Дамытушы ортаны жобалау. Мектеп жасына дейінгі бала үшін оны құру принциптері
Мектепке дейінгі мекемелерді аттестациялау мен аккредитациялағанда даму ортасын бағалай отырып, сараптау комиссиясы «Мектепке дейінгі мекемедегі материалдық-техникалық және балалардың медициналық-әлеуметтік жағдайларын бағалау критериилеріне» сүйенеді. Критерийлер екі блокқа бөлінген. Бірінші блок 3 жасқа дейінгі бала үшін дамытушы ортаны бағалау критерийлерін құрайды, екінші блок 3 жастан 7 жасқа дейінгі бала үшін дамытушы ортаның критерийлерін қамтиды.
Мектепке дейінгі мекеменің заттық дамытушы ортасының базалық компоненттері мыналар:
топтық орындар;•компьютерлік-ойын кешені;•балалар кітапханасы, видеотека;•дизайн-студия;•музыкалық және и театр-би кешені;•дене шынықтыру-сауықтыру кешені;•мектепке дейінгі мекеме жанында аула-саябақ;•аула-саябақта жануарлар ұстау орындары;•қысқы бақ және жануарлар ұстау үшін бұрыштар;•мектепке дейінгі мекеменің архитектуралық бейнесі және
сыртқы көрінісі;•мектепке дейінгі мекеменің аула-саябағының және ғимаратының
территориясына кіреберісі;•баспалдақ марштары және рекреациялар;•балалар мен үлкендер үшін жалпы асхана;•мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің демалатын бөлмесі;•әдістемелік кабинет;•меңгерушінің кабинеті;•психологтың кабинеті;•медициналық кабинет;•балалар мекемесінің тұрмыстық жағдайын қамтамасыз етуге
арналған орын;•қосымша орындар.
Мектепке дейінгі педагогикада оған анықтама беруде, идеялық тұрғыда негіздеуде және практикаға енгізуде әртүрлі көзқарастар бар. В. А. Петровский мен М. Н. Полякова ұсынған принциптер мазмұнын анықтаудағы екі көзқарасты көрсетейік.Баланы толыққанды дамытуды қамтамасыз ету үшін дамытушы заттық орта мен үлкен адамдардың балалармен мазмұнды қарым-қатынасы қажет.
Мектепке дейінгі педагогикада оған анықтама беруде, идеялық тұрғыда негіздеуде және практикаға енгізуде әртүрлі көзқарастар бар. В. А. Петровский мен М. Н. Полякова ұсынған принциптер мазмұнын анықтаудағы екі көзқарасты көрсетейік.Баланы толыққанды дамытуды қамтамасыз ету үшін дамытушы заттық орта мен үлкен адамдардың балалармен мазмұнды қарым-қатынасы қажет.
1. Арақашықтық принципі – үлкендер мен баланың өзара әрекетіндегі позициялар:
1. Арақашықтық принципі – үлкендер мен баланың өзара әрекетіндегі позициялар:
- қарым-қатынастағы серіктестік;
- оңашалану мүмкіндігі.
2. Белсенділік, өзінділік және шығармашылдық принциптері:
- балалар іс-әрекетінің өзіндігі мен шығармашылдығы үшін жағдай;
- баланың іс-әрекет нәтижелерін сыйлау.
3. Тұрақтылық принципі – қоршаған кеңістіктің динамикалылығы: топтық орындарда ортаны жайлы етіп өзгерту мүмкіндігі.
4. Комплексиялау және ыңғайлы аймаққа бөлу принциптері:
- белсенділіктің қиылыспайтын сферасын құру;
- функционалды орындар дайындауды ұйымдастыру.
5. Әр бала мен үлкен адамның эмоционалдық жағдайының жақсы болу принципі: оңашалану бұрыштары, әр бала үшін жеке кеңістік.
6. Ортаны эстетикалық тұрғыда ұйымдастыруда үйреншікті және ерекше элементтерді үйлестіру принципі: өнердің әр түрінде эстетика санаттарын үйлестіру.
7. Әр балаға ортаның ашықтық-жабықтық принципі: қоғамға, табиғатқа, мәдениетке, өзінің «Мен»-іне ашықтық.
8. Ортаның компоненттерін қалыптастырғанда және оны толтырғанда жыныстық және жас айырмашылықтарын ескеру принципі.
1. Баланың сұранысына сыйластық принциптері (қозғалыстағы,
1. Баланың сұранысына сыйластық принциптері (қозғалыстағы,
қарым-қатынастағы, танымдық, қолдаудағы, өз беттілігіндегі сұраныс):