Сабақтың тақырыбы: Жарайсың. Сабақтың мақсаты : оқушыларды жақсы баға алып, үлкендермен мадақтау сөз естуге талпындыру



Дата28.01.2018
өлшемі32,92 Kb.
#34421
түріСабақ
ОҚО Төлеби ауданы

М.Х.Дулати атындағы жалпы орта білім беретін мектеп



Мұғалім: Усербаева Қ.У.

2016-2017 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: Жарайсың.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды жақсы баға алып, үлкендермен мадақтау сөз естуге талпындыру:

Пәндік:сабақта қандай баға алғанын айта алу, оқушы туралы өлеңмен танысу, құрылымдық үлгі бойынша өлең туралы әңгімелей алу.

Тұлғалық:сабақты жақсы оқып, жақсы баға алуға ұмтылу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:оқулық, суреттер, қима кағаздар.

Сабақтың барысы: I- Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгелдеу.

Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

Оқушыларды сурет арқылы екі топқа бөлеміз.

Әдептілер Білімділер



II. Үй тапсырмасын сұрау.

146 бет, 6-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазып келу.



IV. Сұрақтар қою арқылы өткен сабақтарды пысықтау.

  1. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

  2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

  3. Қазақ тілінде неше септік бар?

  4. Бір жылда неше күн бар?

  5. Бір айда неше күн бар?

  6. Бір аптада неше күн бар?

  7. Қанша жыл мезгілі бар ?

  8. Олардың аттарын ата?

-Мен қазақша жақсы сөйлеймін.

-Рас па!


-Рас.

-Жарайсың!

-Менің айтқан сөзімді кім орысша, қазақша аудара алады?

Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы жарайсың.



V. Жаңа сабақ.

-Бұл сөзді қандай жағдайларда айтуға болады?

I-топ II-топ

Сурет бойынша сөйлету.



VI. Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма. Мәтінді тізбекпен оқыту.

2- тапсырма сұрақтарға жауап беру.


  1. Санжар нешінші сыныпта оқиды?

  2. Ол қалай оқиды?

  3. Ол бүгін қандай баға алды?

VII. Сергіту сәті.

3- тапсырма .Суретке қарап,сұраққа жауап беру.

4- тапсырма . Рөлде ойнату.


  • Ата, мен бес алдым!

  • Жарайсың , балам! Қане күнделігіңді көрсетші.

Бала күнделігін көрсетеді, 3 және 2 деген бағалар тұрады.

  • Мына тұрған үш делік. Ал мынауың екілік.Бес алдым деп сен маған неге айтасың өтірік.

  • Ой атам-ай, есепті білмеуіңізді қарашы. Үшке қоссаң екіні бес болмай ма, санаңышшы.

5-тапсырма. Тыңда , қайтала . Оқы.

Сабағымызды жақсы оқып,

Бүгін тағы бес алдым.

«Жарайсың!»- деп аташым,

«Жарайсың!»- деп апашым

Беріп жатыр батасын.



VIII.Қорытындылау.

Бүгін қандай жақсы сөз үйрендік?

Тағы қандай жақсы сөз білесіңдер ? Рақмет, тамаша, керемет.

Үйге тапсырма 6- тапсырма 148бет.



Бағалау. Топбасшылар бағалауға көмектеседі.

Сабақ бүгін сендерге ұнадыма?





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет