Септіктің аналитикалық формалары



бет1/2
Дата22.09.2023
өлшемі18,83 Kb.
#182093
  1   2
Байланысты:
4. Септіктің аналитикалық формалары 2
№2 конспект Курбаналиұлы Жалғас, буллинг, информация по ДП 9.09, көмекші сөз 3, неолит Аят, шпор пед , shpora

Септіктің аналитикалық формалары.

Есімді аналитикалық құрылымдардың келесі тобы септеулік шылаулардың негізгі сөзге тіркесіп келуі арқылы жасалған септіктің аналитикалық формалары. Септіктің синтетикалық формалары септік жалғаулары арқылы жасалады. Септіктің аналитикалық формалары септеулік шылаулары арқылы жасалады. Мысалы,


ауылға бара жатырмын – ауылға қарай бара жатырмын
сен үшін дайындадым – саған дайындадым
Арманмен бірге келдім – Арманмен келдім
Жоғарыдағы мысалдардан септіктің аналитикалық құрылымдары синтетикалық формаларды ауыстырып қолданыла беретіндігі айқын көрінеді. Аналитикалық септіктер кейде синтетикалық септікті ауыстыра алады, оның беретін грамматикалық мағынасын көрсете алады. Септеуліктер өзі тіркесетін сөздің белгілі бір септікте тұруын қажет етеді. Септеулік шыраулар өзі тіркескен сөзге грамматикалық мағына үстейді. Сөйлемде ол дербес сөзбен бірге бір мағына беріп, бір сөйлем мүшесі болады. Оларда белгілі бір септік формасындағы сөзге тіркескенде тұрақтылық бар. Бұл тұрақтылық олардың кез келген септік тұлғадағы сөзге емес, әр септеуліктің байланысатын септік түрлері бар екендігін көрсетеді:

  • Атау септігімен тіркесетін септеулік шылаулар: үшін, сайын, сияқты, секілді, тәрізді, туралы, бойы, бойымен, жайлы жайында. Грамматикалық мағыналары: себеп, мақсат, даралау, ұқсату, белгілі бір істің қайталануы, т.б.

  • Барыс септігімен тіркесетін септеулік шылаулар: шейін, дейін, таман, жуық, тарта, қарай, таяу, салым. Грамматикалық мағыналары: мезгіл, мекен.

  • Шығыс септігімен тіркесетін септеулік шылаулар: гөрі, кейін, соң, бері, әрі, бұрын, бетер. Грамматикалық мағыналары: таңдау, талғау, салыстыру, мезгіл, күшейту.

  • Көмектес септікпен тіркесетін септеулік шылаулар: қатар, бірге, қабат. Бұл септеуліктер іс-әрекетті бірнеше субъектінің бірігіп жасағанын білдіру үшін қолданылады.

Бұл топтастыру септеулік шылаулардың өзінің алдындағы сөздің қай септік формасында тұруын қажет ететіндігін білдіреді. Ал аналитикалық септік формалары қандай синтетикалық септік формаларын алмастыратындығы анықтауды қажет ететін мәселе.
Үшін септеулік шылауы атау септікте тұрған сөзбен тіркесіп қолданылса да, бұл септік атау септігінің аналитикалық формасы болып табылмайды. Мысалы, Таулы аймақта жөн та­уып жүріп-тұрудың өзі олар үшін әуелгі кезде оңайға түспейді (Б. Соқпақпаев). Жарау аттай қағылез, бойшаң жігітке солдат киімі әдейі сол үшін тігілгендей керемет жарасатын (Б. Соқпақпаев). Бұл сөйлемдердегі олар үшін, сол үшін тіркестерін оған, соған деп өзгертсек, сөйле мағынасы өзгермейді. Оған, соған кімге? деген сұраққа жауап беріп тұр, ендеше ол, сол есімдіктеріне барыс септік жалғауы жалғанған. Бұдан біз үшін септеулік шылауы барыс септіктің аналитикалық формасы екенін көреміз.
Арқылы септеулік шылауы атау септік формасындағы сөзбен тіркесіп қолданылады. Бұл шылаудың түсіндірме сөздіктегі мағынасы [] – «арқасында, көмегімен». Қазақ тіл білімінде істің бір нәрсе көмегімен атқарылуын көмектес септік формалары береді. Бұдан арқылы септеулік шылауының көмектес септіктің аналитикалық формасы болатындығын байқаймыз. Мысалы, Почта арқылы барған хат мәндірек, жауаптырақ болатын тәрізді (Б.Соқпақпаев). Мөңке осы күтпеген қара қатқақ жол арқылы аралға бар әскерін төкті (І.Есенберлин). Сөйлемдердегі почта арқылы, қатқақ жол арқылы тіркестерін почтамен, қатқақ жолмен деп алмастырса, мағына өзгермейді.
Бойынша септеулік шылауы да көмектес септіктің аналитикалық формасы болады. Жұмыр жер күндегі дағдысы бойынша тынбастан зырлап, кіндігін және бір айналып шықты (Б.Соқпақпаев). Бұл сөйлемдегі күндегі дағдысы бойынша тіркесін дағдымызбен көмектес септік формасындағы сөзбен алмастыруға келеді.
Сайын септеулігі атау септікте тұрған сөзбен тіркесіп, мезгілдік мағынаны білдіреді. Тілімізде мезгілдік мағынаны барыс септігі мен жатыс септігі білдіреді. Сайын септеулігі нақты уақытты және белгілі бір уақыт аралығында қимылдың бірнеше рет қайталануын көрсетеді және жатыс септігінің аналитикалық формасы болады. Мысалы, Бұрын қолыма түспей, ыза қылғаны үшін енді күн сайын жаңасын киіп шығатын болам (Б.Соқпақпаев). Сол күтімнің арқасында сиыры да, биесі де жыл сайын төл береді (Б.Соқпақпаев). Бұл сөйлемдердегі күн сайын, жыл сайын тіркестерін күнде, жылда деп жатыс септігімен алмастырып қолдануға келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет