К. Дюсембаев дайындаған "Қайта өңдеу өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары" (I бөлім)



Дата07.02.2022
өлшемі17,89 Kb.
#87986
Байланысты:
Дом. задание Рецензия на учеб. пособие


С. Сейфуллин атындағы "ҚазАТУ" АҚ "Тамақ және қайта өңдеу өңдірістерінің технологиясы" кафедрасының оқытушылары
М. М. Какимов, С. Ә. Карденов, Д. К. Дюсембаев дайындаған
"Қайта өңдеу өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары" (I бөлім) оқу кұралына

СЫН ПІКІР


Негізгі азық – түлік нарығы – бұл астық және астық өнімдері, олар көптеген тамақ өнімдерінің топтарын құрайды және астықты азық – түлік өнімдеріне қайта өңдеуге бағытталған технологиялар нәтижесін де алады.


Тәуелсіздік қадамы нығайып, құқықтық мемлекет болып отырған қазіргідей жағдайда жас ұрпаққа техникалық білім берудің маңызы зор. Халыққа тыңғылықты білім беру үшін сол халықтың ана тіліндегі жазуы, оқу құралдары болуы қажет. Қайта өңдеу өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтарын оқып үйренетін оқу құралдарын мемлекеттік тілде тыңғылықты да сапалы дайындау керек. Нақтылап айтсақ, термин сөздердің термин емес, кез-келген сөзден ең басты айырмашылығы ғылым, техника т.б. салалардағы арнаулы ұғымдарды дәл нақтылап білдіретіндігінде. Өндіріс технологиясын қамтамасыз ететін техникалық-экономикалық жағынан жоғары дәрежедегі машиналар мен жабдықтарды жеткілікті дәрежеде заманымыздың талабына сай пайдалана білетін жоғары техникалық мамандар дайындауымыз керек.
Астықты сақтау және өңдеу технологиясы – бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін алғаш рет өңдеу, қайта өңдеу және оны сақтау жөніндегі ғылым. Астықты өңдеу саласының мамандары осы өндірісте қолданылатын заманауи жабдықтарды толық игеруі тиіс. Ұсынылған оқу құралы 125 беттен тұрады.
Оқу құралы жаңа бағдарлама талаптарына сәйкес жазылып, қайта өңдеу өндірістері саласының мамандарына, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналып, күнделікті тәжірибе барысында пайдаланатын құрал деп қарастыруға болады.
Оқу құралы тақырыптарының әдістемелік жағынан дұрыс орналасуымен, оқу бағдарламасына толық сәйкестігімен және авторлардың ғылыми – зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қосып, осы бағыттағы ғылымның жетістіктерін толық қамтыған оқу құралы ретінде қайта өңдеу өңдірістерінің технологиясы мамандығы бойынша оқитын студенттердің негізгі оқу құралының бірі болып табылады.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық универистеті, Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы кафедрасы, ассистент, магистр


Б. М. Искаков


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет