Өнімді өткізу нарығын талдау кезінде тауар нарығын жіктеудің көптеген белгілері бар екенін ескеру қажет. Осы немесе өзге белгілерді пайдалану зерттеу мақсатына байланысты. Тауар нарығының маңызды белгілерінің бірі -аумақтық қамту. Әрбір нақты зерттеуде нарықты талдау ішкі (жиынтық), сыртқы (әлемдік), өңірлік (белгілі бір аумақтық
ры
3 3.3.1Мақсатты аудитория қажеттілігін талдау Ішкі жиынтық нарықтыжәне бөлімше) нарық шеңберінде жургізіледі. сыртқы нарықты зерттеу, әдетте, стратегиялық сипатқа ие және ірілендірілген тауар топтары бойынша өткізіледі. Өңірлік тауар нарығын өңір ерекшеліктерімен қатар зерттеу кезінде жиынтық нарық жағдайын ескеру қажет.
Нарықты жіктеу белгілі бір тұтынушылар тобының қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша да жүргізілуі мүмкін. Осындай тауар нарығын зерттеу ерекшелігі белгілі бір қажеттіліктерді канағаттандыру үшін әртүрлі нысандар мен құралдардың өзара байланысын есепке алу болып табылады.
Талдау процесі кезінде нақты және әлеуетті бәсекелестерді анықтау, олардың қызметінің керсеткіштерін талдау, бизнестерінің күшті және әлсіз жақтарын, қаржылық мүмкіндіктерін, бәсекелестерінің нарықтағы экспансия (ену саясаты) саласындағы мақсаттары мен стратегиясын, өндіріс техиологиясын, өнім саласы мен саясатын анықтау қажет. Бұл бәсекелестің бизнес жүргізуін болжауға және олардың нарықтағы тауашасын тартып алу ушін ең қолайлы тәсілдерді анықтауға мүмкіндік береді.
Тұтынушылар сұранысын сапалы талдау, нарық кажеттіліктерін анықтау, тауарлар өндірісін ұйымдастыру және бәсекелі баға қалыптастыру өнімнің табысты ілгерілеуіне жеткіліксіз екен. Өз тауашасында тұрақты орынға ие болу үшінкәсіпорын өз өнімдерінің өткізу (сәту) нарығын қалыптыстыруы керек. Компания табысты бола ма, ол нарықта мықты позицияға ие бола ма, қажеттілікті қанағаттандыра ала ма - бұның барлығы тұтынушыларға байланысты.
Сату нарығын ұйымдастыру сапасынан тұтынушылар алдында компанияның дамуы, оның пайдасы меи өз тауашасындағы орны тікелей байланысты. Мұндакәсіпорындардың назарын аудару қажет өте маңызды мәселелер бар. Мысалы, түпкі сатып алушымен «кері байланыс». Осындай ақпаратты алу ушін сатып алушылармен кері байланыс каналдардын ұйымдастырмай, өз кемшіліктеріңізге, сондай-ақ тұтынушылар қалауының өзгеруіне дер кезінде мән беру мүмкін емес.