7.Өткізуді ынталандыру, оның түрлері және құралдары. Өткізуді ынталандыру - тауарлар мен қызметтерді сатуды ынталандыратын шаралардың кешені. Олар тауар ормасын, купондарды, сыйақы беру, тауар бағасын арзандату, байқаулар, таныстыру рәсімдерін өткізу, лотерея, сыйлықтар және тағы басқаларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Жаранамаға қарағанда, өткізуді ынталандыру -қысқа мерзімді әсер ету шарасы, басқа жылжыту түрлерімен салыстырғанда оның нәтижелері тез байқалады. Тауар өткізуді ынталандыру шарасын бастаудан бұрын оның жоспары құрылып, тұжырымдамасы, түрі, шарттары, өткізу мерзімдері, ұзақтығы анықталады, бюджеті есептеліп, өткізу арналары таңдалады.
Экономикалық әдебиеттерде оның синонимі ретінде өткізуді қолдау, сейлз промоушн сияқты түсініктер қолданылады.
Өткізуді ынталандыру әдістеріне мыналар жатады:
өзінің сауда қызметкерлерін ынталандыру;
делдалдарды ынталандыру;
тұтынушыларды ынталандыру.
Сауда қызметкерлерін ынталандыру олардың жұмыс сапасын және кәсіпкерлік шеберлігін көтеруге бағытталған. Ол үшін ақшалай сыйақылар, сыйлықтар, байқаулар, сауда қызметкерлерін оқыту, оларға қосымша демалыс беру пайдаланады.
Делдалдарды ынталандыру мыналардан тұрады:
тауарларды тегін беру;
Тауарды өткізуде түпкі тұтынушыларды ынталандыру маңызды орын алады, оны мынадай құралдармен жүзеге асыруға болады.
Сыйақылар – бұл тұтынушыға белгілі бір тауарды сатып алғанда ақысыз немесе төмен бағамен ұсынылатын сыйлықтар. Көбінесе “Кодак” компаниясы ұтымды түрде пайдаланады.
Купондар – тауарларды сатып алған кезде берілетін жеңілдіктер мен шегерім сертификаттары. Газет, журнал, тауар орамасы, өткізу мамандары арқылы таратылады. Купондарды “Coca-Cola” ,“Procter & Gamble” және т.б. компаниялар өз тәжірибесінде пайдаланады. АҚШ – та тұтынушыларды ынталандыру шығындарының 76 пайызы купондарға кетеді.
Жеңілдіктер – тұрақты клиенттердің тауарды қайтадан сатып алуын және жаңа клиенттердің жаңа тауарларын сатып алуын ұлғайтуды ынталандыру мақсатындағы бағаның төмендетілуі.
Байқаулар – сыйлық таратуды көздейді, жастар немесе аға ұрпақ өкілі бар сегменттерге әсері мол.
Неие – тауар сатып алушыға несие беріледі. Ол тааур құнын белгілі бір уақыт бойы бөліп төлейді. Несие ұзақ мерзімде пайдаланылатын және қымбат тауарлрдың сату көлемін ұлғайтуды ынталандырады.
Тауарды таныстыру рәсімі(презентация) – тауарларды пайдаланудың нұсқауларын беретін іскерлік сұхбаттасумен қатар, салтанатты және мәдени бағдарламалардан тұратын көпшілікке ұсыну рәсімі. Таныстыру рәсімі кезінде қызықтыратын әр түрлі құралдары қолданылады.
Ақшаны қайтару кепілдігі. Тауар сапасына трұтынушылардың көңілі толмаса, оны қайтарып береді. Мұндағы негізгі шарт – тауар сақталынған қалпында қайтарылуы керек.
Тауар орамасы – сатып алғаннан кейін басқа мақсаттарға пайдаланатын буып-түю. Мысалы, конфеттің шыны қалбыры.
Лотереялар мен сыйлықтар. “Coca-Cola” сусындарының бөтелке қақапақтарында сыйлықтар ұтып алуға белгілер жасалған. “Fanta”- ның қақпақтарында жазылған киллометр арқылы “Шапшаң команда” девизімен туристік жолдаманы ұтып алуға болады.
Тегін үлгілер. Тұтынушыны қызықтыру үшін ақысыз ұсынылатын жаңа тауарлар.
Ынталандыру нақанын бастау алдында оның жоспары құрылады. Ол жоспарда тұжырымдамасы, ынталандыру нысаны, бюджеті, шарттары, мерзімдері, өткізулу ұзақтығы анықталуы керек.
Өткізу ынталандырудың тұжырымдамасы өзінің сауда қызметкерлерінің, саласының және тұтынушылардың мақсаты мен бағытына байланысты құрылады.
Өткізуді ынталандыру шарттары - бұл делдалға немесе сатып алушыға қойылатын талаптар. Мысалы, дистрибьютер тауарды сақтауы және жарнамалауы керек. Ынталандыру шарттары орындалмаған жағдайда оның мақсаты жүзеге аспайды.
Өткізуді ынталандырудың мерзімі жиі немесе қысқа болады, кейде ол маусым кезде өткізіледі, сондықтан оның өткізу мерзімін дұрыс таңдау аса маңызды. Өткізуді ынталандыру саудагерлер өндірушімен бірлесіп жүргізсе, оның шығындары да бірігіп төлегендіктен азаяды.
Жүргізілген ынталандыру түрінің тиімділігін бағалау өте маңызды орын алады. Ол үшін ынталандыруды өткізгенге дейігі және оны өткізгеннен кейінгі сату көлемі мен өткізу шараларын ұйымдастыруға кеткен шығындарды талдау керек. Мысалы, купондарды пайдалану кезінде сату көлемінің қаншаға өскенін және купондарлдың өтелу дәрежесі талданады.