8 класс. №1 жұмыс. Әр түрлі температурадағы суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстыру


Қорытынды. Магнит сызықтарының түрін көру, магнит өрісінің әсер ету құбылысын зерттеу. № 8 жұмыс



бет6/6
Дата06.03.2023
өлшемі1,53 Mb.
#171244
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8 КЛАСС зертханалық жұмыс

Қорытынды. Магнит сызықтарының түрін көру, магнит өрісінің әсер ету құбылысын зерттеу.

8 жұмыс.


Электромагнитті жинау және оның әрекетін тексеру.


Жұмыстың мақсаты: Электромагниттің негізгі бөлшектерімен танысып, оны жинау.
Құрал – жабдықтар: ток көзі, реостат, кілт, өткізгіш сымдар, магнит тілше, электромагнитті жинауға арналған бөлшектер.
Жұмыс барысы:

  1. Ток көзін, шарғыны, реостаты, кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинаңдар. ( 198 – сурет)

  2. Тізбекті тұйықтап, магнит тілшені пайдаланып, шарғының магнит полистерін анықтаңдар.

  3. Магнит тілшені шарғының магнит өрісінің оған тигізетін әсері шамалы болатындай қашықтықта орналастырыңдар.

  4. Шарғыға темір өзекті енгізіңдер.

  5. Электромагниттің магнит тілшеге әрекетін бақылаңдар.

  6. Қорытынды жасаңдар.

Жұмысты орындау.
1.Электр тізбегін жинап,тізбекті тұйықтап магнит тілше арқылы, шарғының полюсін анықтау үшін тілшенің оңтүстік полюсіне ток көзінің теріс полюсіне жалғанған шарғының ұшын жақындатамыз. Олар тартылады, шарғының ұшы солтүстік полюс болып табылады.

2.Магнит тілшені шарғыдан қашықтатып, шарғыға темір өзекше енгіземіз. Электромагнит магнит тілшеге тартылады.


Қорытынды: Магнит тілше арқылы токқа жалғанған шарғының полюстерін анықтауға болады. Темір өзек енгізу магнит өрісін күшейтіп, магнит тілшемен әрекеттесу қашықтықтан байқалады.
9 жұмыс.
Жинағыш линзаның фокустық қашықтығы
мен оптикалық күшін анықтау.


Жұмыстың мақсаты: линзаның формуласы арқылы линзаның фокустық қашықтығын анықтау.
Құрал - жабдықтар: жинағыш линза, сызғыш, экран , жарық көзі.
Ж ұмыстың барысы:

  1. Жарық көзін, линзаны, экранды

бір түзудің бойына орналастырыңдар.

  1. Жарық көзі мен линзаны экранда

жарық көзінің анық кескіні шыққанша
қозғаңдар. Экранда жарық көзінің үлкейтілген, кішірейтілген және оған тең кескінін алып, тәжірибені 3 рет жасаңдар.

  1. Барлық тәжірибелерде көзден линзаға дейінгі d, экраннан линзаға дейінгі f қашықтықты 1мм-ге дейінгі дәлдікпен өлшеңдер.

  2. Линзаның F бас фокустық қашықтығын, линзаның формуласын пайдалана отырып есептеңдер, оны метрмен көрсетіңдер.

  3. Линзаның D оптикалық күшін анықтаңдар.

  4. Барлық өлшеулермен есептеулер нәтижелерін кестеге түсіріңдер.



Кескіннің түрі

D , см

F , см

F , см

D, дптр

Г,үлкейту

Үлкейген
Кішірейген
тең

15
20
16,6

20
17
16,6

8,3
8,3
8,3

12
12
12

1,3
0,85
1


Қорытынды: Жарық көзі мен линзаны қозғай отырып, экранда алынған кескінге қарап, линзаның фокустық қашықтығы мен оптикалық күшін анықтадық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет