1 Зертханалық жұмыс Моносахаридтер Реактивтер



бет1/4
Дата20.09.2022
өлшемі16,41 Kb.
#150069
  1   2   3   4
Байланысты:
№1 Зертханалық органика жұмыс Х-31 лаб


1 Зертханалық жұмыс
Моносахаридтер
Реактивтер: сусыз глюкоза, фруктоза 1%-, 10%-, 20%-глюкоза ерітіндісі, сусыз натрий ацетаты, сірке ангидриді, мыс сульфаты ерітіндісі, ізбес сүті, бензоилхлорид, 5%-тік CuSO4 ерітіндісі, 10%NaOH ерітіндісі
Құралдар: су моншасы, термометр, Кипп аппараты, воронкалар, фильтр кағазы

1. Пробиркада 2мл глюкоза ерітіндісін және 10%-тік NaOH ерітіндісін араластырады. Тамшылатып 5%-тік CuSO4 ерітіндісін қосады. Сол кезде мыс алкоголятының мөлдір көк түсті ерітіндісі алынады. Бұл тәжірибе глюкоза молекуласында гидроксил топшаның бар екенін көрсетеді. Тәжірибеге фруктозаны алып кайтала.


Бақылау сұрақтары:
1. Реакция теңдеуін жаз

2. 2мл 20%-тік глюкоза ерітіндісіне тамшылатып шайқап тұрып ізбес сүтін қосады. Сол кезде кальций гликозиді түзіледі. Оның үстіне артық мөлшерде ізбес суын қосады, пробиркада тұнба түзіледі, ол шайқаған кезде жойылмайды. 5 минуттан соң 1мл ерітіндіні фильтрлейді. Алынған мөлдір фильтратқа Кипп аппараты арқылы СО2 газын жібереді. Кальций карбонатының тұнбасы пайда болады, ұзақ уақыт жібергенде тұнба еруі мүмкін.


Бақылау сұрақтары:
1. Реакция теңдеуін жаз

3. (Тартқыш шкаф!) Құрғақ пробиркада 1 г сусыз глюкоза мен 1 г сусыз натрий ацетатын араластырады. Қоспаға 5 мл сірке ангидридін қосып шыны таяқшамен араластырады. Пробирканы қайтымды мұздатқышы бар тығынмен жауып, шайқап тұрып горелкада 5-10 мин бойы қыздырады. Пробирканы ауада салқындатады, содан соң пробиркадағы қоспаны 25 мл мұзды суы бар стақанға құяды. Қоспаны мұқият араластырады. Біраз уақыттан соң пентаацетилглюкозаның кристаллдары бөліне бастайды. 10 мин соң кристаллдары фильтрлейді, мұзды сумен жуады, таза қағаз арасында фильтр қағазын кептіреді. Пентаацетилглюкоза кристаллдарын микроскоппен қарап, суретін сал.


Бақылау сұрақтары:
1. Реакция теңдеуін жаз

2 зертханалық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет