Жайлы, туралы, жөнінде, жайында септеулік шылаулары атау септікте тұрған сөзбен тіркесіп қолданылады. Қазіргі әдебиетте махаббат туралы қалай жазу керектігі сөз болды (Ә.Нұршайықов). Бұл сөйлемді Қазіргі әдебиетте махабатты қалай жазу керектігі сөз болды деп құруға болады. Бұдан біз бұл септеулік шылаулар жатыс септігінің аналитикалық формасы болатындығын көреміз.
Бойы септеулік шылауы да мезгіл мәнді сөздермен тіркесіп, жатыс септігінің аналитикалық тұлғасы болады. Мысалы, Төрт жыл бойы сол өмірге қалыптасып қалғандықтан ба, кім білсін, оқытушы жаңағы студентканы да аудиториядан қуып шығатын болар деп қауіптендім (Ә.Нұршайықов). Мұнда төрт жыл бойы тіркесін төрт жылда деп айтса, сөйлем мағынасы өзгермейді.
Дейін, шейін септеуліктері барыс септігінде тұрған сөзбен тіркесіп қолданылады. Бұл септеуліктер барыс септігінің мағынасын толықтырады, барыс септігі бере алмайтын грамматикалық мағыналарды бере алады.
Қалаға бару Қалаға дейін бару Бұл тіркестерде –ге жалғауы да, дейін шылауы да бағыттық мағынаны беріп тұрса да барыс септік жалғауы дейіншылауының шектік, нақтылық мағыналарын бере алмайды. Демек, дейін, шейін шылаулары барыс септігінің аналитикалық тұлғасы болады.
Бері септеулік шылауы шығыс септік тұлғасындағы сөзбен тіркесіп қолданылады әрі шығыс септігінің аналитикалық формасы бола алады. Мысалы, Сембай әулетінің бәз заманнан бері пайдаланған көне заттарын сақтайтын музей тәрізді (Б.Соқпақпаев). Бұл сөйлемді заманнан бері немесе заманнан деп құрсақ ешқандай айырмашылық жоқ.
Бірге, қатар, қоса, қабат септеулік шылаулары шығыс септікте тұрған сөзбен тіркесіп қолданылады. Бұл септеуліктер көмектес септігінің аналитикалық форманттары болып табылады. Үзіліс кезінде бізбен бірге қосылып ойнайды (Б.Соқпақпаев). Мысалы, Онсыз да әрең жан сақтап тұрған жаман есікті маңдайша, таяныштарымен қоса қопарып алып кетті(Б.Соқпақпаев). Бұл сөйлемдердегі бізбен бірге, таяныштарымен қоса тіркестерін бізбен, таяныштарымен деп шығыс септігімен ғана қолдануға болады.
Сонымен, септіктің аналитикалық формалары төмендегідей:
Барыс септіктің аналитикалық формасын жасайтын септеулік шылаулар: үшін, дейін, шейін;
Табыс септігінің аналитикалық формасын жасайтын септеулік шылаулар: жайлы, туралы, жөнінде, жайында;
Жатыс септігінің аналитикалық формасын жасайтын септеулік шылаулар: сайын, бойы;
Шығыс септіктің аналитикалық формалары: бері;
Көмектес септігінің аналитикалық формалары: арқылы, бойынша, бірге, қатар, қоса, қабат.
Септіктің аналитикалық құрылымы мен синтетикалық формаларының беретін грамматикалық мағыналары бір. Айырмашылығы – аналитикалық құрылым аналитикалық тәсілге жатса, синтетикалық құрылым синтетикалық тәсілге тән, яғни айырмашылық тек тәсілдерінде ғана.
Септіктің аналитикалық формасы негізгі есім сөз бен көмекші сөзден тұрады.
Септеулік шылаулардың ерекшеліктері:
Септеулік шылаулар септік жалғаулы сөзден басқа тұлғадағы ешбір сөзбен қолданылмайды;
Септеулік шылаулар белгілі бір септік тұлғасына ғана тіркеседі.
Септіктің аналитикалық формаларын есімді аналитикалық құрылым болу шарттарының бірі септеулік шылаулардың есім сөздермен тіркесіп келуі болып табылады.
Демек, септеулік шылауларға тән төмендегі белгілерге қарай оларды септіктің есімді аналитикалық құрылымдары деп танимыз: