Ортаңғы топ балалармен ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру саласы: «Шығармашылық» Ұйымдастырылған оқу қызметі: сурет Тақырыбы: «Сырмақты әшекейлейік»



Дата31.01.2018
өлшемі40,92 Kb.
#36309
Ортаңғы топ балалармен ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: сурет

Тақырыбы: «Сырмақты әшекейлейік»

Мақсаты:Балаларға сырмақ туралы мағлұмат беру. Сырмақты геометриялық пішіндерді және қазақша оюларды пайдалана отырып салуға үйрету.Балалардың әдемілікті сезіне білуін,еңбексүйгіштігін арттыру.

Әдіс-тәсіл: түсіндіру,көрсету, үйрету,

Көрнекілігі: Воскобовичтің ковраларчик ойыны,қиынды оюлар,майлы қалам,акварель,түйе жүні,ұршық,ши,иірілген жіптер.

Биллингвизм:сырмақ-выщитая кошма,ою-орнамент


Іс-әрекет кезеңі



Тәрбиешінің оқу қызметі


Баланың іс-әрекеті



Мотивациялық қозғаушы

Іздену-ұйымдастырушы


Балалар орындарынан тұрып үш тілде амандасады.


Балалар бүгін бізде ерекше күн,көптеген апайлар қонаққа келіп отыр. Олай болса бүгінгі өтетін оқу қызыметіміз де ерекше ,қызықты болмақ.Оқу қызметіміздің тақырыбы «Сырмақты әшекейлейік»

-Сырмақ дегенді естіп көрдіңдер ма балалар ?

-Олай болса мұқият тыңдап отырыңдар.

Сырмақ деген – төсеніш екен,балалар. Оны әжелеріміз шидің бетіне жүнді ,мақтаны тосеп, үстіне ыстық су сеуіп,шидіорап,үстіне ауыр салмақпен бастыртқан екен.Дайын болған төсеніштің бетіне түрлі ширатпа жіптермен,түрлі қиынды оюларды бастырып сыратын болған. (Қандай ою түрлерін білетіндерін сұрау)Бұрынғы кезде сырмақты үйдің қабырғалары мен еденін сәндеу үшін қолданған.

Ғажайып сәт

Есік қағылып, ішке әже келеді. Сәлемдесіп, балаларға өзінің сырмақ басып, және оның қалай дайындалу жолдарын бөлісуге келгенін айтады.


-Қош келдіңіз әже, төрлетіңіз.Біздің бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы да «сырмақты әшекейлеу»болатын.Біздің қонағымыз болыңыз.

Олай болса біз дамытушы орталықтарға бөлініп,сырмақпен және оның жасалу жолымен танысайық.



Өнер орталығында қылқаламмен сырмақ бетіне ою саламыз.

Қылқаламды пайдалану және сурет салу техникасын түсіндіріп өту.



Үстел үсті орталығында

Сырмақты әшекейлеу.(Воскобовичтің кілемшесінің бетіне қиынды ою және геометриялық пішіндер жапсыру)



Зерттеу орталығында :

Сырмақтың жасалу жолымен танысу(жүнді,мақтаны,жіпті ,төселген сырмақты әжемізбен бірге зерттеу.)

Ортаға жиналу

Сергіту сәті

Әдемі кең сырмағым,

Қонақ келсе төселген.

Әже,ата келіңіз,

Жайғасып шәй ішіңіз.

Екінші ауысым


Жиналу,үшінші ауысым

Сәлемдеседі.

-Жоқ

Әжеймен амандасады.


Текшелер алып,орталықтарға бөлінеді.


қылқалммен қағаз бетіне сырмақты салады.

Сырмақты оюлармен және геометриялық пішіндермен әшекейлейді.

Ши бетіне жүн,макта төсеп,ыстық су құйып киіз басады.Бетін түрлі –түсті жіптермен және ою қиындыларымен әшекейлейді.

Сергіту сәтін жасайды.

Келесі ауысым жасайды.


Рефлексивті коррекциялаушы


Балаларды үш ауысымнан кейін ортаға жинап , әжейдің пікірін тыңдау.Алғыс айтып ,шығарып салу.Балалардан қай орталықтарда жұмыс жасағандықтарын сұрау,жасаған жұмыстарын бағалау,мадақтау. Келген қонақтармен қоштасу.

Әжейді тыңдап,қоштасады


Қай орталықта қандай жұмыс жасағандарын айтады.
Қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Не білу керек :Суретті сәндеп әшекейлеуді

Нені игереді: Сырмақты түрлі пішіндермен және оюлармен безендіруді.

Нені біледі: Сызықтарды үзбей сызуды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет