Құрғақ қоспаның құрамындағы барийді анықтау Бұл жұмыс ерітіндідегі барий катионын, сульфат анионымен



бет1/4
Дата29.01.2022
өлшемі44,23 Kb.
#130118
түріҚұрамы
  1   2   3   4
Байланысты:
Барийді гравиметриялық анықтау
2021 Перечень ОП КПК каз

Құрғақ қоспаның құрамындағы барийді анықтау
Бұл жұмыс ерітіндідегі барий катионын , сульфат анионымен - әрекеттестіру арқылы нашар еритін барий сульфаты тұнбасын алып, оны сүзіп, тұрақты массаға дейін қақтап, салмағын таразыға тартып өлшеуге және талдау нәтижелерін есептеуге негізделген.

Жұмыстың негізі болып саналатын реакциялар:





мұндағы


- талданатын зат,

- әрі тұнбаға түсу әрі гравиметриялық өлшену формалары, яғни тұнбаны қақтағанда оның құрамы өзгермейді.

Ерігіштік көбейтіндісінің шамасы аз болғандықтан жоғарыдағы реакция кезінде ерітіндідегі барий ионы кристалды тұнба күйінде тұнбаға толық түседі. Кристалды тұнбалардың түзілу механизмдері ерекше болғандықтан, ондай тұнбаларды алу үшін төмендегідей жағдайларды ескеру қажет.



  • тұнба түсіру үрдісін ыстық ерітінділерде жүргізеді, себебі температураның көтерілуі ерітіндідегі ұсақ кристалдардың еріп ірі кристалдардың үлкеюіне септігін тигізеді;

  • ерітінді аса қанық болмас үшін және онда көптеген кристал түзгіш орталықтар түзілмес үшін тұнба түсіргішті біртіндеп аздаған мөлшерде араластыра отырып қосады және жоғарыдағы кемшіліктерді болдырмас үшін тұнба алуды қышқылды орталарда жүргізеді.

Тұнба алынған соң, оны ерітіндінің ішінде пісіріп жетілу үшін бір немесе бірнеше тәулікке қалдырады, яғни ол кезде өздігінен ұсақ кристалдар еріп ірі кристалдарға айналады.

Тұнбаға түсу формасын өлшену формасына айналдыру үшін тұнбаны 600-8000С-та қыздырады. Егер барий сульфаты бұданда жоғарғы температурада қыздырылатын болса, онда ол термиялық айырылу үрдісіне ұшырайды.



, яғни тәжірибеде бұл үрдісті болдырмауға тырысу керек, сондықтан муфель пешіндегі температураны қадағалап отыру қажет.

Егерде зерттелетін үлгіде кальций, көптеген мөлшерде темір, хром, силикаттар, карбонаттар кездесетін болса онда оларды алдын-ала бөліп тазартып алған жөн, себебі бұл заттар барийдің мөлшерін анықтауға кедергі келтіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет