Саяси мәдениет – бұл тарихи қалыптасқан жүйе, нақты құндылықтар, нұсқаулар, ұсыныстар, жүріс модельдері, саяси процестің субъектісінің қызметінің көрінісі және саяси қоғамдық өмірінің ауыспалылығын қайта өндірісін қамтамасыз ету.
Саяси мәдениет – бұл тарихи қалыптасқан жүйе, нақты құндылықтар, нұсқаулар, ұсыныстар, жүріс модельдері, саяси процестің субъектісінің қызметінің көрінісі және саяси қоғамдық өмірінің ауыспалылығын қайта өндірісін қамтамасыз ету.
Саяси мінез-құлық - субъектілердің саяси тәжірибеге қатысты бағыты мен әрекетін көрсететін саяси шындық пен өзара іс-әрекеті. Саяси мінез-құлық адам мінез-құлқының жоғары сатысы. Саяси мінез-құлық жеке тұлғаларға, топтарға, ұйымдарға қатысты айтылады. Саяси мінез-құлық алға қойылған мақсаттармен реттеледі. Оның мәні, бағыты, құндылығы, сипаты мен ерекшеліктері адамның дүниетанымына тәуелді. Саяси мінез-құлық кең мағында ерекше қызметті білдіреді.
Жоғары деңгейде саясат қызмет ретінде басқа адамдардың мүдделері мен талаптарын реттеуге ұмтылу.
Орташа деңгейде өз мүдделері мен оларды саяси көрсету бағытындағы қызмет.
Төменгі деңгейде бұл саяси жүйенің құндылықтары мен ережелерін игеру барысындағы қызмет.
Жоғарғы деңгейдегі саяси мінез-құлық кәсіби-саясаткерлерді, бірінші кезекте көшбасшыларын сипаттайды.
Орташа деңгейде - саяси партиялар белсенділері, саяси ұйым қызметкерлері.
Саяси қатынастар - саяси билікті пайдалану, оған ие болу және оны қайтадан бөлу төңірегіндегі саясат субъектілерінің өзара қарым-қатынасы. Саяси қатынастар саласы қоғам өмірінің саясилану деңгейіне және саяси-мемлекеттік бақылау ауқымына тәуелді. Саяси қатынастар қоғамның саяси жүйесінің қызметін анықтайды.
Саяси қатынастарды келісім, бітімгершілік, ынтымақтастық, қақтығыстық, бәсекелестік деп жіктеуге болады. Саяси қатынастарға саяси дәстүр мен мәдениет, саяси-мемлекеттік институттар және саяси-құқықтық ережелер ықпал етеді.
Саяси қатынастар субъeктілepi - жеке индивидтер, топтар, қауымдар мен түтастай қоғам болып табылады. Осыған орай, саяси қатынастар көп деңгейлі, күрделі және өзара тәуелді болып келеді. Жеке-топтық деңгейде олар саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы осы қатынастар субъектілерінің мәртебесі мен рөліне, мүдделері мен құндылықтарына, әлеуметтік-психологиялық қасиеттеріне тәуелді. Саяси қатынастар деңгейі жоғарылаған сайын оған ұлттық саяси мәдениет, қоғамдық-экономикалық жүйе және өркениет ерекшеліктері ықпал етеді.