Реферат Орындаған Аманкулов Нурсултан



Дата07.02.2022
өлшемі26,69 Kb.
#96227
түріРеферат
Байланысты:
Реферат


Реферат
Орындаған Аманкулов Нурсултан
 Тауарлы-материалдық қорлардын түсуін құжатпен рәсімдеу.Тауарлы — материалдық қорларды кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мумкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станциясынан, айлақтардан, аэропорттан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.
Жабдықтаушылардың (жіберушілердің) қоймаларынан Тауарлық-материалдық қорлардыалған кезде алушы-кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырады.
Материалдардың қозғалысын есепке алған кезде мынадай типтік кұжаттар пайдаланылады.
Жабдықтаушылардың коймасынан тауарларды алу үшін материалды жауаптытұлғаға сенімхаты беріледі. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын  қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М-2а типтік ведомосы аралық нысаны, алдын ала нөмірленген және түптелген Журналға (ү. №М-3) тіркеледі. № М-2а нысаны келтірілген.
Берілген сенімхатты есептеу Журналы,сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғада сақталады.
Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай келісім шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді.Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол қойып,мөр басады. Сол сенімхатта алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы (кері) жағына жазылады. Бір қоймаға жататын Тауарлы — материалдық қорлар алынған жағдайда оған бірнеше накладной керек болса, сенім беруші сенімді тұлғаға бір сенімхатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық накладнойдың нөмірі, күні көрсетілуі тиіс. Егер де бір ғана сенімді тұлғаның бірнеше қоймадан тауар алуына тура келсе, онда оған әрбір қоймаға ұсыну үшін жеке сенімхат беріледі.
Сенімхат, әрекет ететін мерзіміне қарамастан, тауарлы-материалдық құндылықтарды алған кезінен бастап беріледі. Мерзімі өткен сенімхаттары бойынша есеп бермеген лауазымды тұлғаға жаңа сенімхаттар берілмейді.
Тауарлы – материалды қорлар ала салысымен материалды жауапты тұлға тапсырманы орындағаны туралы құжаттарды бухгалтерияға беріп, Тауарлы-материалдық қорлар қоймаға өткізу керек, олардың сол кұндылықтарды қуаттайтын сенімхаты толық болмаса да..
Егер де Тауарлы-материалдық қорларды алу құқы жойылса, онда одан сенімхаты қайтып алынады, ал жіберушілерге басқа сенімхат беріледі.Пайдаланбаған сенімхаттар мерзімі еткеннен кейін келесі күні сенім білдірушіге қайтарылады.
Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған кезде оны «Сенімхаттарды есепке алу журналына» тіркейді және оның түбіршегіне «пайдаланбаған» деген белгісін жасайды. Осындай сенімхаттар есеп беру кезеңнің соңына дейін сақталады, сосын есепті кезеңнің соңында жойылады.
Жабдықтаушылар (жіберушілер) Тауарлы-материалдық қорлар босатқан кезде, әрбір жіберілген бөлігіне үш данада накладной жазып, онда сенімхаттың нөмірі, күні көрсетіледі. Оның біріншісі Тауарлы-материалдық қорларды алушыда, екіншісі жіберушінің өзінде қалады, оны ол алдағы кезеңде жіберілетін Тауарлы — материалдық қорларды бақылау жасау үшін пайдаланады. Ал үшіншісі бухгалтерияға беріледі. Тауарлы- материалдық қорды босатып біткен соң, ең соңғы партиясының құжаттарымен бірге сенімхатын да бухгалтерияға тапсырады. Тауарлы-материалдық қорды мынадай жағдайларда сенімхат бойынша босатуына болмайды:
— сенімхаттың барлық реквизитгері толық толтырылмаса, жөнделген немесе өшірілген болса;
— көрсетілген сенімхаттағы құжаттары болмаса;
— сенімхаттың мерзімі біткен болса;
— субъектіден берілген сенімхаттың жойылғаны туралы хабар алса;
— сенімхат берген субъекті өз қызметін тоқтатса (жойылса, қайта құрылымдық өзгерістер жасаса).
Жабдықтаушылар сатып алушының қоймасына автотранспортпен Тауарлы-материалдық қорды жеткізіп берген кездесатып алушылардың материалды жауапты тұлғасы (қойма меңгерушісі) жабдықтаушылардың экспедиторьшан алған Тауарлы –материалдық қордың санын және брутто салмағын, тауарлы-транспорттық (көліктік) накладной мәліметімен салыстырады, олар екі данада жазылады. Тауарлы-транспорттық накладной (ТТН) үлгісі төменде келтіріледі. Егер олардың мәліметінде айырмашылық болмаса, онда оның бір данасына қол қойып және штамп басып, Тауарлы-материалдық қор қабылданды деп жазады. Накладнойдың бір экземпляры материалды жауапты тұлғада қалады. Ал егер айырмашылық болса, онда оның саны мен сомасына Акті жасалады. Ол екі дана етіп жазылады және оған екі жактың да жауапты түлғалары қол қояды. Оның біреуін жабдықтаушыға жібереді, ал екіншісі Тауарлы-материалдық қор кабылдаған жауапты тұлғада қалады, одан әрі ол бухгалтерияға беріледі. Акты жабдықтаушыға талап-тілек қоюға негіз бола алады.
Қоймалардағы материалдық құндылықтарды есепке алуды материалдық жауапты адамдар немесе олардың келісімімен жұмысын атқаратын есепшілер материалдарды есепке алу үшін арналған карточкаларында жүргізеді. Босалқылардың әрбір номенклатуралық нөміріне жекелеген карточкалар ашады, содан соң ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі.
Алған карточкаларда қоймашы материалдардың сақталатын орнын (стеллаждар, ұялар) сипаттайтын реквизиттерді толтырады. Карточкаларға жазбалар құжаттардың негізінде жазылады.
Егер қоймадағы материалдық құндылықтардың қалдықтары қорлардың белгіленген нормасынан жоғары немесе тең болса, онда қойма меңгерушісі бұл туралы жабдықтау бөліміне хабарлауы тиіс. Бұл мақсатта қорлардың белгіленген нормаларынан нақты қалдық қорының ауытқушылығы туралы дабыл анықтамасы қолданылады. Ол нақты қалдық кордың белгіленген қалдықтарынан ауытқушылығын бақылау үшін және қозғалыссыз жатқан қалдыққа бақылау жасау үшін қолданылады. Анықтаманы бір дана етіп қойма меңгерушісі (қоймашы) материалдарды есепке алу карточкасының деректері бойынша жасайды. Анықтамаға деректерді енгізудің өлшемдерінұйымінің материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі белгілейді.
Бухгалтерияға берер алдында жазбалардың дұрыстығы және карточкадағы қалдыктардың шығарылуы қойманың өзінде тікелей тексеріледі. Материалдық құндылықтардың қозғалысын рәсімдейтін құжаттарды бухгалтер коймадағы "Құжаттарды қабылдау-өткізу тізімінің" негізінде кабылдайды.
Жетіспеушіліктер мен материалдық жағынан жауапты адамдардың қызметіндегі тәртіп бұзушылықтар туралы, сондай-ақ іріктеп тексерулер мен өткізілген нұсқамалардың нәтижелері туралы бухгалтерияның қызметкері бас бухгалтерге хабарлауға тиіс.
Айдың аяғында қоймаға бухгалтериядан материалдардың қалдықтарын есепке алатын кітабын қоймашыға береді, оған қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасындағы қалдықтарын көшіріп жазады. Мұнан кейін деректерді салыстырып тексеру үшін материалдық босалқы қорлардың есептік топтары бойынша және бүтіндей алғанда кітап бойынша жиынын бухгалтерияға қайтарады.
Сөйтіп, қойма меңгерушісі материалдарды есепке алуға, олардың карточкаларын жүргізуге, құжаттардың тізімдерін жасауға және қойма есеп кітабының қалдықтарын шығаруға міндетті.
Әрбір атаулары, сорттары бойынша шартты сандық белгілері — номенклатуралық нөмірі (коды) беріледі, содан соң барлык құжаттарда тауарлы – материалдық қорлардың бары мен қозғалысы бойынша берілген нөмірі қойылады. Номенклатуралық нөмірі: баланс шоттарының нөмірі немесе материалдардың қатар нөмірі бойынша берілуі мүмкін. Материалдардың номенклатурасында есептелінетін материалдардың бірлік бағасы көрсетіледі, яғни ол баға-номенклатурасы деп аталады. Ол жүйеленген материалдар тізімі бойынша жасалады және оны кәсіпорынның барлық бөлімшесі (материалды-техникалық жабдықтау, бухгалтерия, қаржы бөлімдері) анықтама ретінде пайдаланады.
Тауарлы-материалдық құндылықтардың түсуін кұжатпен рәсімдеу. ТМҚ-ды кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станциясынан, айлақтардан, аэропорттан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.
Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарлы – материалдық қорларды алған кезде алушы-кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары аркылы жүзеге асырады.
Материалдардың қозғалысын есепке алған кезде мынадай типтік кұжаттар пайдаланылады.
Жабдықтаушылардың қоймасынан тауарларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхаты беріледі. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді.
Берілген сенімхатты есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғада сақталады.
Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай келісім шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта ұйымдар оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөр басады. Сол сенімхатта алынатын тауарлардың, тізімі сенімхаттың артқы (кері) жағында жазылады.Егер де алынатын тауарлар саны жағынан көп болмаса және түрлері де бір тектес болып келсе, онда олардың жалпы сапы мен сомасы бір жолға жазылады.
Бір қоймаға жататын тауарлы – материалдық қорларды алынған жағдайда оған бірнеше накладной керек болса, сенім беруші сенімді тұлғаға бір сеінмхатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық накладнойдың нөмірі, күні көрсетілуі тиіс. Егерде бір ғана сенімді тұлғаның бірнеше қоймадан тауар алуына тура келсе, онда оған әрбір қоймаға ұсыну үшін жеке сенімхат беріледі.
Егер де тауарлы – материалдық қорларды алу құқы жойылса, онда одан сенімхаты қайтып алынады, ал жіберушілерге басқа сенімхат беріледі.
Пайдаланбаған сенімхаттар мерзімі өткеннен кейін келесі күні сенім білдірушіге қайтарылады. Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған кезде оны "Сенімхаттарды есепке алу журналына" тіркейді және оның түбіршегіне "пайдаланбаған" деген белгісін жасайды. Осындай сенімхаттар есеп беру кезеңнің соңына дейін сақталады, сосын есепті кезеңнің соңында жойылады.
Жабдықтаушылар тауарлы – материалдық қорларды босатқан кезде, әрбір жіберілген бөлігіне үш данада накладной жазып, онда сенімхаттың нөмірі, күні көрсетіледі. Оның біріншісі тауарлы – материалдық қорларды алушыда, екіншісі жіберушінің өзінде қалады, оны ол алдағы кезеңде жіберілетін тауарлы – материалдық қорларды бақылау жасау үшін пайдаланады. Ал үшіншісі бухгалтерияға беріледі. тауарлы – материалдық қорларды босатып біткен соң, ең соңғы партиясының құжаттарымен бірге сенімхатын да бухгалтерияға тапсырады. тауарлы – материалдық қорларды мынадай жағдайларда сенімхат бойынша босатуына болмайды:
· сенімхаттың барлық реквизиттері толық толтырылмаса, жөнделген немесе өшірілген болса;
· көрсетілген сенімхаттағы құжаттары болмаса;
· сенімхаттың мерзімі біткен болса;
· ұйыміден берілген сенімхаттың жойылғаны туралы хабар алса;
· сенімхат бергенұйымі өз қызметін тоқтатса (жойылса, қайта кұрылымдық өзгерістер жасаса).
Жабдықтаушылар сатып алушының қоймасына автотранспортпен тауарлы – материалдық қорларды жеткізіп берген кезде сатып алушылардың материалды жауапты тұлғасы (қойма меңгерушісі жабдықтаушылардың экспедиторынан алған тауарлы – материалдық қорлардың санын және брутто салмағын, тауарлы-транспорттық (көліктік) накладной мәліметімен салыстырады, олар екі данада жазылады. Егер олардың мәліметінде айырмашылық болмаса, онда оның бір данасына қол қойып және штамп басып, тауарлы – материалдық қорлар қабылданды деп жазады. Накладнойдың бір экземпляры материалды жауапты тұлғада қалады. Ал егер айырмашылық болса, онда оның саны мен сомасына акті жасалады. Ол екі дана етіп жазылады және оған екі жақтың да жауапты тұлғалары қол қояды. Оның біреуін жабдықтаушыға жібереді, ал екіншісі тауарлы – материалдық қорларды қабылдаған жауапты тұлғада қалады, одан әрі ол бухгалтерияға беріледі. Акты жабдықтаушыға талап-тілек қоюға негіз бола алады.
Егер жүк қосарлана жүретін құжаттарынсыз келсе, онда тауарлы – материалдық қорларды актімен рәсімделеді, сол актіде нақты тауарлы – материалдық қорлардың саны мен бағасы көрсетіледі. Бұл жағдайда жабдықтаушылардың өкілі қатысқаны жөн, егер де олар болмаса тәуелсіз бакылаушылар қатысады.
Тауарлы – материалдық қорларды халықтан да сатылып алынуы мүмкін. Бұл материалды жауапты тұлға сатып алынған тауарлы – материалдық қорларға акті жасайды, онда: сатушының аты-жөні, СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі), ТМҚ аты, алынған бағасы, жалпы құны көрсетіледі.
ТМҚ-ды кірістеуге мына құжаттар негіз болып саналады:
· шот-фактура, онда: қатар нөмірі мен күні, атауы және жабдықтау мен ТМҚ-ты сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлік нөмірі, әкелінген ТМҚ атаулары мен саны, құны, акцизделетін ТМҚ сомасы т.б.;
· тауарлы-транспорттық накладной;
· тауарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғаның жазған накладнойы мен құжаттары, атап айтқанда:
Кіріс ордері. Жабдықтауышлардан немесе өңдеуден түскен запастарды есепке алу үшін пайдаланылады. Ол бір ғана данада жазылады және ол жауапты тұлғадан материалдар қоймаға келіп түскен кезде толтырылады.
Материалдарды қабылдау туралы акті. Жабдықтаушылардың ілеспе құжаттарындағы мәліметтерді сандық және сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданады; сондай-ақ құжаттарсыз түскен материалдарды қабылдаған кезде де. Қабылдау комиссиясы міндетті түрде материалдық жауапты тұлғаның, жіберуші өкілінің немесе мүдделі емес мекеме өкілінің қатысуымен актіні екі дана етіп жасайды. Құндылықтар қабылдағаннан кейін құжаттармен қоса актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, екіншісі — жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін, жабдықтау бөліміне немесе олардың бухгалтериясына жіберіледі.
Материалдық құндылықтардың өндірісте дайындалған және сақталған кезіндегі жетіспеушілігі мен жоғалуы туралы актісі. Табиғи шығын нормалары айқындалмаған материалдық қорларын дайындау, сақтау немесе өндіру процесінде орын алған жоғалтуды анықтау үшін қолданады. Қорлардың сақталуына жауапты бөлімдердің балансынан шығаруға және кінәлі адамдардан өндіріп алуға аталған құжат негіз бола алады.
Бұл құжат материалды қабылдау жөніндегі актіге тіркеледі. Екі данасы толтырылып, комиссия мүшелері мен кінәлі кісілер қол қояды. Бірінші данасы бухгалтерияға жіберіледі, ал екіншісі - бөлімшеде қалады.
Материалдардың (тауарлардың) бүлінуі, сынуы, қирауы туралы актісі. Кәсіпорында бүлінудің, сынудың, қираудың нәтижесінде арзандатуға және қорларды (тауарларды) есептен шығару үшін пайдаланылады. Ол екі дана етіп жасалынады. 1-ші дана бухгалтерияға жіберіліп, қорлардың жоғалуына себепші болған материалды жауапты тұлғаларға есептен шығаруға негіз болады, 2-ші данасы бөлімшеде қалады.
Тауарлы-материалдық қорды босатқанда рәсімделетін құжаттар. Кәсіпорынның қоймасынан материалдар өнімді әзірлеуге және басқа да шаруашылық қажеттілігі үшін цехтарға, сондай-ақ сыртқа өңдеуге немесе артығын сатуға босатқан кезде пайдаланылады.
ТМҚ цехтан цехқа берілсе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы деп санайды, ал егер де орталық қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс шығын ретінде танылады.
Материалдардың шығысы мынадай құжаттар бойынша рәсімделеді: лимиттік-жинақтама картасы; материалдарды айырбастауға (қосымша босатуға) арналған талап-актісі; материалдарды босатуға (ішкі орын ауыстыруға) арналған талап накладнойы.
Лимиттік-жинақтама картасы - өнімді дайындауда үздіксіз пайдаланылатын құндылықтарды босату, сондай-ақ өндіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды босатудың белгіленген лимиттерін (шектерін) сақтауға, ағымдағы және қоймадағы материалдық қорларды бақылауға және оларды есептен шығаруға негіз бола алатын құжат. Лимиттік-жинақтама карталары жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың (номенклатуралық нөмірлердің) бір түріне (атауына) екі дана етіп дайындалады. Бір данасы ай басталғанша цехқа - қорды пайдаланушыға, 2-шісі — қоймаға немесе цехтың қоймасына беріледі. Өндіріске қорлар қоймалардың, цех өкілдерінің лимиттік-жинақтама картасы ұсынған кезде ғана босатылады. Қоймашы екі данаға да босатылған қорлардың күні мен мөлшерін жазған соң, лимитте калған қалдығы шығарылады.
Қоймашының лимиттік-жинақтама картасын цех өкілі, ал цехтың лимиттік-жинақтама картасына қоймашы қол кояды. Бастапқы құжаттардың санын мүмкіндігінше азайту мақсатында материалдарды босатудың материалдық есеп картотекасында көрсеткен дұрыс. Бұл жағдайда қорларды босатудың шығын кұжаттары жасалмайды, лимиттік-жинақтама картасы жүргізіледі. Лимиттік босатуды карточканың өзінде көрсетуге болады. Цех өкілі қорларды алу кезінде тікелей материалдар есебінің картотекасына қол қояды, ал қоймашы лимиттік жинақтама картаға қол қояды.
Лимиттік-жинақтама (алынбалы) картасы бойынша өндірісте пайдаланбаған (қайтарылған) қорлардың есебі де жүреді. Бұл кезде ешқандай қосымша кұжаттар жасалмайды. Лимиттен тыс босатулар немесе қорлардың бір түрін екіншісімен алмастыру тек ұйым басшысының немесе осыған өкілетті адамдардың рұқсат етуімен ғана жүзеге асырылады.
Өндіріске лимиттен артық жіберу және қорларды ауыстыру арнайы талап-актісімен рәсімделеді. Лимитті өзгертуді тек сондай құқық берілген тұлғалар ғана жүзеге асыра алады. Материалдық қорларды босату тек лимиттік-жинақтама картасында көрсетілген қоймалардан босатылады. Қоймашы лимиттік жинақтау картасына жіберілген қорлардың күні мен мөлшерін белгілеп, әрбір номенклатуралық нөмір бойынша лимиттің қалдығын анықтап отырады. Лимит пайдаланылып болған соң, лимиттік-жинақтама карточкасын қоймашы бухгалтерияға өткізеді. Ішінара толтырылған реквизиттері мен лимиттік-жинақтама картасының мәліметтері компьютерлік техниканың көмегімен де өңделеді.
Материалды айырбастауға арналған талап-актісі. Бұл құжат қорлардың белгіленген лимиттен артық босатылуын немесе олардың ауыстырылуын есепке алу үшін қолданылады, сондай-ақ қоймадан қорларды шығаруға негіз болып табылады. Ол екі дана етіп дайындалады: бірі алушыға, екіншісі — қоймаға. Қоймашы актінің екі данасына да босатылған қорлардың күні мен мөлшерін белгілеп, содан соң қалдығын шығарады. Алушының актісіне қойма меңгерушісі, ал қойма актісіне - алушының өкілі қол қояды. Талап-актілерді бухгалтерияға немесе компьютерлік техникаға өңдеуге берместен бұрын талап етілген босалқылар түгелдей алынуы керек. Материалдық босалқыларды лимиттен тыс босату және басқалармен айырбастау тек қанаұйым басшысының немесе оған өкілетті тұлғалардың рұқсатыменұйымінің тиісті бөлімдерімен келісілгеннен соң ғана жүзеге асырылады.
Материалдардың қалдықтарының кітабы бір ай бойы бухгалтерияда сақталады және оны материалдардың қалдықтары туралы мәліметтерді алу үшін пайданылады. Айдың аяғында кітап бухгалтериядан қоймаға беріледі, қойма меңгерушісі есепті жылдың аяғындағы материалдық құндылықтардың қалдықтарын оған түсіріп, өз қолын қойып оны растайды. Материал қалдықтарының кітабы есепті айдан кейінгі, айдың 1-3 күні бухгалтерияға тексеруіге және топтар мен тауарлы - материалдық құндылықтарды есепке алу жөніндегі шоттар бойынша жинақталған есебі беріледі.
Айдың аяғында материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесіндегі қалдықтар туралы әрбір есептік топ бойынша сомалық түрдегі деректер материал қалдықтарының кітабындағы топтарының жиынтығымен салыстырылады. Бұл деректер сәйкес келуге тиіс, өйткені қоймадағы (карточкалардағы, сонан соң материал қалдықтарының кітабындағы) және бухгалтериядағы (материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесімдегі) жазбалар бір құжаттың негізінде жазылады.
Бухгалтерияда материалдың жинақтама есебінің жинаушы тізімдемесінің негізінде (сальдо әдісі қолданылғанда) немесе материалдық жағынан жауапты адамдардың материалдық құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы есеп берулерінде (егер сальдо әдісі қолданылмаса) "Материалдардың ақша түріндегі қозғалысы" деген тізімдемесі жасалынады. Бұл тізімдемеде материалдық құндылықтардың қоймадағы немесе материалдық жауапты адамдар арасындағы қозғалысы көрсетіліп, нақты өзіндік құнымен есептік бағалары бойынша бір айдағы материалдық құндылықтардың қалдықтары мен кірісі туралы деректері шығарылады. Олардың негізінде материалдардың сомалық және пайыздық ауытқулары анықталады. Табылған пайыз бойынша жұмсалған материалдық құндылықтардың нақты құны шығарылады. Тізімдеме екі бөлімнен тұрады. Тізімдеменің бірінші бөлімінде кәсіпорынға түскен материалдардың нақты өзіндік құны мен есептік бағасының арасындаіы ауыткулары анықталады.
Тізімдеменің екінші бөлімі "Материалдардың синтетикалық есебінің жинақтаушы тізімдемесі" немесе "Материалдық құндылықтардың қозғалысы мен қалдығы туралы есеп беруі" мәліметтерінің негізінде жасалады. Бұл бөлімнің деректері 1310 "Шикізат мен материалдар" мен 1330 "Тауарлар" бөлімдердің шоттары жөніндегі мәліметтер Бас кітаппен салыстырылады.
Бухгалтерияда материалдың шығысына арналған құжаттардың бірінші даналарының негізінде "Материалдардың шығысын бөлу" деген әзірлеме кесте жасалады, онда цехтар мен шоттар тұтынушылар, тапсырыстар, жұмсау баптары және есепке алу мен калькуляцияның басқа да обьектілері мен есептік бағасы бойынша материалдардың жұмсалуы көрсетіледі.
Қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттарына сәйкес қорлар қозғалысы арнайы шоттарда көрініс табады. 
Қорлардың сақталуына жүйелі бақылауды жүзеге асыру үшін бухгалтерия материалдардың жекелеген түрлерінің қалдықтарына заттық қалпында іріктеме-бақылау жүргізеді. Материалдардың өндірісте пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыру да бухгалтерияның маңызды міндеті болып табылады.
Өндірісте материалдардың пайдаланылуына бақылау жасау үшін мынандай әдістер қолданады: нормадан ауытқушылықтарды құжатпен рәсімдеу, партиялар бойынша ашып-санап-өлшеп керу есебі, түгелдеу.
Бір материалды екіншісімен ауыстырғанда нормадан ауытқуларын кұжатпен рәсімдейді, сондай-ақ материалдардың нормадан тыс босатылғандарын да "Материалды ауыстыруға (косымша босатуға) арналған талап-актісімен" рәсімдейді.
Ашып-санаған материалдардың әрбір партиясы бойынша ауытқуларын анықтау үшін партиялар бойынша ашып-санап өлшеп көру әдісі пайдаланылады. Бұл есепті өндірістегі бөлуші—шеберлер, жоспарлау-диспетчерлік бюросы, яғни ашып-санап көруге құқысы бар адамдар материалдардың әрбір партиясына арнайы ашылатын есептік (ашып-санап-өлшеп көру) карталарында жүргізіледі. Есептік партияларда ашып-санап-өлшеп көрудің технологиялық карталарына сүйене отырып, осы партияны ашып-санап-өлшеп көру нәтижесінде қандай көлемде және қайда дайындалғанын, сондай-ақ қалдық санын (нормалар бойынша) анықтап, қаншасы алынуға тиіс екені, сондай-ақ қалдықтары (нормалары бойынша) көрсетіледі. Бұған қоса, карточкаларға жұмыс орнына берілген материалдардың саны, осы партияның нақты жасалған, дайындалған (бөлшектер) саны, сондай-ақ қалдықтардың нақты саны да енгізіледі.
Ашып-санап-өлшеп көрудің көмегімен нақты дайындалған материалдың санын нормативтік санымен салыстыру арқылы нәтижесі анықталады. Нормалар бойынша материал шығысы өндірілген өнімнің санын шығыс үшін қолданылып жүрген нормасына кебейту жолымен анықталады. Үнемделген немесе артық жұмсалған материалдардың сандары өнімнің нақтылы шығарылуына кететін нормативтік шығысымен салыстыру арқылы анықтадады. Қалдықтарға қатысты да осындай бақылау жүргізіледі. Есептік картада ауытқулардың себебі мен материалды ашып-санап-өлшеп көрген жауапты адамдардың аты-жөні көрсетіледі.
Партиялар бойынша есептеуді қолдану мүмкін болмағанда немесе орынсыз болғаңда ауытқулар мерзімді түгендеудің көмегімен материалдардың әрбір түріне қарай әрбір орындаушы, бригада, бөлімше немесе бүтіндей цех бойынша (ауысым, тәулік, бескүндік, онкүндік немесе ай бойынша) анықталады.
Ағымдағы есеп деректерінің негізінде цехтар (учаскілер) бухгалтерияға материалдардың өндірісте пайдаланғаны туралы және үнемделген немесе артық жұмсалған материалдардың себептерін көрсетіп, содан соң нормадан ауытқулары туралы рапорттарын береді.
Тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құны шығыс (шығыны) ретінде соған байланысты табыс болған жағдайда ғана және сол есепті мерзімде танылатынын есте ұстаған жөн. Таза құнды есептегенге дейінгі кез келген шығыс сол кезеңнің залалы ретінде танылады. Сатылудың таза құнының көтерілуі өзіндік құнның төмендегенін көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет