Тақырыбы: Түймедақ гүлі



Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#95048
Байланысты:
ашық сабақ түимедак апайға




Шығармашылық білім беру саласы Мүсіндеу ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Тақырыбы: Түймедақ гүлі

«Ботақан» ортаңғы тобы
Тәрбиеші: Г.Күтүләнова

2017-2018 оқу жылы



16 «Перизат» балабақшасы


Мақсаты:
Қоршаған әлемнің әсемдігін эмоционалды қабылдайды. Домалату, біріктіру тәсілдері арқылы түймедақ гүлін мүсіндеуді үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Балаларға тұзды қамырмен жұмыс жасауға үйрету
Әдіс-тәсіл: көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап, жұмбақ шешу,ойын.

Көрнекіліктер: Бейнетаспа,суреттер,үлгі сурет,тұзды қамыр, майлықтар,алжапқып,жеңқап.


Кіріктірілген оқу қызметтері: қатынас, таным, көркем әдебиет, музыка.


Билингвалды компонент: гүл-цветок, қызғалдақ-тюльпан, түймедақ-ромашка, бәйшешек-подснежник.



Шаттық шеңбері: Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға гүл шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз




Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.

  1. Қызыл,сары,ақ қызыл,

Алуан-алуан түрі бар. Гүл

Өлең оқу:


Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Мерекеде бір-бірден,
Анамызға сыйлаймыз.
Тақатадағы гүлдердің түрлерімен таныстыру.
Билингвалды компонент: гүл-цветок, қызғалдақ-тюльпан, түймедақ-ромашка, бәйшешек-подснежник.
Ғажайып сәт:
Балаларға дәрілік шөптер туралы бейнеролик көрсету. Түймедақ гүлімен таныстыру.
Балалар түймедақ гүлі қандай әдемі гүл, оның көптеген түрлері бар екен, әдемілігімен, әсемдігімен қоса емдік қасиеткеде ие екенін білді. Олай болса бүгін біз тұзды қамыр арқылы түймедақ гүліннің ең қарапайым бес күлтеден тұратын түрін жасаймыз.
Балаларға қауіпсіздік ережесін түсіндіру.
Балаларға түймедақ гүлінің мүсіндеу үлгісін түсіндіру. Жасалу жолдарын түсіндіру.
1.Жасыл тұзды қамырды алақан ортасына салып, есу. Гүлдің сабағын жасау.
2.Жасыл түсті қамырды жалпайту арқылы гүлдің жапырағын жасау.
3. Ақ түсті қамырды алақан ортасына салып есіп, бес бөлікке бөлу. Әрқайсысын жалпайтып, гүлдің күлтешелерін жасау. Ортасына сары тұзды қамырды дөңгелетіп, гүлдің ортасын қойып, күлтешелерді біріктіру




Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ.
Сол қолымда бес саусақ.
Бесті-беске қосқанда,
Болад екен он саусақ.
Ал, енді балалар мен сендермен оын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Сиқырлы гүлдер» деп аталады.
Шарты: Балалар екі топқа бөлініп, бірінші топ көбелектерді түстеріне қарай гүл күлтелеріне орналастыру.
1-топ көбелектерді түстеріне қарай гүл күлтелеріне орналастыру.


2-топ гүлдерді күлтелерін санап, сандарды ретімен орналастыру.



.








Мақал:
«Гүл-өссе жердің көркі»
Мақалдың мағынасын түсіндіру.
Сұрақ-жауап:
Балалар бүгін біз гүлдердің қандай түрлерімен таныстық?
Гүлдердің адамға тигізер қандай пайдасы бар?
Гүлдердің исі болама?
Сендердің жасаған бүгінгі түймедақ гүлімен тобымызды безендірейік.
Балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастыру
Балалардың жұмысын мадақтау.


Әли мен Айяның «Гүлдер тереміз» әнімен ашық ұйымдастырылған оқу қызметін қортындылау.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет