Қаралды: Келісілді: Бекітілді



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі25,31 Kb.
#94424
1   2   3   4   5
Байланысты:
шешендік өнер

Мақсаты мен міндеттері:
Шешендік өнердің яғни сөз өнерінің алуан сипаттары, тарихы, шешендік сөздердің түрлерімен, ерекшеліктері, пікірталас мәдениетінің талаптары жөнінде жан-жақты мағлұмат бере отырып, сөйлеу этикасын меңгеруге, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге, өмірге қажетті тілдік, қарым-қатынастық біліктеріңізді дамытуларына мүмкіндік жасау.
Шешендер сөзіндегі өсиеттерге ден қойып, шешенге лайықты қасиеттерді саралау,өнегелі сөздің дидактикалық мәнін,бүгінгі жастарға беретін ғибратын таныту. Би-шешендердің өмірлері мен шығармашылығын таныстыру. Міндет – оқушыларды сөз өнерінің құндылықтарын танып білуге; - шешендер сөздеріндегі ақыл-ой байлығы, билік шешімдері,кісілік қасиет туралы ойларын пайымдау;
білім алушының логикалық ойлауын қамтамасыз ету, оқушы бойындағы талантын танып, бағыт-бағдар беру; - шешен-билердің сөздерінің эстетикалық мәнін ашу; - әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы білім алушыны көптеген адами қасиеттерге, сөз тереңдігін түсінуге, тіл тазалығын насихаттай отырып, шешендік сөздің мазмұны арқылы тәрбиелеу. 
Білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру, көркем сөйлеуге, практикалық іс-дағдыларының қалыптасуына, ізденімпаздықпен жүйелі түрде жұмыс жасауына мүмкіндік береді.  Бейімделген курс бағдарламасы сызықтық модель бойынша жасалған. 
Теория мен тәжірбиенің байланысы мен бірлігін ескере отырып, білім алушылармен жүргізілетін жеке, ұжымдық жұмыстарды түрлендіріп отыру арқылы дидактикалық материалдармен жұмыс жасау. Олар: шешендер сөздерінен нақыл сөзге айналған сөздерді табу,шығарма кейіпкерлерінің сөйлеу тіліне баға бергізу, пікір айтқызу, сахналық көрініс қою және т.б.
1. Шешендік сөздерді мұғалімнің ұсынуы бойынша және өз таңдауымен мақамдап оқи білу; 2.Шешен-билер шығармаларын оқу барысында шешендік сөздердің мазмұн-мәнін,әдеби ерекшелігін, көркемдік мұратын танып білуі керек; 3. Шешен сөздері бойынша сахналық көріністер көрсете білу; 4. Білім алушылар өз бетінше ізденуіп және де пікір айта білуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет