Батыс Еуропа елдері


Экономикалық дамыған және өтпелі экономикалы елдер



бет2/2
Дата06.02.2022
өлшемі20,95 Kb.
#81816
1   2
Байланысты:
лекция 9 каз

Экономикалық дамыған және өтпелі экономикалы елдер. Экономикасы дамыған елдерге БҰҰ сараптамасы бойынша: Батыс Еуропа елдері түгел, АҚШ, Канада, Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия, Израиль, Оңтүстік Африка Республикасы, сол сияқты өтпелі эканомикалы елдерге Шығыс Еуропа мен ТМД – ның кейбір елдері жатады.
Батыс Еуропа ұзақ ғасырлар бойы әлемдік дамудың орталығы болып келді. Ұлы географиялық ашылулар, кейіннен экономика, ғылым мен техника және әлеуметтік саладағы әрі жаңалықтар мен жетістіктер бұл аймақтың даму қарқынын жеделдетті.
Жер көлемі шағын осы аймақта жоғары дәрежеде дамыған төрт ірі ел мен ғалымдар «Еуропаның шағын капиталистік елдер» деген айрықша топқа біріктіретін 20 мемлекет орналасқан. Бұл елдердің арасында аумағы біршама үлкендерімен (Испания, Швеция, Фингляндия) қатар, кішігірім «ергежейлі» мемлекеттер (Андорра, Лихтенштейн, Ватикан, Манако, Сан – Марино, Мальта) де бар.
Жалпы алғанда, Батыс Еуропа елдерінің экономикалық – географиялық жағдайы Ұлы географиялық ашылулардан соң аса қолайлы бола бастады. Өйткені теңіз көлігінің маршруттары ішкі теңіздерден (Балтық және Жерорта) Атлант мұхиттарына орын ауыстырды. Елдер арасындағы қарым – қатынастардың дамуы құрлық жолдарының тұтас жүйесін жасауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың басында пайдаланыла бастаған әуе көлігі аймақтың жағдайын одан әрі нығайтты. Жоғары ендіктерде жатуына байланысты осы аумақ арқылы ең қысқа халықаралық әуе жолдары өтетін болды. Нәтижесінде Еуропаның шағын капиталистік елдері аса маңызды халықаралық көлік торабына айналды. Ендігі жерде Батыс Еуропадағы күшті дамыған елдермен ғана емес. Америкадағы жоғары дамыған елдермен қарым – қатынас орнатылып, жаңа шикізат көздеріне жол ашылады.
Батыс Еуропа елдерінің XX ғасырдың бірінші жартысында соғыс ошағына айналуы аймақтағы геосаяси жағдайды қолайсыз етті. Өйткені көршілес орналасқан мемлекеттер бірінен соң бірі соғыс қимылына кірісуге мәжбүр болды. Бұл топқа енетін бірқатар елдер (Бельгия, Нидерланд, Норвегия, Дания, Исландия, Португалия, Грекия, Люксембург) НАТО – ға мүше. Дегенмен қазіргі кезде аймақтың көпшілік елінің бейтарап саясат ұстануы, елдер арасындағы экономикалық интеграцияның кең қанат жаюы Батыс Еуропада салыстырмалы түрде артта қалған елдердің болмауы да осы жағдайлармен түсіндіріледі.
Қазіргі кезде дүниежүзілік саясатта шағын елдердің рөлі артып отыр. Бірқатар халықаралық ұйымдардың штаб – пітерлерінің осы елдерде орналасуы – осының дәлелі. Мысалы, Брюссель қаласында НАТО мен Еуропалық Одақтың, ал Венада МАГАТЭ (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік) және ОПЕК (сыртқа мұнай шығаратын елдер ұйымы) сыртқы ұйымдардың штаб – пәтерлері орналасқан. Бейтарап саясат ұстанатын Швейцарияда Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамына енетін Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Халықаралық еңбек ұйымының, Дүниежүзілік Метеорологиялық ұйымының және Халықаралық пошта одағының штаб – пәтерлері шоғырланған.


Тапсырма №1

Батыс Еуропа елдері және олардың астаналары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет