Химиялық құрал-жабдықтар Стакан және Шыны таяқша Стақан



Дата03.11.2023
өлшемі3,4 Mb.
#189265
Байланысты:
Химиялық құрал


Химиялық құрал-жабдықтар


Стакан және Шыны таяқша
Стақан - зертханада ең жиі қолданылатын ыдыс. Қоспа/Ерітінді дайындау үшін қолданылады. Мысалы тұзды суда еріту қажет болғанда, стақанда араластып дайындаған ыңғайлы. Стакан ішіндегі химиялық заттарды жақсылап араластыру үшін шыны таяқша қолданылады. Пластик немесе метал таяқша қолданылмайды, себебі олар стақандағы химиялық заттармен реакцияға түсіп кетуі мүмкін.




Сынауық және Сынауық ұстағыш
Химиялық заттың шағын көлемімен жұмыс жасауға арналған ыдыс. Мысалы, сынауықтың формасы ұзын жіңішке болғандықтан, ерітіндіде болып жатқан өзгерістерді көзбен бақылау ыңғайлы. Сынауықты қыздыру қажет болғанда, немесе сынауықтың ішңнде қауіпті химиялық заттар болғанда сынауықты қолмен ұстауға болмайды, ыңғайлы болуы үшін сынауық ұстағышты пайдаланамыз



Тамшуыр
Ертітіндінің өте аз көлемін қосу үшін тамшуыр пайдаланылады (тамшылату, тамшы қосу үшін)




Құйғы
Сұйық затты немесе қатты затты бір ыдыстар екінші ыдысқа ауыстырғанда құйғы пайдаланамыз, себебі ол ыңғайлы, және төгіп-шашылуды болдырмайды




Өлшегіш цилиндр
Сұйықтың өте нақты көлемін өлшеу үшін өлшегіш цилиндр қолданылады




Өлшегіш колба 
Өте нақты көлемде ерітінділер дайындау үшін өлшегіш колба қолданылады. Сонымен қатар сұйылтылған ерітінділер дайындау үшін қолданылады. Бір колба тек бір көлемге сәйкес болады.


Конусты колба
Бірнеше химиялық заттарды бір-бірімен араластыру үшін, химиялық реакциялар жүргізу үшін конусты колба пайланған ыңғайлы. Себебі, жоғарғы жағы (горлышко) жіңішке болғандықтан, төгіп-шашуды болдырмайды




Тұрғы
Химиялық ыдыстарды (колба, стақан, сынауық ... ) ұстап тұру үшін тұрғы қолданылады. Мысалы, колбану қыздыру қажет болғанда қолбаны тұрғыға орнатып, астына спиртшамды қоямыз.




Спиртшам
Спиршамның ішінде спирт болады. Зертханада спиртшамдар жиі қолданылады себебі басқа шамдармен салыстырғанда қауіптілігі төмен




Қысқыш/пинцет
Кейбір химиялық заттарды қолмен ұстауға болмайды, сол себепті қысқаш қолданылады




Кәрлен табақша
Кейбір реакциялар үшін ұзақ қыздыру қажет болса, кәрлен табақшалар қолданылады, себебі олар жоғары температураға төзімді




Сүзгі қағаз
Ерітінді құрамында қажетсіз тұнба немесе түйіршік бөлшектер болса, сүзгі қағаз арқылы сол түйіршіктерді бөліп алуға болады. Яғни, қағаз суды өткізерді, бірақ тұнбаны ұстап қалады 





Термометр
Температураны өлшеуші құрал




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет