бұлайша кең қолданылуы бірқатар артықшылықтармен түсіндіріледі, оларға мыналар жатады:

Кең диапозонда берілетін санды сатысыз реттеу және үлкен берілетін қатынастарды жасау мүмкіншілігі;

- Аз үлестік массасы, яғни, берілетін қуаттылыққа (1 кВт –қа 0,2–0,3 кг) жататын гидрожетектің массасы;

- жетек қозғалтқышын шамадан артық жүктемерден жай және сенімді түрде сақтап қалу мүмкіншілігі;

- жұмыс тәртібінің жылдам алмасуын қамтамасыз ететін (іске қосу, екпін, реверс, тоқтату) айналатын бөліктердің аз инерциялылығы,;

- айналдыратын қозғалысты кері-ілгерілемелі қозғалысұа өзгертудің қарапайымдылығы;

- гидроқозғалтқышты энергия көзінен қашықта орналастыру мүмкіншілігі және еркін құрастырылуы.

Гидрожетектің кемшіліктерімен де есептесу қажет, атап айтқанда:

- Көлемдік гидрожетектің ПӘК, немен механикалық және электрлік берілістердің ПӘК сәл төмен және сонымен қатар, ол реттеу барысында төмендейді;

- Гидрожетекті (температураны) пайдалану шарттары оның сипаттамаларына әсер етеді;

Гидрожетектің ПӘК саңылаулардың және сұйықтықтың ағып кетуінің (көлемдік ПӘК төмендеуі) артуынан қордың өңдірілуіне қарай сәл тқмендейді;

- жұмыс сұйықтығының ластануына сезімталдық және қызмет көрсетудің жеткілікті түрдегі жоғары мәдениетінің қажеттілігі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет