Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың үлгісі



Дата22.02.2023
өлшемі14,65 Kb.
#169837
Байланысты:
stud.kz 74544 (3)



Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың үлгісі

Қызметкерді жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шарты негізінде шығарылатын бұйрықпен (өкіммен) ресімделеді. Жұмыс беруші бұйрығының (өкімінің) мазмұны жасалған еңбек шартының мазмұнымен сәйкес келуі тиіс.

Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы бұйрығы (өкімі) еңбек шартына қол қойылған күннен бастап үш күн ішінде қызметкердің қолын қойдыра отырып, таныстырылады. Қызметкердің талабы бойынша жұмыс беруші оған бұйрықтың (өкімнің) расталған көшірмесін беруге міндетті.

Жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс беруші қызметкерді ұйымдағы ішкі еңбек тәртібімен, қызметкердің атқаратын міндеттеріне қатысты ішкі нормативтік құжаттармен және ұжымдық шартпен таныстыруы керек.

Жеке құрам бойынша бұйрықтар басқару құжаты ғана емес, сонымен бірге бастапқы есептік құжат та болып саналады. Өйткені ол азаматты жұмысқа қабылдау, ауыстыру немесе босату фактісін белгілейді және оған еңбекақы есептеуге негіз болып табылады.

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық ұйымға қызметке алынған әрбір адамға шығарылады. Жұмысқа бірнеше қызметкерді бір мезгілде алған кезде, әсіресе уақытша және маусымдық жұмыстарға қабылдағанда, барлығына арнап бір бұйрық шығаруға да болады.

Бұйрықты ресімдеу кезінде ұйымның құрылымдық бөлімшесі, мамандық немесе лауазым атауы, егер қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде тексеруден өткізу белгіленсе, сынақ мерзімі, сондай-ақ жұмысқа қабылдау шарты мен алдағы жұмыстың сипаты (екі қызметті қоса атқару, басқа ұйымнан ауысу тәртібі, уақытша болмаған қызметкердің орнына алу, белгілі бір жұмысты орындау және т.б.) көрсетіледі. Бұл деректер еңбек шартынан алынады. Бұйрықта міндетті түрде қызметкердің жұмысқа кіріскен күні көрсетілуі тиіс.

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың үлгісі


БҰЙРЫҚ 

Құсайнов Әділет Мейіржанұлы 2022 жылдың 31 желтоқсанынан бастап Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасының хат-хабарларды тіркеу және жеткізу бөліміне 2 (екі) ай сынақ мерзімімен бас маман қызметіне қабылдансын.

Негіздеме: А.А. Оспановтың 2007 жылғы 11 қыркүйектегі өтініші, 2007 жылғы 11 қыркүйектегі № 15 Жеке еңбек шарты.

Директор __________ _____________

(қолы) (аты-жөні)

Бұйрықпен таныстым

Қызметкер __________ 12.09.2007 ж. (қолы)

Бұйрықтың жобасына бұйрықты дайындаушы кадр қызметінің басшысы және қызметкер қабылданып жатқан құрылымдық бөлімшенің басшысы бұрыштама қояды. Материалдық жауапкершілікпен байланысты лауазымға еңбек шартын жасаған кезде, оған міндетті түрде бухгалтер, сондай-ақ заң бөлімінің бастығы бұрыштама қояды.

Басшы қол қойған бұйрық тіркеліп, үш күннің ішінде қызметкерге таныстырылады.

Әдетте бұйрық бір данада дайындалып, кадр қызметінде сақталады. Егер ұйымның бухгалтериясы бұйрықтың түпнұсқасын есепке алатын болып белгіленсе, онда жеке құрам бойынша бұйрықтар екі дайындалып, қол қойылады. Басқа бөлімшелер үшін көшірмелері дайындалады.



Бұйрықтың негізінде жеке карточка толтырылады. Бухгалтерияда қызметкердің жеке шоты ашылады және еңбек кітапшасына жазба жасалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет