Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:
Бөлім: 2B- Моңғолдар
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Иркеғұлова Б
Сынып: Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Монғолдар әлемдік империяны қалай құрды? Моңғолдардың жорықтары Еуразияның саяси картасын қалай өзгертті?
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.3.2.5-ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың ерекшеліктерін анықтау;
|
Сабақ мақсаты
|
Монғол жорықтары туралы біледі;
Моңғолдар басып алған халықтардың экономикалық және саяси даму деңгейін анықтайды;
Моңғол шапқыншылығыныңсалдарын анықтайды;
|
Бағалау критерийлері
|
монғолдардың жылдам жаулап алуларының себептерін біледі;
Әскери жорықтардың 4 бағытын: Орталық Азия, Қазақстан, Қытай, Шығыс Еуропаға жорығын сипаттай алады;
Моңғолдар басып алған халықтардың экономикалық және саяси даму деңгейін анықтайды;
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Құрылтай, Яса, хан, нойон, нөкер, ұлыс
|
Құндылықтарды дарыту
|
Басқа халықтардың тарихына құрметпен қарау, жалпы адамгершілік құндылықтарға баулу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
География, Қазақстантарихы
|
Алдыңғы білім
|
Монғолдар туралы мәлімет, Шыңғысхан туралы алған мағлұматтары
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
12 минут
|
Ұйымдасырукезеңі
Сабаққа дайындалу. Оқушылармен сәлемдесу. Топқа бөлу(Алфавит арқылы екі топқа бөлінеді)
«Ой шақыру» мақсатында мұғалім оқушыларды Шыңғысханның портретіне назар аудартады және соған байланысты сұрақтары қойылады.
Суретте кімді көріп тұрсыңдар?
Шыңғысхан туралы не білеміз?
«Шыңғысхан» фильмін кім көрді?
Монғолдардың жеңіске жету себебі не деп ойлайсыңдар?
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп, өздерінің жорамалдарын айтады,
Бағалау. Ауызша мадақтау арқылы (Жарайсың, керемет, өте жақсы т.б.)
|
Презентация
1-слайд
|
Сабақтыңортасы
25 минут
5 минут
5 минут
10 минут
5 минут
|
Мұғалім сабақтың мақсатымен таныстырып,
оқушыларға XIIғасырдың соңы мен XIII ғасырдың басындағы моңғолдар туралы қысқаша ақпарат бере отырып, монғол империясының құрылуы туралы айтады.
«Монғолдар» видеосы көрсетіледі.
1-тапсырма«Кезбе тілші» әдісі арқылы жүреді
Оқушылар моңғолдардың жеңістерінің себебі олардың көшпелі өмір салтымен байланысты екендігін анықтауы тиіс.
|
Монғолдардың жетістікке жету себептері
|
1
|
|
2
|
|
3
|
|
Дескриптор:
-Монғолдардың жаңа жерлерді тез бағындыра алуының 1-себебін анықтайды.
-Монғолдардың жаңа жерлерді тез бағындыра алуының 2-себебін анықтайды.
-Монғолдардың жаңа жерлерді тез бағындыра алуының 3-себебін анықтайды.
ҚБ: Смайликтер арқылы
2-тапсырма«Тірек сөздермен саяхат» әдісі
Екі топқа тірек сөздер беріледі. Осы сөздерді пайдаланып 1-топ монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алған жерлерін анықтап, картадан көрсетеді. 2-топ монғолдардың Қытай мен Шығыс Еуропаны жаулап алған жерлерін анықтап, картадан көрсетеді.
Дескриптор:
-Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алған жерлерін анықтайды
-Картадан көрсетеді
Дескриптор:
-Қытай мен Шығыс Еуропаны жаулап алған жерлерін анықтайды
-Картадан көрсетеді
Бағалау. Топтар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды.
3-тапсырма.«Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі арқылы жұптық жұмыс жүреді.
Ойталқыға мынадай сұрақ қойылады: Монғолдар Еуразия картасына қандай өзгерістер әкелді?
Дескриптор:
-ХІІ ғасырдың соңында монғолдар басып алған жерлерде құрылған мемлекеттерді анықтайды
- Моңғолдар басып алған халықтардың экономикалық және саяси даму деңгейін анықтайды
Бағалау (Ауызша мадақтау арқылы
|
2,3,4,5-слайдтар
Видео материал
Үлестірме қағаздар, оқулық, «Монғол шапқыншылы-ғы» картасы
|
Сабақтыңсоңы__3_минут__Рефлексия'>Сабақтыңсоңы
3 минут
|
Рефлексия: «Мен үшін бүгінгі сабақ...» Оқушыларға жеке парақша беріледі. Олар үш бағыт бойынша өздеріне қажетті сөздің астын сызады.
Сабақ
|
Мен сабақта
|
Қорытынды
|
Қызық
|
Жұмыс істедім
|
Материалды түсіндім
|
Қызықсыз
|
Демалдым
|
Білетінімнен де көп білдім
|
Енжарлық басым
|
Басқаларға көмектестім
|
Түсінбедім
|
|
|
|
Сaрaлaу – оқушығa мейлінше қолдaу көрсетуді қaлaй жоспaрлaйсыз? Қaбілетті оқушығa тaпсырмaны қaлaй түрлендіресіз?
|
Бaғaлaу – оқушы білімін тексеруді қaлaй жоспaрлaйсыз?
|
Пəнaрaлық бaйлaныс – Денсaулық жəне қaуіпсіздік, AКТ-мен бaйлaныс. Құндылықтaрмен бaйлaныс (тəрбие элементі).
|
Тaпсырмaлaр оқушылaрдың деңгейіне қaрaй, қызығушылығына қарай, қабілетіне қарай сaрaлaнaды.
Тапсырма жеңілден күрделіге қарай саралана жүргізіледі;
Қабілетті оқушылар:.
Берілген тапсырманы орындауда белсенділік танытады және тапсырмалар арқылы тұжырым жасайды, ойталқы кезінде өз көзқарастарын қалыптастырып, қорытынды жасай алады, топтық жұмыста топ оқушыларына қолдау көрсетеді;
Қабілеті орташа оқушыларкартадан монғолдар жорықтарын оңай таба алады
Қабілеті төмен оқушылар:монғолдардың жетістікке жету себептерін түсінеді.
|
Оқушылaрғa сaбaқ үдерісінде тaпсырмaлaрды орындaудaғы ұтымды тұстaрын, әрі қaрaй жетілдіруге болaтын тұсын aйтып кетемін. Жaуaпқa ризa болғaндa «Керемет! Жaрaйсың! Тaмaшa!» деген сөздермен мaдaқтaп отырaмын.
Оқушылар «Тірек сөздермен саяхат» кезінде бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды.
Жұптық жұмыс кезінде бір-бірімен пікірлесіп, ойталқы жасай отырып, бір-бірін бағалайды.
|
География,қазақстан тaрихы, бейнелеу пәндерімен бaйлaныс орнaтылaды.
Тапсырмаларды орындау барысында монғол шапқыншылығы кезеңіндегі тарихи оқиғаларды саралай отырып, басқа халықтардың тарихына құрметпен қарау, жалпы адамгершілік құндылықтарға баулу.АКТ-сабақтың өн бойында пайдаланылады, жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтауды сабақ барысында қадағалап отырдым.
|