Топ 4-инфо-1



Дата07.02.2022
өлшемі16,78 Kb.
#92744
Байланысты:
06.11.2020 Кәсіпкерлік қызмет негіздері..


Топ - 4-ИНФО-1
06.11.2020.
Оқытушы Алдабергенов Н.Т
Пән –кәсіпкерлік қызмет негіздері
Тақырып - Сұхбаттар. Офлайн-арналар, ATL, BTL. Онлайн-арналар. SMM.


Сұрақтарға жазбаша жауап бер
1. Интернет-маркетинг арнасын қалай таңдауға болады?
2. Онлайн алға жылжыту арналарын сипаттаңыз.
3. Интернет-маркетинг арналарының ерекшеліктерін ашып түсіндіріңіз.
4. Веб-сайтты алға жылжыту мәнін сипаттаңыз.
5. «Лендинг-пейдж» ұғымын сипаттаңыз.
6. Іздеуді оңтайландыру қалай жүзеге асырылады?
7. «Сілтемелік масса» ұғымын түсіндіріңіз.
8. «Мән-мәтіндік жарнама» ұғымын түсіндіріңіз.
9. Әлеуметтік желілерде және блогтарда немесе SMM (Social Media Marketing) алға жылжытуды сипаттаңыз.
10. Әлеуметтік желілердегі жарнаманың артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз.
Тест
1. Жарнаманы таратудың негізгі құралдарын іске қосатын тікелей жарнаманы орнала­стыру бойынша іс-шаралар:
А. ATL;
В. PR;
С. BTL;
D. CRM.


2. Тікелей жарнамаларды орналастыруды қамтымайтын іс-шаралар:
А. BTL;
В. ATL;
С. PR;
D. CRM.


3. Маркетингтік коммуникацияның бір түрі, тауарды барлық бағыт бойынша дайында­ушыдан логистикалық (бөлу) және өткізу арналары арқылы тұтынушыға дейін тауардың сатылуын жылдамдату мақсатында алға жылжыту шараларының кешенін атаңыз:
А. Өткізуді ынталандыру;
В. Сыртқы жарнама;
С. Жасырын жарнама;
D. PR.
4. Тұлға мен ұйымды позициялаумен, тапсырыс беруші (клиент) мен қоғамдастық ара­сында үйлесімді қарым-қатынас орнатумен және қолдаумен кім айналысады:
А. Релейтор;
В. PR-менеджер;
С. Делдал;
D. Актуарий.


5. Әлеуетті клиент жарнамалық хабарландыруды түрткен кезде немесе іздеу нәтиже­сінде кіре алатын дербес интернет-парақша:
А. Лейндинг-пейдж;
В. ATL;
С. BTL;
D. Веб-сайт.


6. Пайдаланушылардың белгілі бір сұраулары бойынша іздеу жүйелерін беру нәтиже­лерінде сайттың позицияларын жоғарылатуға арналған ішкі және сыртқы оңтайланды­ру бойынша шаралар кешені:
А. Іздеуді оңтайландыру;
В. Сілтемелік масса;
С. БСҰ;
D. Мән-мәтіндік жарнама.


7. Бөгде ресурстарда орналастырылған және сіздің сайтыңызға апаратын барлық бел­сенді сыртқы сілтемелер жиынтығы:
А. Сілтемелік масса;
В. БСҰ;
С. Іздеуді оңтайландыру;
D. Мән-мәтіндік жарнама.


8. Әлеуетті клиент әлеуметтік желілерде өз лентасын қарап отырған кезде оның наза­рын өз постыңызға аудартуға және ол постты оқуы үшін сізде 2-3 секунд уақыт болады. «Сатушы посттың» осы элементі қалай аталады:
А. Қызықтыратын тақырып;
В. Тауардың сипаттамасы;
С. Әрекетке шақыру;
D. Уақыт шектеулері.


9. Егер постың астына тауар немесе қызмет туралы теріс пікір қалдырған болса не істеу керек:
А. Ешқандай жағдайда да бұл пікірді алып тастаудың қажеті жоқ, тіпті бұл жалажабу болса да, оны жазған пайдаланушыны бұғаттаудың қажеті жоқ;
В. Жауап ретінде теріс пікір жазу керек;122
C. Бұл пікірді алып тастау, пайдаланушыны бұғаттау керек;
D. Барлық жауаптар дұрыс.


10. Бизнестің әлеуетті клиенттерінің тізіміне кіретін пайдаланушыларға хабарланды­руды көрсетуге көмектесетін жарнама түрі:
А. Таргетингтік жарнама;
В. Тікелей жарнама;
С. Баспасөз жарнамасы;
D. Сыртқы жарнама.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет