Алдын-ала дайындық. Талдау жұмысын жүргізу үшін көлемі 250-300 мл және 100-150 мл термиялық тұрақты стақан, шыны таяқша, воронка, «көк белдеулі» күлсіз сүзгіш қағаз және қыздырып тұрақты массаға дейін жеткізілген фарфор тигелі қажет.
Талданатын заттың массасын есептеу. Егер, талдау үрдісі кезінде, соңында тұнбаға түсетін зат кристалды болатын болса, онда оның өлшенетін формасының массасы 0,5 г болғаны ыңғайлы (оптимальды) екендігі көптеген тәжірибелерден белгілі. Сондықтан өлшенетін форманың кристалды зат массасы 0,5 г болу үшін, бастапқы талданатын зат массасы қандай болу керек екендігі төмендегі өрнекпен анықталады.
мұндағы
m(талданатын зат) – талданатын заттың массасы,
p, q – химиялық реакция теңдеуіндегі стехиометриялық коэффициенттер.
Қарастырып отырған талдау үрдісі үшін p және q бірге тең, яғни
Достарыңызбен бөлісу: |