«Қош келдіңдер, балдырғандар!»



бет1/6
Дата25.01.2017
өлшемі0,93 Mb.
  1   2   3   4   5   6
13.06.16 - 23.06.16 Ақкөл орта мектебінің маңындағы жазғы сауықтыру алаңы «Балдырған» 2 маусым.

1-күн. «Қош  келдіңдер, балдырғандар!»



Бүгін балалар бірінші күн лагерьге келді. Барлығы 15 бала. Күніміз салтанатты жиын, шағын «ән шашу», құттықтау сөзімен 2-ші маусым басталды. Ары қарай жұмыс жоспар бойынша таңертеңгі жаттығумен жалғасты. Асемгүл Сәрсембайқызы ағылшын тілінен сабақ жүргізді. Сабаққа жақсы қатысқан балалар: Есим Ақан, Башарова Дариға, Әбу Ғалия, Туякова Назерке, Аубакирова Назира, Аристанова Айгерим. Келесі сайысымыз көркем сурет байқауы жүргізілді. Ең керемет сурет салған балалар Аубкирова Назира, Әбу Ғалия, Башарова Дариға, Ерден Әдема. Би кезегіне келсек балалар екі топқа бөлініп, ұл мен қыздар арасында жарысты. Әрине қыздар тобы жеңіске жетті. Күніміздің соңында тәтті үстел ұйымдастырдық.

2-күн. «Шар үрлеу»



Таңертең балаларды қарсы алған соң әдеттегідей күніміз бой жазу жаттығуларынан басталды. Тренинг «Танысу» жүргізілді. Әр бала өз атын атап, бірінші әріппінен басталатын сын есім айту керек болды. Балалар екі топқа бөлініп шар өрлеп жарысты, екі топта бірдей болды. Сонымен қатар техника қауіпсіздігі туралы сөз етілді. Кейін аулаға спорттық сайысқа шықтық. Далада сайыстар өткізіп, боулинг ойынын ойнадық.

Сыныпқа келген соң математикалық ойындар жүргізілді. Балалар логикалық тапсырмалар орындап, жұмбақтар шешті.

Күніміздің сонында келесі күннің жоспарымен таныстырылды.

3 –күн. «Мен әншімін!».



Үшінші күніміз әдеттегідей балаларды қарсы алып, бой жазу жаттығуларынан басталды. Балаларға «Жаны  саудың-дені сау»  әңгіме жүргізіп, топтық жұмыс жасап, балалар өз жұмыстарын қорғады. Кезек ойынға берілді.Балалар өздерінің сүйікті сиқырланған ертегі кейіпкерлерін түрлі тапсырмалар орындау арқылы құтқаруға тырысты. Ойыннан кейін «Мен кішкентай әншімін» сайысы басталды.

Балалар бар ынтасымен өнерлерін ортаға салды. Үш тілде ән айта білді. Мысалы: Ванов Мирас ағылшын тілінде «Футбол» әнін орындады. Дариға «Ұстазым» әнін, Назерке «Асыл әже», Фариза «Әліппе», Балнұр Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық ай», Адия «Солнечный круг» т.б әндер орындалды. Сайыс соңында балалар марапатталды .

Кезек қимылдар ойынына берілді.

4-күн. «Лагерь Ханзадасы мен Ханшайымы»



Төртінші күніміз әдеттегідей қабылдау мен бой жазу жатттығуымен басталды.

Компьютердің зияны туралы әңгіме жүргізілді. Балалар өз ойларымен бөлісіп, сурет салды. «Теңіздегі кемелер» ойынына кезек келді. Балалар теңізге байланысты тапсырмалар орындай отырып, саяхаттады. Келесі сайысымыз «Лагерь Ханзадасы мен Ханшайымы». Сайыс бес кезеңнен тұрды.

1. «Сәлем - сөздің анасы» (таныстыру)
2. «Жүйрік болсаң тауып көр» (білімділік сайысы)
3. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету)
4. «Сұлулықтың сыры» (сән үлгісі)
5. Үй тапсырмасы

Барлық кезеңнен сүріңбей өткен бала – Башарова Дариға, яғни лагерь Ханшайымы атанды.

Күніміз таза ауа ойындарымен жалғасты.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет