Сабақ №37 Мұғалімнің есімі: Оралбекова. Г. К сынып: 6



Дата10.07.2017
өлшемі95,4 Kb.
#21006
түріСабақ
Сабақ жоспары

Сабақ: Қазақ тілі

Тақырыбы: Шылаулардың емлесі.Және,мен, (бен,пен) шылауларының емлесі.


Мектеп:

№ 60 жалпы орта мектеп



Күні: 24.04.2017ж.

Сабақ № 37

Мұғалімнің есімі:

Оралбекова. Г. К



Сынып: 6 «Ә»

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Кесте арқылы шылаулардың емлесін түсіну,сабақта мәтіндерге ережеге талдау жасай білу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:




Шылаулардың емлесі ,ережесі мен мысалдар келтіре алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Шылаулардың лексикалық мағынасы жоқ екенін біледі.

Кейбір оқушылар:

Шылаулардың бөлек жазылатынын,кейбір шылаулардың дефис арқылы жазылатынын біледі,жалпы емлесін меңгереді.

Тілдік мақсат

Оқушылар:




Негізгі сөздер мен тіркестер:

Нарқын-бағасын,айырмашылығын

Сараптау-айырмасын білу,талқылау



Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

1.Өздері шылау бола тұра неге жалғаулық шылаулар деп аталады екен?


Оқылым бойынша ұсыныстар: Ережені оқу.

Жазылым бойынша ұсыныстар: «Үш тілділік», «Поп-корн», «Тыңдап отырған үштік» әдістері арқылы жаттығуларды орындату.

Айтылым бойынша: Шылаулардың жазылуын білу өте маңызды.

-Шылаулар өздері қатысты сөздерден бөлек жазылады.

-Кейбір шылаулар дефис арқылы жазылады.

-мен,бен,пен жалғаулығын басқа шылаулармен ауыстырып айтуға болады.Мыс:Және,да,де,та,те

-Бірыңғай мүшелердің арасында келсе үтір қойылмайды.

Мыс:Бұл Арман мен Әсел.

-мен,бен,пен жалғаулығы байланыстырған біріыңғай сөздердің алдыңғысының септік жалғауы түсіріліп айтыла береді.Мыс:Мереке мен Назеркеге хат келді.

-және,мен,бен,пен жалғаулықтары бірыңғай мүшелердің соңғы екеуінің арасын байланыстырады,немесе топ-топтап байланыстырады.Мыс:Әсем,Ардақ және Марат-үшеуі Күміс әжейдің үйіне аттанды.



Алдыңғы оқу

Өткен тақырып туралы не біледі?

Шылау сөздер туралы түсінік,септеулік шылаулар,демеулік шылаулар,жалғаулық шылаулар.



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

2 минут


7минут

Ой толғау


5 минут

Сәлемдесу.

Оқушыларды түгендеу.

Топтастыру:оқушыларды құрал-саймандар арқылы топтастырамын.

Үйге берілген тапсырманы: «Поп-корн» әдісі арқылы сұрау.

1.Жалғаулық шылаулар

2. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар

3. Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар

4. Талғаулықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар

5. Кезектестік қатынасты білдіретін жалғаулықтар

6. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар

7. Шарттық қатынасты білдіретін жалғаулықтар

8.Демеулік шылаулар

9.Сұраулық демеуліктер

10.Күшейткіш демеуліктер

11.Болжалдық демеуліктер

12.Болымсыздық немесе қарсы мәнді демеуліктер

Оқушыларды ауызша мадақтау, жұлдызша арқылы бағалаймын.

Білімді өзектендіру:

Балалар сабағымызды бастамас бұрын мына жасырылған жұмбақ сөзді табайық

«Ғажайып алаң»



Шылаулардың емлесі

Шылаулардың жазылуын білу өте маңызды.

-Шылаулар өздері қатысты сөздерден бөлек жазылады.

-Кейбір шылаулар дефис арқылы жазылады.

-мен,бен,пен жалғаулығын басқа шылаулармен ауыстырып айтуға болады.Мыс:Және,да,де,та,те

-Бірыңғай мүшелердің арасында келсе үтір қойылмайды.

Мыс:Бұл Арман мен Әсел.

-мен,бен,пен жалғаулығы байланыстырған біріыңғай сөздердің алдыңғысының септік жалғауы түсіріліп айтыла береді.Мыс:Мереке мен Назеркеге хат келді.

-және,мен,бен,пен жалғаулықтары бірыңғай мүшелердің соңғы екеуінің арасын байланыстырады,немесе топ-топтап байланыстырады.Мыс:Әсем,Ардақ және Марат-үшеуі Күміс әжейдің үйіне аттанды.


1-топ.ара,балға,балталар

2-топ.кітап,дәптер,қаламдар

3-топ.қылыш,найза,

шоқпарлар

Үлестірмелі материалдар

Оқулық


Ортасы


  1. минут

1-тапсырма. «Ою-өрнек перфокартасы» әдісімен 336-жаттығуды орындау.Жалғаулық шылауларды табу.

1.Марат Біржан (мен) бірге бассейнге кетті.

А) Марат Біржан мен бірге бассейнге кетті.

Б) Марат Біржан менбірге бассейнге кетті.



С) Марат Біржанмен бірге бассейнге кетті.
2.Иса (мен )Қуаныш биыл компьютер үйренді.

А) Иса мен Қуаныш биыл компьютер үйренді.
Б) Исамен Қуаныш биыл компьютер үйренді.

С) Иса менҚуаныш биыл компьютер үйренді.


3.Асқар( мен) Алмат көрші тұрады.

А) Асқар мен Алмат көрші тұрады

Б) Асқармен Алмат көрші тұрады

С) Асқар менАлмат көрші тұрады

4.Арман( мен) қуаныш,бақыт (пен) махаббат-біздің рухани серігіміз..

А) Арман( мен) қуаныш,бақыт пен махаббат-біздің рухани серігіміз

Б) Арманмен қуаныш,бақыт пен махаббат-біздің рухани серігіміз



С) Арман мен қуаныш,бақыт пен махаббат-біздің рухани серігіміз

5.Ол кешке дейін қонақ бала (мен) ойнады.



А) Ол кешке дейін қонақ баламен ойнады.
Б) Ол кешке дейін қонақ бала менойнады.

С) Ол кешке дейін қонақ бала мен ойнады.


6.Біз надан өстік.(Шылауды тап)

А)біз


Б) жоқ

С)олар


7.Бірақ, сол білімің жұрт алдында ата сыйлауды неге білдірмейді саған.

А)саған


Б)бірақ

С)ата


8.Ол кінәңіз орынды. .(Шылауды тап)

А)жоқ

Б)ол


С)орынды

9.Айып менде екені рас. .(Шылауды тап)



А)жоқ

Б)рас


С)айып

10.Ғафу етіңіз .(Шылауды тап)

А)ғафу

Б)жоқ

С)етіңіз


11.Ол азырақ бөгеліп отырды да,қайта сөйледі. (Шылауды тап)

А)ол


Б)да

С)қайта


12.Ең әуелі арзан мен қымбаттың нарқын айырмайсың. (Шылауды тап)

А)мен

Б)ең


С)арзан

13.Жайдақ суды ит те,құс та жалайды. (Шылауды тап)

А)суды

Б)жалайды



С)те,та

14.Екінші,дос пен қасты сараптамайсың. (Шылауды тап)



А)пен

Б)дос


С)қасты

15.Досқа досша,қасқа қасша қырың жоқ. (Шылауды тап)



А)жоқ

Б)досша


С)жоқ

16.Жалғаулық шылауды тап.

А)тап

Б)ана


С)немесе

(Мұғалім 16 сұрақтан тұратын тест дайындайды. Оқушылар алдын ала 16 төркөзден тұратын перфокарта дайындайды. Мұғалім тест сұрақтарын оқиды (немесе оқушыға жазба түрінде таратады). Оқушылар жауабын перфокартаға белгілейді. Жұмыс соңында алдыңғы келісім бойынша бірдей әріптерді (а,б немесе с) бір сызықпен сызады. Нәтижесінде бір ою-өрнек шығу керек. Оқушылар тапсырманы дұрыс орындаса, мұғалімдегі кілт бойынша ою-өрнек бірдей болып шығады.) Мысалы:




с

а

а

с

а

б

б

а

а

б

б

а

с

а

а

с

2-тапсырма. „Шым-шытырман“ әдісімен .(парақшаға әр топ өздеріне берілген тапсырманы төменнен жоғары,оңнан солға қарай жазады)

3.Үлестірмелі материалдар деңгейлік тапсырмалар, постер, маркер.



Шығармашылық қалыптастыру

6 минут


3-тапсырма. «Үш тілділік»

Берілген сөздерді үш тілде сөйлейміз.




Ағылшын тілінде

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

And

Және

И

Or

Немесе

Или

Because

Себебі

Потому что

If

Егер

если

Sometimes

Кейде

иногда

But

бірақ

но




Ақ парақ, қалам

Аяқталуы

Бекіту

Құзырлылық қалыптастыру

5 минут

4-тасырма. «Кластер» әдісі арқылы қорытындылау.

Жалпы шылау туралы не білдік?



Үлестірмелі материалдар

Бағамдау-бағалау

Рефлексия

2 минут


Білім ағашы:Бүгінгі сабақта не ұнады?

Оқушылар өз ойларын стикерге жазу арқылы білім ағашына іледі.




Бағалау

2 минут

Жүйелеп нақты сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалаймын

Топ басшылар бағалау парағын толтырып мұғалімге тапсырады (жинақтау, бағалау)

Келесі оқу

1минут

Үй тапсырмасы: Ереже жаттау.337-жаттығу.





Саралау- сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

«Үш тілділік» берілген сөздерді үш тілде айтқызу арқылы жоспарладым.


ауызша мадақтау, сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалауды жоспарлаймын

Әдебиет

Рефлексия:

1. Бүгінгі сабақта сізге бәрінен де не ұнады?

2. Бүгінгі сабақта қандай да бір түсініксіз сұрақтар болды ма?

Бұл мәселені қалай шештіңіз, шешесіз?





Тексерілді:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет