Эстетикалық әдістеме бірлестігінің онкүндік жоспарына



Дата17.02.2017
өлшемі34,18 Kb.
#9685

Эстетикалық әдістеме бірлестігінің онкүндік жоспарына

сай іс- шараларға талдау.

2015-2016 оқу жылы

Эстетикалық әдістеме бірлестігінің 25сәуірден -5-мамыр аралығында «Біз еңбекті, өнерді сүйеміз»тақырыбында онкүндік өтті.

Онкүндік аясында: технология, бейнелеу өнері, денешынықтыру,және БӘД пәндерінен төмендегі іс-шаралар өтті.Алдымен «Жасыл желек» ациясы өз жұмысын жедел бастап кетті, нәтижесінде сынып бөлмелерінде көкіністермен мәдени гүлдердің көшеттері отырғызылды. Технология пәнінен пән мұғалімі Т.К.Ибраеваның ұйымдастыруымен «Гүл патшалығы» атты 2-9 сыныптар аралығында жас дезайнерлер байқауы өтті. Сыныптар байқауға әртүрлі техникада орындалған жұмыстар орындаған. «Әсемдік саусақ ұшында» газеттер сайысына 5-7 сынып оқушылары қатысты,нәтижесінде сыныптардың жұмыстары алдын ала берілген нақты тапсырмалар бойынша, 5-сынып түрлі-түсті қағазбен ,6сыныптабиғи материалмен, 7-сынып матамен, 8-сынып ермексазбен, 9-сынып тұзды қамырмен, 10-сынып бисермен орындалған шығармашылық жұмыстарымен ерекше таылды.

Келесі «Көктем келді далама» атты суреттер байқауына 1-11сынып оқушылары белсене қатысты.Технология (ұлдар арасында) пән мұғалімі Қ.М. Жақсымбетовпен ұйымдастырылған «Жігітке жеті өнер де аз» атты шебер қолдар сайысы өтті. Денешынықтыру пәнінің мұғалімдері Р.А. Бакауов,Р.Қ. Ахметов ұйымдастырған 2-5 сыныптар арасында «Көңілді мәре»спорттық жарыс және 3-9 сыныптар арасында «Кім жылдам?» веложарыс өтті.

БӘД пәнінен ммұғалімі Тилеухан Баянбектің ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларының арасында «Отан қорғауға әзірміз» атты дебат өтті. Шараның басты мақсаты бүгінгі таңдағы келешек жастардың Отан алдындағы борышын өтеудегі көзқарасы оған қалай қарайтыны жайлы.Дебат аясында қойылған сүрақтар, әр оқушының ойлары өзекті мәселе ретінде қызу пікір таластар өтті.Жалпы өткен іс-шаралар талданып, қорытынды жасалды, соңында үздік жұсмыстар анықталып,ерекше нәтиже көрсеткен сыныптармен жеке оқушылар «Алғыс хатпен» және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Онкүндік аясында пәндер бойынша ашық сабақтар өтті. Технология пәніне 5-сыныпта «Қол тігістерін қолдана отырып, бұйымды кестелеу»

сабақтың мақсаты:Халықтың қолөнерінің бірі кестелеу,көркем тігістері, қолөнері туралы ұғымды қалыптастыру ,кесте тігу әдіс тәсілді меңгеру ,ата-баба салтдәстүрін меңгеру, сабақ барысында оқушылар слайдтар арқылы және көрсетулер арқылы тақырыпты меңгерді және өте әдемі туындылар жасап шықты. Сабақтың кезендері уақытылы орындалды.

Денешынықтыру пәнінен, мұғалімі Р.Қ.Ахметов «Допты екі қолмен кеудеден беру» тақырыбында 3-сыныпта ашық сабақ өткізді . Сабақтың мақсаты: Допты екі қолмен кеудеден беруді үйрету,Шапшаңдық, жылдамдық сапаларын дамыту.Барлық жүктемелерді орындау ,тәртіпке тарту.Сабақ тың өту кезеңдері талапқа сай,сабақтағы барлық жүктемелер дұрыс орындалды.нәтижесінде сабақтың кезеңдері мен мақсаты орындалды. Оқушылардың іс-әрекеттері,білім,білік дағдылары қалыптасқан. қалыптасқан. Денешынықтыру пәнінен, мұғалімі Р.А.Бакауов «Эстафета» тақырыбында 4-сыныпта ашық сабақ өткізді . Сабақтың мақсаты:1000 м қашықтықта жүріп өтуді үйрету. Шапшаңдық, икемділік және күш сапаларын дамыту.Сабақтағы барлық жүктемелерді орындау ,тәртіпке тарту. Сабақтың кезеңдері мен мақсаты орындалды.Пән мұғаліміне кейбір кемшіліктері ескертілді.

Технология пәнінен ,мұғалімі Қ.М.Жақсымбетов 5-сыныпта «Жобалау әдісінің жоспары және ұйымдастыру кезеңдері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Қолөнерді жандандыру, жаңа дизайн талаптарына сайәсемдей білуге үйрету тұтыну бұйымдарын еңбек обьектісі ретінде тану, заман талабына сай бүйым жасай білу.шығармашылық жоба жүргізе білу. Сабақ аясында оқушы мен мұғалім арасындағы жүмыс нәтижесі көрінді.жобаны құру және оны жарнамалауды сабақта үйренді. Сабақ мақсатына жетті. Кемшілік тұстары ескертілді. Сонымен қатар «Технология» пәні бойынша «қыздар» тобында пән мұғалімі Т.Қ.Ибраеваның 5-9 сыныптар арасында оқушылар өз «Жоба» жұмыстарын қорғады, Тақырыпқа сай әр сыныптың оқушылары шығармашылық жобаларын қорғап шықты ,нәтижесінде төмендегі оқушылардың жұмыстарын ерекше атауға болады.

Олар: 10-сынып оқушысы Смағұл Айгерім,жоба тақырыбы: «Бауырсақ» Қазақтың ұлттық тағамын жан-жақты зерттеп, оның түрлеріне тоқталған, жасалу жолдарының технологиясын атап көрсеткен, кеткен шығын мөлшерін есептеп шықан және ережеге сай безендіріліп, дастарханға дайын бауырсақты пісіріп өз шеберлігін шыңдап,дәм тартқызды. Оқушының жұмысын нақты тәжрибеде көрсетіліп бағаланды. Келесі оқушы 5-сынып оқушысы Қалидолла Санияның ,жоба тақырыбы: «Тоқыма» Тоқу өнері жайлы толық мәліметтер қамтылған әр бөлімі ережеге сай орындалған.

Зертеудің мақсат,міндеттері,кезеңдері және нәтижесі көрсетілген. Соңында қолданылған әдебиеттермен қорытындысы жасалған. Сонымен қатар 7-сынып оқушысы Елемесова Зилиханың

«Тоқыма өнері» атты шығармашылық жобасы да жақсы деген бағаға ие болды. Жалпы онкүндік аясында өткен іс-шаралар өз нәтижесін берді деп есептеймін.

Эстетикалық ӘБ жетекшісі Т.К.Ибраева.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет