Сабақ:№1
|
Мектеп: «Қарабұта орта мектебі»КММ
|
Күні:
|
Мұғалімнің есімі:Кабдоллина Ж.К
|
Сынып:8
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспапағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Этностильдегі бұйымдарды жасау «Бас киімдер, Қазақтың ұлттық киімдері» Бұйымдарды әшекейлеу.
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Ұлттық талғам әдіспен,бас киімдер тігіп үйрену.Шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану.Ұлттық киім түрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып,түсінігін көрсету.Ұлттық киімдердің заманауи үлгілерімен (этностиль) танысу.
Міндеті: Қазақтың ұлттық бас киім үлгілерімен, олардың ерекшеліктерімен таныстыру «Этностиль» түсінігін қалыптастыру.
|
Сабақ мақсаты
|
Қазақтың ұлттық бас киімдерін құрастырудағы және өңдеудегі теориялық білімдерін жетілдіру, әдіс – тәсілдерін үйрету.Оқушылардың ой – өрісін кеңейту, эстетикалық талғамдарын дамыту.
|
Бағалау критерийлері
|
Кейбір халықтардың ұлттық киімдерінің түрлеріндегі ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ажыратады.
|
Тілдік мақсат
|
Ұлттық киім этностиль.Пәндік терминологияны қолданып зерттеу жүргізілген халықтардың ұлттық киімдеріндегі ерекшеліктерге тоқталып,толыққанды жауап береді.
|
Пәнге тән лексика мен терминология: «Этностиль»
|
Талқылауға арналған тармақтар:
|
Қазақтың дәстүрлі киімдері қандай элементтерден тұрады?
|
Құндылықтарды дарыту.
|
Өзге ұлттардың ұлттық киімдерін зерттеу арқылы өзге мәдениеттермен танысу.Мәдениеттерді құрметтеу.
|
Пәнаралық байланыс.
|
Сызу, тарих
|
Бастапқы білім
|
Қазақтың ұлттық киімдерінің қандай ерекшеліктері бар?
Қазақтың ұлттық киімдерінің тарихы туралы не білесіңдер?
«Этностиль» дегеніміз не?
Біздің салт-дәстүрімізде қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың басы.
|
Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Түгендеу
Сергіту сәті. «Жұмыр қылыш».
. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» мағынасын сұрау.
«Галлереяны шарлау»арқылы үй тапсырмасын сұрау. Үйден сызып келген қазақтың ұлттық бас киімдерін ілу.
(Оқушыларды шеңберге тұрғызып, түрлі-түсті асықтар арқылы топқа бөлу.
|
Ресурстар
|
Сабақтың ортасы.
мин)
|
Электронды оқулық арқылы жаңа тақырыпты ашу.
1-Тапсырма. «Мен тігінші болсам...» әдісі арқылы галлереядағы бір тақия мен бір сәукелені алып әшекей бұйымдармен әрлеу жасау. Оқушыларға 1-топқа тақияның эскизі, 2-топқа сәукеленің эскизі беріледі.
I- топ. Эскизді матамен көктеу
II-топ Әшекей бұйымдарды эскизге қарап орналастыру.
Дағдылар: Диалогтық оқыту-қарым-қатынас жасайды топпен жұмыс істеу қаблеті.
Дискрипторлар:
Оқушылар эскиздерді пайдалана отырып, бұйымды көктей алады.
Бағалау: Бас бармақ арқылы бағалайды.
2-тапсырма. (топтық) Оқушылар «Мен дизайнер болсам...» әдісі арқылы 1-топ тақия бас киімін әшекелейді, 2-топ сәукелені әшекейлейді.
Дискрипторлар:
1. Сыни ойлайды, диалогқа түседі.
2. эскизді пайдаланып бас киімдерді әшекейлей алады.
Бағалау: Бірін-бірі смайликтер арқылы бағалайды.
3-тапсырма «Кім жылдам» сәйкестендіру. Суретке қарап пазл құрастыру.
Дағдылар: Топпен жұмыс істей білу қаблеттері.
Дискриптор: Оқушылардың көпшілік бөлігі: сәйкестендіре алады.
Кейбіреулері: Сәйкестендіреді, Бағалау.
4.Бағалау.
|