Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы ХХ ғасыр басындағы Алаш



Pdf көрінісі
бет17/39
Дата22.05.2022
өлшемі1,2 Mb.
#144528
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
Байланысты:
bilet 1-30
polozhenie-o-magisterskoy-dissertatsii, Сабак №7, Сабак №5, Сабак №9, Сабак №8, Сабак №1, Сабак №14
3.
 
Біздің заманымызға дейінгі 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азия жерін мекендеген тайпалық 
бірлестік ғұндар деп аталды. Олар көшпелі, жауынгер халық болған. Ғұндардың кезінде патриархалды-рулық 
қарым-қатынастық белгілері өте күшті болды. Ғұндар ішінара 24 руға бөлінген жəне əр рудың басында ағамандар 
тұрған. Сол уақытта ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Сонымен бірге, ғұндар əскери 
тұтқындардан тұратын құлдар ұстаған. 


13билет 
1.
1867-1868жж. реформалар «Уақытша» сипат алып, екі жылға тəжірибе ретінде енгізілді, бірақ заңды 
тұрғыдан бекітілмей, 80-90жылдарға дейін қолданылдыІІ Александар патша 1867ж. 11-шілде «Жетісу, Сырдария 
облыстарынбасқару туралы, 1868ж.21-қазан «Торғай, Орал, Ақмола ,Семей облыстарын басқару туралы 
«Уақытшаережелер» жобасын бекітті. «Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генерал-
губернаторлыққабағындырылды. Олар- Батыс-Сібір, Орынбор, Түркістан. Батыс-Сібір генерал-
губернаторлығына -Ақмола, Семей, Орынбор генерал-губернаторлығына - Орал, Торғай, Түркістан генерал-
губернаторлығына– Жетісу, Сырдария облыстары кірді.1870ж.Маңғыстау приставтығы -Кавказ əскери округына, 
ал 1872ж.Бөкей ордасыАстрахан губерниясына қарады. 
2.
1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор жалпықазақ съезі болып, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, 
Сырдария, Ферғана, Ішкі Бөкей Ордасынан делегаттар қатысты. Қаралған мəселелер:− Мемлекеттік басқару 
формасы;− Қазақ облыстары автономиясын құру;− Жер мəселесі;− Халық милициясын құру;− Білім беру;− Сот 
ісі;− Рухани-діни мəселе;− Жетісудың ашыққан халқына көмек ұйымдастыру;− Қытайдағы 83 мың қазақ босқыны 
туралы.”Алаш” саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау қажет деп тапты. Қазақ облыстары ұлттық-
аумақтық автономия алуға тиіс деген қарар қабылданды. Алашорданың 25 мүшеден тұратын Уақытша Халық 
Қеңесі құрылды. Автономия орталығы Семей қаласында орналасатын болды.Алашорда үкіметінің төрағасы 
болып Ə. Бөкейханов сайланды. «Қазақ» газетінде «Алаш партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы 
жарияланды.«Алаш» партиясының бағдарламасы: - Басқару түрі; - Автономия; - Азаматтың негізгі құқықтары; - 
Дін ұстану туралы мəселе; - Соттар туралы; - Қорғаныс; - Салық; - Жұмысшы мəселесі; - Халық ағарту; - Жер 
мəселесі.Бағдарлама жобасының маңызы: 1. Сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы 
дамуының балама жолын ұсынды. 2. Буржуазиялық – демократиялық, ұлт – азаттық революцияны аяқтауға 
бағытталған жолды көрсетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет