Қаралды: Келісілді: Бекітілді



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі25,31 Kb.
#94424
  1   2   3   4   5
Байланысты:
шешендік өнер
шешендік өнер

Қаралды: Келісілді: Бекітілді:
Әдістемелік бірлестік Директордың ОІЖ Мектеп
жетекшісі: орынбасары: директоры:
---------А.Рыспанбетова ---------О.Қалқабаева --------М.Байшымыров
« ---» ----------2020ж « ---» ------ --2020ж « ---» ---------2020ж


«Шешендік өнер»
(вариативтік компонент)

Сыныбы:6
Мұғалімі: А.Рыспанбетова



2020-2021 оқу жылы


Түсінік хат
Бұл бағдарламада заманында туған елінің бірлігі мен ынтымағы үшін күресіп, жауласқан елді табыстырып, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен қазақ халқының дана билері мен құс көмей шешендерінің ел аузында қалған, толқынннан-толқынға жалғасып, ұрпақтарының санасының есеюіне ықпалын тигізіп келген ғибратты шешендік сөздерін оқып, танып білуге үйретеді. Онда зерттеушілер арқылы бізге жеткен философия мен әлеуметтік мәнге толы мұраларымен таныса отырып, сонымен қатар әр кездегі заман ағымы жайлы керемет, терең мағыналы мәліметке ие боламыз. Шешен-билердің өнегелі сөздерін салыстыра отырып әр замандағы шешен-билердің даралығымен, шешендік талантымен танысамыз.
Шешендік өнердің яғни сөз өнерінің қайта жаңғыруы – қоғамдық қажеттілік. Шешендік – болашақтағы қадамдарыңызға жол ашатын, өзіңізді танытуға мүмкіндік беретін, биік белестерге жетелейтін қуатты құралыңыз, пәрменді күшіңіз. Сондықтан бұл курстың мақсаты – шешендік өнердің яғни сөз өнерінің алуан сипаттары, тарихы, шешендік сөздердің түрлерімен, ерекшеліктері, пікірталас мәдениетінің талаптары жөнінде жан-жақты мағлұмат бере отырып, сөйлеу этикасын меңгеруге, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге, өмірге қажетті тілдік, қарым-қатынастық біліктеріңізді дамытуларыңызға мүмкіндік жасау.
Атақты шешен Цицерон айтқандай «Ақындық - туа бітті өнер болса, шешендік – жүре келе қалыптасатын қасиет». Олай болса сөз өнерін үйренуге талаптану әркімнің тілегіне, рухани қажеттілігіне. Өзектілігі: Шешен-билердің өмірі мен шығармаларын зерттей отырып, шығармаларының басты құндылықтарымен танысу және де қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін ұштастырып отыруға үйрету. Білім алушылардың өз бетінше бетінше іздене білуіне, шығармашылықпен айналысуына бағыт беру Бағзы замандардан жинақталған – бүгінгі күн кәдесіне толық жарайтын би-шешендердің сөздерінің қажеттілігін сезіну. Осы курстан үйренгендерін, көкейге түйгендерін, білгендерін білім алушы өмірде қолдана ала ма?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет