8 класс. №1 жұмыс. Әр түрлі температурадағы суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстыру



бет1/6
Дата06.03.2023
өлшемі1,53 Mb.
#171244
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8 КЛАСС зертханалық жұмыс
Мектеп директорларына шұғыл

8 КЛАСС.
1 жұмыс.
Әр түрлі температурадағы суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстыру.
Жұмыстың мақсаты: Жылу алмасуда ыстық судың берген және суық судың алған жылу мөлшерін анықтау және алынған нәтижені түсіндіру.
Қ ұрал – жабдықтар:
Калориметр, өлшеуіш цилиндр (мензурка),
термометр, стақан, ыстық суы бар шәугім
(бүкіл сыныпқа біреу).
Жұмыс барысы:



  1. Массасы 100г ыстық суды сыртқы ыдыстың ішіне қойылған калориметрдің ішкі ыдысына құйыңдар. Ыстық судың t₁ температурасын өлшеңдер.

  2. Стақанға дәл сондай суық су құйып және оның t₂ температурасын өлшеңдер.

  3. Ыстық суы бар ыдысқа абайлап суық су құйыңдар, алынған қоспаны термометрмен араластырып және оның t температурасын өлшеңдер.

  4. Ыстық судың, қоспаның t температурасына дейін суығанда, берген жылу мөлшерін Q₁=cm( t₁ - t ) формуласымен және суық судың осы t температураға дейін жылығанда алған жылу мөлшерін Q₂=cm₁( t - t₂ ) формуласымен есептеңдер.

  5. Өлшеу мен есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар.


  6. Ыстық судың массасы
    m, кг

    Ыстық судың баст.
    темпер.
    t, ºC

    Қоспаның темпера-
    турасы, t1, ºC

    Ыстық судың берген жылу мөлшері,
    Q1, Дж

    Суық судың массасы
    m₁, кг

    Суық судың баст.
    Темпер.
    t2, ºC

    Суық судың алған жылу мөлшері
    Q2 ,Дж

    0,1

    94

    56

    15120

    0,1

    20

    15960
    Ыстық судың берген жылу мөлшерін суық судың алған жылу мөлшерімен салыстырыңдар және тиісті қорытынды жасаңдар.

  7. Тәжірибенің салыстырмалы қателігін мына қатынаспен есептеңдер: ℇ =[ ] , мұндағы Q₁ - ыстық судың берген жылу мөлшері, Q₂ - суық судың алған жылу мөлшері. ℇ =[ ] =0,05



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет