Шипалы су шарапаты «Барлық арасан»



Дата12.12.2021
өлшемі0,49 Mb.
#99639
Байланысты:
барлық арасан


Шипалы су шарапаты «Барлық арасан»

Барлық арасан Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік жағы Алакөл көлінің шығыс бөлігінде орналасқан.Арасан тауының Барлық алқабында теңіз деңгейінен 579 метрден шығып жатқан минералды су.Осы Барлықтың бауырында ыстық бұлақтың шығып жатқанына қанша ғасыр, әлде мыңжылдықтыр болғанын тап басып ешкім айта алмайды.Ғажабы, айдыннан есетін ақжелкен жел де, құйындатып жететін Ебі де бұлақтың көзін қай заманнан бітей алмаған.Жихандық фауна өзгеріп, қазаншұңқырлардың тұзы аспанға көтеріле бастағалы бірталай уақыт болса да, Алакөлдің суы артып келеді.Көлдің шипалылығы көп айфтылып жүр.Оған сәлде болса септігін тигізіп отырған жайтқа тоқталсақ.Жазушы Зейнолла сәнік «Хан батыр Қабанбай» кітабында былай деп жазыпты: «Шағантоғайдың Қаракемер деген жерін жарып батысқа қарай ағатын Қайыңды өзені төменірек барғанда биік қабатқа тіреліп, жер астына сіңіп кететін көрінеді.Сол жерден «Барлық Арсан» атты арасан пайда болған.Оның суы жер асты арқылы Алакөлге барып құятындықтан,Алакөлдің суын да шипалы суға айналдырған.»Табиғаттың үйлесіміне ішкі сезім иланады.Себебі, Көнекөз қариялар Барлықтың қайнарын «Қабанбай арасаны» атанған деген аңыз бар.Қалмақтың Қонтайшысы Қалдан Серен де Барлықтың шипалы бұлағына түсіп тұрған .

Барлық тауына Қабанбай ауылынан 18 шақырым болады. Судың шипалығы ежелден-ақ белгілі болған.Ата-бабаларымыз осы жерде өсіп-өнгендіктен, емдік қасиетін біліп, бұлақ басына киіз үй тігіп емделген. Бұл туралы аталарымыздың аталары айтқан екен.Расынад, суына бір түсіп шыққан жан жеңілдеп қалады екен.

Бралықтың жотасында бұрқырып шығып жатқан жатқан қайнарларды ел іші «көз суы», «жүрек суы», «асқазан суы» деп атайды.Шындығында, Атауында тұрғандай, жанары нашарлған қариялар «көз суын» қарашығына тамызып, асқазаны ауырғандар «асқазан суын» ішіп, ем-домын алып жатады. «Көз суының» құрамында күміс бар.Әрине шипажайдың ішінде ваннаға құйылатын ыстық су басқа.Бұл судың температурасы 42-43 С дейін жетеді.Жалпы мұнда 13 термалды минералдық су көздері бар. Су құрамы КҮКІРТ, НАТРИЙ, ХЛОРЛЫ СУЛЬФАТ, КАЛЬЦИЙ, КРЕМНИЙ ҚЫШҚЫЛЫНА бай.Арасан суы жыл сайын тексеріледі. Мамандардың айтуынша , БАРЛЫҚ – АРАСАН суы химиялық құрамы жағынан ЦХАЛТУБО, САРЫАҒАШ, АЛМА-АРАСАН шипажайларының суына ұқсас.Содан болар кеңестік әйгілі ғарышкерлері Павел мен Марина Поповичтер де емделген.Қайнар сулары қыста қатпайды.Шипажай басшылары қар түссе ыстық суды далаға ағызып жібереді.Егер кранды жапса, жерасты суы басқа жаққа ауып кететін көрінеді.









Черибаева Мөлдір Бақтыбайқызы



Қабанбай бөлімінің қызметкері

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет