Атырау облысы Б. Нысанбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп Бекітемін: Ұсынамын



Дата11.01.2017
өлшемі123,73 Kb.
#7220
Қазақстан Республикасы Білім мен Ғылым Министрлігі

Атырау облысы

Б. Нысанбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп

Бекітемін: Ұсынамын:

Б.Нысанбаев орта Бастауыш сынып орта мектебінің директоры мұғалімі

...................... Ә.Ү.Сарсенғалиев ................Д.С.Тоқышева

«....» ................ 2012жыл «....» .................... 2012 жыл


Ана тілі пәні бойынша

«Тіл дамыту»

курсының бағдарламасы

( 1- сыныпқа арналған)

Құрастырған: Атырау қаласы Бірлік селосы

Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі Д.Тоқышева


2012-2013жыл

-
Түсінік хат

Бұл бағдарлама «Қазақ тілін оқытудың тұжырымдамасы» мен «Қазақ тілінің мемлекеттік стандарты» (2002 ж) сай түзетілген негізгі бағдарлама көлемінде алатын білімдерін бір жүйеге түсіре отырып, әрі қарай тездетуді көздейді.

Оқу қазақ тілінде жүретін мектептерде оқушыларға қазақ тілін оқыту мәселесі олардың дұрыс сөйлей алатын болып шығуына мүмкіндік беретіндей деңгейде болуы тиіс. Оқушылар қазақша ауызекі сөзге түсініп, өздері қазақ тілінде көрген білгенін, ойын айтып, оқып, жаза алатын болуы керек. Бұл үшін олар тұрмыста жиі қолданылатын сөздерді игеріп, қазақ тіліне тән дыбыстардың емлесін біліп, дыбыстарды дұрыс айтуға дағдылануға тиіс.

Қоғамның ертеңі болашағы жас жеткіншектерді тіл мәдениетіне баулу – бүгінгі күннің басты талабы. Қазақ тілін үйрену мен үйретудің маңыздылығын бүгінгі таңда өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл болғандықтан, сыныптарда қазақ тілін оқытуға көп көңіл бөлінуі керек.

Қазақ тілін оқытудағы мақсат – оқушыларды қазақ тілінде шешен сөйлесе білуге үйрету, сөздік қорын байыту, жаңадан үйренген сөздерді пайдалана білу, сөйлемді дұрыс айту, мұғалімнің сұрағына түсінікті жауап беру, тәсілдерін меңгерту.

Тіл дамытудың негізі - оқушылардың сөздік қорын байыту және сол сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Оқушылар сөзді неғұрлым көп білсе, жұмыстың басқа салалары соғұрлым жедел жүреді.

Бағдарламаның мақсаты:

Қазақ тілін оқытудағы мақсат – оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлесе білуге үйрету, сөздік қорын байыту, жаңадан үйренген сөздерді пайдалана білу, сөйлемді дұрыс айту, мұғалімнің сұрағына түсінікті жауап беру тәсілдерін меңгерту.

Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу дағдыларын ескере отырып, әр сабақта сол сөздермен сөйлем құрату, жаңа сөз үйрету, қазақ тіліне тән дыбыстарды айыра білу, сауатты жазуға үйрету, жеңіл, қысқа мәтіндерді оқытуға машықтандыру, түсінгенің айта білуге дағдыландыру, бір-бірімен сөйлесе білуге үйрету, әр түрлі жазба жұмыстарын ұйымдастыру, өз ойын жүйелі түрде айтып беруге, қазақша сөйлеуге жаттықтыру.

Күтілетін нәтиже

Осы оқу курсының мазмұнын меңгерген оқушыдан күтілетін нәтиже:

Қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгерген, сөз ішінде дұрыс айта білетін, дұрыс жаза алатын, сөздерді орфоэпиялық нормамен айтуға жаттыққан, мәтіннің мазмұнын баяндайтын, қазақша сөйлеуге жаттыққан, қазақ тілінде өз ойын жазбаша білдіре алатын, тілі дамыған тұлға қалыптасады.

Пәнаралық байланыс:

1: Дүниетану ,

2: Әліппе,

3: Ана тілі .

4: Тіл дамыту


«Тіл дамыту» курсы бойынша бағдарлама

Бірінші гимназия сыныбы

Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат




Тақырыбы

Күні

Сағат

1

«Балалар мен ғалым» әңгімесі

8 .09

1

2

С.Көбеев «Екі соқа» әңгімесі

15.09

1

3

Практикалық жұмыс

22.09

1

4

С. Көбеев «Сауысқан мен қарға» әңгімесі

29.09

1

5

Сөз және сөйлем

6 .10

1

6

Тіл дамыту сабағы

13.10

1

7

Граматикалық жаттығулар орындау

20.10

1

8

«Алдар Көсе мен бай баласы» аңыз әңгіме

27.10

1

9

Мәтінмен жұмыс

3 .11

1

10

Нәтиже сабақ. Сөйлесу үлгілері

17.11

1

11

Жазба жұмысы (сурет бойынша әңгіме). Қатемен жұмы

24.11

1

12

«Арыстан күшігін асыраған мысық» ертегі

1 .12

1

13

А. Бақтыгереева «Мұғалім апай»

8 .12

1

14

«Жеті атасын білмеген жетім»

15.12

1

15

Сен нені жақсы көресің? Нәтиже сабақ 22.12

1

16

Менің отбасым Талдау жұмысы 29.12

1

17

Т. Молдағалие «Менде үлкен боламын» 12.01

1


























































































































































18

Жұмбақтар Мақалдар Жаңылпаштар 19.01

1

19

«Жарыс жалғасады» ертегі-жаңылпаш 26.01

1

20

Жазба жұмысы (шығарма) 2.02

1

21

Қатемен жұмыс 9.02

1

22

Сен не үйрендің? 16.02

1

23

Қысқы демалысым

23.02

1

24

Наурыз мейрамы Анашым (өлең құрастыру)

2.03

1

25

Тазалық - саулық негізі

.03

1

26

Мәтінмен жұмыс Бала тілі - бал

16.03

1

27

Бау – бақшадағы жұмыстар Көктем

6.04

1

28

«Қошақаным қайда екен?» өлеңі Малдың төлдері

13.04

1

29

Қызықты ойындар «Хан талапай» ойыны

20.04

1

30

Жаз мезгілі

27.04

1

31

Өткенді қайталау Мен не білемін?

4.05

1

32

Ойынды жаза білесін бе? (мазмұндама)

11.05

1

33

Қатемен жұмыс

18.05

1

34

Тестік жұмыс Қайталау

25.05

1


Барлығы: 34 сағат
Осы мақсатқа сай туындайтын міндеттер:


  1. Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту;

  2. Сөйлеуге дағдыландыру үшін, пайдаланылатын басты материал – мәтін. Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту, сұрақтарға жауап беру.

  3. Сөздік қорын молайтуға, өз ойын дұрыс жеткізуге дағдыландыру үшін мазмұны тартымды, тілі көркем жұмбақ, жаңылпаш, мақал, ертегі, шағын өлеңдер мен қызықты әңгімелер оқу.

  4. Граматикалық тұлғаларды мәтінді оқудан бұрын түсіндіру, мазмұны бойынша сұрақтар қою, жауап қайтара білу.

  5. Мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне аудару.

  6. Жаңа сөздердің, сөз тіркестерінің, мақалдардың сөздігін жасау.


Жүктеме сағаты :34 сағат
Апталық сағаты : 1 сағат
Курсты ұйымдастыру формасы:

Сабақ кестесіне енгізіліп , аптасына бір сағат өткізіледі.


Курсты оқытуды аяқтау форматы :


  1. Тест тапсырмасы


2.Тақырыптық бақылау
3.Нәтиже сабақ


Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау :

«5», «4», «3», «2» жүйемен бағалау

Бағдарламаны құрастырушы :
Тоқышева Динара Сембайқызы

Боран Нысанбаев орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

14 санатты


Курстың тақырыбы: « Тіл дамыту »


Атырау қаласы

Бірлік селосы

Оқушының білім дағдысына қойылатын талаптар:


  • сөздерді дыбыстық құрамына қарай талдау;

  • дауысты дыбыстарды, дауыссыз дыбыстарды айыра білу;

  • сөздегі буындар санын анықтау;

  • әліпбидің қатарын жаттау;

  • сурет мазмұнын қазақша айтуға жаттығу;

  • орын тәртібі ауысқан сөйлемдегі сөздерді дұрыс қалыпқа келтіре білу;

  • мәтіннен қажетті сөйлемдерді таба білу;

  • тірек сөздер бойынша әңгіме құрастыру;

  • жоспар, сұрақ бойынша әңгіме айтуға жаттығу;

  • мәтін бойынша сұрақ қоя білу;

  • мәтінді түсініп, дұрыс мәнерлеп оқуға дағдылану;

  • мәтінді дауыстап оқу, ішінен оқу;

  • мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап бере білу;

  • тыңдау, есту арқылы түсінгенін айтқызу;

  • түрлі жағдайларға байланысты әңгіме жүргізе білу;

  • тапсырма шарттарын түсініп орындау;

  • шағын өлең, мақал, жұмбақдарды жатқа айту;

  • жаңылпаштарды жылдам оқып, мазмұнына түсіну;

  • шағын әңгіме, мазмұндама, шығарма жазуға төселу;

  • сауатты жаза білуге дағдылану.


Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Қ.Амзеева, В. Қуанышбаева «Қазақ тілі» Алматы 2000 ж.

  2. М. Алимбаев «Әрі оқу, әрі ойын» Алматы 2001 ж.

  3. Ө.Әлімгереев, А.Нұрғалиев «Сырымның шешендік сөздері» Алматы 1994 ж

  4. З. Бейсембаева, А. Сатбекова «Септік жалғаулары» Алматы 1997 ж.

  5. Г.К. Досмамбетова «Книга для учителя казахского языка» Алматы 2002 ж.

  6. Қазақ жұмбақтары Алматы 1993 ж.

  7. Қазақстан халықтарының ертегілері Алматы 1996 ж.

  8. Қазақша – орысша ықшам сөздік. Алматы 2000 ж.

  9. Ж. Мәжитқызы, С. Дүйсебаев «Қазақ тілі» Алматы 2000 ж.

  10. Түсіндірмелі сөздік


Бағдарлама бірлестіктің әдістемелік отырысында қаралып талқыланды:
Хаттама 1. « ». 08. 2012 жыл

Бірлестік жетекшісі: К. Мәшімбай

Бірлестік хатшысы: Н. Хамзина
Бағдарлама мектептің педагогикалық

кеңесінде қаралып, бекітілді:
Хаттама № 1. « ». 08. 2012 жыл

Мектептің педагогикалық кеңестің төрағасы : Ә.Ү.Сәрсенғалиев
Мектептің педагогикалық кеңестің хатшысы: С. Теңізова
Каталог: uploads -> doc -> 0e07
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e07 -> Ашық сабақТЫҢ тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет