Ұйымдастырылған оқу кызметінің технологиялық картасы Тәрбиешінің аты жөні



Дата18.08.2020
өлшемі30,11 Kb.
#76279
Байланысты:
драма ортангы


Ұйымдастырылған оқу кызметінің технологиялық картасы

Тәрбиешінің аты – жөні:

Топ: Қызғалдақ ортаңғы тобы

Күні: 06.09.16ж

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: «Драма»

Тақырыбы: Әңгіме өткізу «Театр әлемінде»

Мақсаты: Балаларды театр ғимаратының ішкі құрылысы (фойе, сахна, көрермендер залы), театр мамандықтарымен (режисер, әртіс) таныстыру. Театр қызметіне қызығушылыққа баулу




Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық ізденушілік

Шаттық шеңбер:

Күлімде, күн күлімде,

Жер жасарып көгерсін.

Кешегідей бүгінде,

Қанат қақсын көгершін.

Күлңмде, күн күлімде,

Жайнай түсті күнімде.

Жарқыраған жұлдыздай,

Жарқ-жұрқ еткен түнімде.


Балалар шеңбер бойында тұрып, өлең жолдарына сай қимылдар жасайды.


Ұйымдастырушылық ізденушілік

Балалар бүгін біз театр әлеміне саяхат жасаймыз.

Театрда әртүрлі ертегілер, кинолар сахналайды Театрдың ішінде көрермендер залы, сахна, әр түрлі жарықтар болады. Театр да жұмыс жасайтын қызметкерлерді яғни мамандық иелерін әртіс деп атайды. Ертегілерді сахналау үшін әртүрлі кейіпкерлер арнайы киімдер киіп ертегіні сахналайды

Тақтадағы ілініп тұрған театрдың сыртқы келбеті мен ішкі құрылысымен таныстыру.

Балалар кім кино, ертегі көруге театрға барып көрді.

Театрдың іші үлкен әрі жарық болады, көрермендер отыратын залды сахна деп атайды

Сергіту сәті

Оңға оңға түзу тұр

Солға солға түзу тұр

Жоғары төмен қарайық

Орнымызды табайық


.

Жаңа сабаққа қызығушылықпен қатысады.


Суреттерге қызығушылықпен қарайды

Сергіту сәтін белсенді жасады


Рефлексивті-түзету

Балалар бүгін біз қайда саяхат жасадық?

Театрда не сахналайды?




Театрға саяхат жасадық

Ертегілер сахналайды


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Театрдың құрылысы, мамандық иелерін білу керек

Болу керек: Театрда қойылатын ертегілерді

Үйрену керек: Ертегілерді сахналауды

Ұйымдастырылған оқу кызметінің технологиялық картасы

Тәрбиешінің аты – жөні:

Топ: Қызғалдақ ортаңғы тобы

Күні:20 .09.16ж

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: «Драма»

Тақырыбы: «Мен не жасаудамын? тап» ойын этюдтары

Мақсаты: Баланың психикалық қасиетін дамыту, қабылдау, ассоциативтік бейнелі ойлау, қиял,есте сақтау, зейін. Кейіпкердің көңіл күйі, эмоциясы үйлесетін жаңа бейнеге еліктеуді үйрету. Түрлі эмоцияларды жеткізу үшін дауыс ырғағына келтіру.

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық ізденушілік

Шаттық шеңбер:

Армысың алтын күн

Армысың жер ана

Армысың достарым

Сендерді көрсем қуанам


Балалар шеңбер бойында тұрып, өлең жолдарына сай қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Балалар бүгінгі біздің лрама сабағында өтетін тақырыбымыз «Мен не жасаудамын? тап» ойын этюдтары. Қазір ортаға бір кейіпкер шығады біз ол кейіпкердің көңіл күйін, не жасап тұрғанын тауып айтамыз

Ортаға Заңғар шығады тәрбиеші қоянның суретін көрсетеді. Заңғар балаларға қоянды қимылмен көрсетеді, және әр түрлі көңіл күйді көрсетеді.

Балалар тақтадағы суретке қараңдаршы

Суреттегі балалардың көңіл күйін айтыңдаршы. Оң жақтағы тұрған қыз баланың көңіл күйі қандай?

Сол жақтағы тұрған ұл баланың көңіл күйі қандай?



Оқу іс қызметіне қызығушылықпене, белсене қатысады.


Заңғардың жасағын қимылы тауып алды

Суретке мұқият қарайды.

Көңіл күйі көтеріңкі

Мұңайып тұр




Рефлексивті-түзету

Балалар бүгін біз қандай сабақ өттік?
Қандай көңіл күйлерді білесіңдер?


Драма сабағын өттік
Көтеріңкі көңіл күй, мұңайу.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Кейіпкерлердің көңіл күйін білу керек

Болу керек: . Түрлі эмоцияларды жеткізу үшін дауыс ырғағына келтіруді

Үйрену керек: Қимыл арқылы жұмбақ жасыруды.

Ұйымдастырылған оқу кызметінің технологиялық картасы

Тәрбиешінің аты – жөні:

Топ: Қызғалдақ ортаңғы тобы

Күні: 04.10.16ж

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: «Драма»

Тақырыбы: «Көжек шық» (музыкасы Е.Тиличеевтікі) музыкалық ойыны

Мақсаты: Балаларды ән мәтіні бойынша эмоционалды бейнелі қозғалыстарды орындауға үйрету, музыканың көркем құралдарымен таныстыру.

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық ізденушілік

Шаттық шеңбер:

Армысың алтын күн

Армысың жер ана

Армысың достарым

Сендерді көрсем қуанам


Балалар шеңбер бойында тұрып, өлең жолдарына сай қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық ізденушілік


Балалар бүгін біз «Көжек шық» атты музыкалық ойынмен танысамыз.

Балалар көжек қандай жануардың баласы?

Балаларға көжек шық ән мәтінімен таныстыру.

Әнді мұқият тыңдаймыз.



Қоянның баласы





Рефлексивті-түзету

Балалар бүгін біз қандай сабақ өттік?
Қандай көңіл күйлерді білесіңдер?


Драма сабағын өттік
Көтеріңкі көңіл күй, мұңайу.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Кейіпкерлердің көңіл күйін білу керек

Болу керек: . Түрлі эмоцияларды жеткізу үшін дауыс ырғағына келтіруді

Үйрену керек: Қимыл арқылы жұмбақ жасыруды.

Ұйымдастырылған оқу кызметінің технологиялық картасы

Тәрбиешінің аты – жөні:

Топ: Қызғалдақ ортаңғы тобы

Күні: 18.10.16ж

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: «Драма»

Тақырыбы: «Мысық пен тышқан» театрландырылған ойыны.

Мақсаты: Ойын желісіне сәйкес балаларды әрекет етуге, мысықтың қимылдарын көрсетуге үйрету, қимылдың үйлесімділігін және мәнерлілігін арттыру, эмоцияны ым және ишара арқылы жеткізуге үйрету, балалардың әртістік қабілетін дамыту.



Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық ізденушілік

Шаттық шеңбер:

Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын кеңге ашқан

Тілегіміз әділдік

Ашық болсың кең аспан


Балалар шеңбер бойында тұрып, өлең жолдарына сай қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық ізденушілік


Балалар бүгін біздің драма сабағында өтетін тақырыбымыз мысық пен тышқан театрландырылған ойыны

Мысық қандай жануар?

Мысық нені жақсы көреді?

Тышқан қайда жүреді?

Мысық пен тышқан ойынын ойнаймыз ба?

Ендеше ортаға бәріміз шеңбер болып тұрайық

Балаларға ойын шартымен таныстыру.

Мысық қалай қимылдайды?

Ортаға балаларды шығарып мысық пен тышқан рөлін шығару.
Балаларға ойынды ұйымшылдықпен ойнауға үйрету


Үй жануары

Тышқанды, сүт ішкенді жақсы көреді

Тышқан үйде, қоймада жүреді


Ойынға қызығушылықпен қатысады.


Рефлексивті-түзету

Балалар бүгін біз қандай сабақ өттік?
Қандай ойын ойнадық?
Ойын ойнаған ұнады ма?

Драма сабағын өттік
Тышқан мен мысық ойынын ойнадық

Ия ұнады

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Кейіпкерлердің көңіл күйін білу керек

Болу керек: . Түрлі эмоцияларды жеткізу үшін дауыс ырғағына келтіруді

Үйрену керек: Ойынды белсенділікпен ойнауды үйрену керек

Ұйымдастырылған оқу кызметінің технологиялық картасы

Тәрбиешінің аты – жөні:

Топ: Қызғалдақ ортаңғы тобы

Күні: 01.11.16ж

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: «Драма»

Тақырыбы: « Шалқан» театрландырылған ойыны.

Мақсаты: Балаларды ұжым болып ойнауға, рөлдерді ойнауға үйрету, балалардың сөздерді толықтырып сөйлеуін дамыту. Ертегі кейіпкерлерін дәлділікпен орындау. Түрлі эмоцияны жеткізу үшін дауыс ырғағын келтіру. Мәтін мазмұны бойынша таныс ертегілерді нақтылау




Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық ізденушілік

Шаттық шеңбер:

Күніміз жарық болсың

Аспанымыз ашық болсың

Деніміз сау болсың

Елімізде тыныштық болсың


Балалар шеңбер бойында тұрып, өлең жолдарына сай қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық ізденушілік


Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар сендер қандай ертегі білесіңдер?

Балалар сендер көп ертегі біледі екенсіндер. Олай болса бүгінгі біздің тақырыбымыз орыс халқынын ертегісі «Шалқан» мұқият тыңлайсыңдар ма?

Ерте, ерте ертеде. Бір әже мен ата баянды өмір сүріпті олар үй шаруашылығына үлкен ұқыптылық білдіре отырып, үй алдындағы бақшаға шалқан отырғызыпты. Айдан ай өтіпті күз айында бақшаның жемісін жинап жүріп, шалқанды көреді шалқаны үлкен болып өсіпті. Осы кезде ата шалқанына тамсана қарайды.

Ата. Ой бәрекелді, менің шалқаным үлкен болып өсіпті. Бұл шалқан бәріне жететін болды деп шалқанды тарта бастайды, тартып тартып шалқанды жұла алмайды сөйтіп, көмекке өзінің кемпірін шақырады.

Кемпір кемпір маған келші көмекке қарашы шалқанымыз үлкен болып өсіпті осының жалғыз өзім тарта алмай қойдым Сен маған көмектесші.

Кемпір: Ой шынында да үлкен болып өсіпті ғой кел тартсақ тартайық

Осылайша атаның артынан ұстап ары тартады бері тартады бірақ орынан қозғалта алмайды.

Кемпір көмекке немере қызын шақырады

Кемпір: Қызым қызым бізге көмекке келші! Атаң екеуіміз шалқанды жұла алмай жатырмыз

Қыз: Жарайды , әже сіздерге көмектесейін

Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды олар рет ретімен тартады. Олардың күштері жетпейді. Сонымен немере қызы көмекке итін шақырады.

Қыз: Ақтөс, ақтөс сен бізге көмектесіп жіберші шалқанды біз жұла алмай жатырмыз.

Ит: Аф, аф көмектес десендер көмектесейін

Ит қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқанды ұстап әрі тартады бері жұлқиды бірақ шалқан шықпайды. Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.

Мысық: Тышқан, тышқан бізге көмектесіп жіберші

Тышқан: Әрине көмектесіп жіберемін.

Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқанды ұстайды. Олар бәрі бірігіп тарта тарта шалқанды суырып шығады.

Міне балалар осындай қызықты ертегіні тамашаладық

Ертегі ұнады ма?



Төрт жыл мезгілі бар (Қыс, көктем, жаз, күз)

Күз мезгілі

Қызыл телпек, маша мен аю, мақта қыз бен мысық

Ертегіні мұқият, қызығушылықпен тыңдады.

Ия ұнады


Рефлексивті-түзету

Шалқанның түсі қандай екен?

Оның пішіні қандай?

Қандай кейіпкерлер бар?


Сары түсті

Дөңгелек


Ата , әже, немере қыз, ит, мысық, тышқан

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Кейіпкерлердің көңіл күйін білу керек

Болу керек: . Түрлі эмоцияларды жеткізу үшін дауыс ырғағына келтіруді

Үйрену керек: Ертегіні сахналауды үйрену керек

Ұйымдастырылған оқу кызметінің технологиялық картасы

Тәрбиешінің аты – жөні:

Топ: Қызғалдақ ортаңғы тобы

Күні: 15.11.16ж

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: «Драма»

Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі бойынша драматизация ойыны

Мақсаты: Ойын желісіне сәйкес балаларды әрекет етуге үйрету, балаларда өзіне деген сенімділікті арттыру, үйлесімді қимылды дамыту, балалардың түрлі мәнерлілік құралдарын қолдану білігін жетілдіру, интонация, қарқын, сөз әуезділігі, дененің ырғақты қимылы, кейіпкердің бейнесін жеткізе білу білігі, желіні жобалау, қиялмен ойлап табу. Балаларды театрландырылған іс әрекетке деген қызығушылыққа баулу

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық ізденушілік

Шаттық шеңбер:

Күлімде, күн күлімде,

Жер жасарып көгерсін.

Кешегідей бүгінде,

Қанат қақсын көгершін.

Күлңмде, күн күлімде,

Жайнай түсті күнімде.

Жарқыраған жұлдыздай,

Жарқ-жұрқ еткен түнімде.


Балалар шеңбер бойында тұрып, өлең жолдарына сай қимылдар жасайды.


Ұйымдастырушылық ізденушілік


Балалар бүгін біз бауырсақ ертегісін драматизация ойынын ойнаймыз.

Ерте, ерте ертеде кемпір мен шал болыпты. Бірде шал кемпіріне

Кемпір ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші

Кемпір: Неден пісірейін! Ұн жоқ қой!

Шал: Әй, кемпір! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтың ұны табылып қалар.

Кемпір солай істейді: Қойма түбін қырып қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды.

Жата жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді.

Қоян: Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ: Жоқ сен мені жеме, саған қандай өлең айтып берер екем онан да соны тыңда

Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады.

Әжей қойма қырнаған екі уыс жинаған

Бал қаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған

Суытып та санаған, бауырсақпын зулаған

Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым

Қоян: Қой бауырсақ сенің өлеңін жақсы сен одан да менің тапсырмамды орында.

Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса оның алдынан қасқыр шыға келіп

Қасқыр бауырсақ, бауырсақ мен сені жеп қоямын

Бауырсақ: Сен мені жеме мен саған өлең айтып беремін

Бауырсақ әндете жөнеледі.

Әжей қойма қырнаған екі уыс жинаған

Бал қаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған

Суытып та санаған, бауырсақпын зулаған

Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым

Қасқыр сенен құтылу қиын емес бұл маған

Қасқыр: жоқ бауырсақ өлеңін керек жоқ сен менің тапсырмамды орында.

Ал, балалар қасқырдың сұрағына жауап берейік

Ұн неден алынады?

Бауырсақ түсі қандай?

Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.

Аю: Әй, бауырсақ! Мен сені жеп қоямын

Бауырсақ: Сен мені жеме мен саған өлең айтып беремін

Әжей қойма қырнаған екі уыс жинаған

Бал қаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған

Суытып та санаған, бауырсақпын зулаған

Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым

Қоянан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым, маймақ сенен құтылу қиын емес бұл маған

Аю: Мен берген тапсырманы бұлжытпай орындайық

Ұннан жасалынатын тағамдарды ата

Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.

Түлкі: Амансың ба бауырсақ? Көргендерге ұнайды жүзің қызыл шырайлы

Бауырсақ мақтағанға мәз болып өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған болып қыбырын білдірмей бауырымен сырғып жақындай береді.

Бауырсақ:

Әжей қойма қырнаған екі уыс жинаған

Бал қаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған

Суытып та санаған, бауырсақпын зулаған

Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым

Қоянан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым,

Аюдан да сытылдым түлкі сенен құтылу қиын емес бұл маған

Түлкі: Оңай құтыла алмайсың менің тапсырмамды орында

Қыста ақ жазда сұр

Қорбаң қорбаң етеді

Орманда ол жүреді

Орманда тұрады

Өзі бір қу

Жүрген жері айқай шу

Түлкі бауырсақты бас сап жейін деп жатқанда балалар айқайлап жібереді.

Балалар: Жоқ қу түлкі олай болмайды біз сенін тапсырмаларыңды түгел орындадық сен бауырсақты жей алмайсың деп бауырсақты алып кетеді. Түлкі ештеңе істей алмай жөніне кетеді.

Ал, балалар бауырсақты жетектеп ата мен әжеге келеді.



.

Бидайдан


Сары

Бауырсақ, нан, торт, бәліш, түрлі макарон өнімдері


Қоян


Аю
Түлкі

Рефлексивті-түзету

Балалар сендерге ертегі ұнады ма?

Ертегінің мазмұны не жайында екен? Ал, ендң балалар, ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді айырып айтайықшы



Ия ұнады

Ертегідегі жағымсыз бен жағымды кейіпкерлерді атайды


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Театрдың құрылысы, мамандық иелерін білу керек

Болу керек: Театрда қойылатын ертегілерді



Үйрену керек: Ертегілерді сахналауды

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет