Сабақтың тақырыбы Ортақ және топтық жұмыс. Топтық жұмысты өткізу әдісі. 1 Мақсатты аудитория



Дата11.03.2020
өлшемі31,99 Kb.
#59981
түріСабақ
Байланысты:
2280 3




Сабақтың тақырыбы

Ортақ және топтық жұмыс. Топтық жұмысты өткізу әдісі.

1

Мақсатты аудитория

мұғалімдер

2

Мақсаты

Топтағы жұмыс барысының үлгісін жасап шығару, құрылысына қарай жұмыс істейтін және тиімді топтың арасындағы айырмашылықты көрсету.

3

Міндеті

Топтағы жұмысты ұйымдастыру мәселесі бойынша мұғалімдердің тәжірибелік ептіліктері мен білімдеңгейлерін анықтау.

Қазіргі мектепте оқыту мен оқу жолдарының өзгеру мәнмәтініндегі бар мәселелердің маңыздылығын көрсету.

Әрбір топтың қатысушылары нақты қызмет атқаруы тиісті екенін мұғалімге түсінуге көмектесу.

Мектеп ұстаздарының кәсіби деңгейін арттыруға және коммуникативті дағдыларын дамытуға көмектесу.



4

Күтілетін нәтижелер

Мұғалімдердің шағын топта жұмыс істеу әдісін игеруі.

5

Материалдар мен жабдықтар

Power point тұсаукесері, постерлер, маркерлер, «БББ» кестесі, «Ақпарат кубигі», үлестіру материалы.



Кезең

Сабақтың барысы

Коучинг қатысушыларының әрекеттері

Уақыты

Амандасу

Коуч жиналғандарға ізгі сөздер айтады. Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестері.  Сіздерді бүгінгі сабақта көргеніме өте қуаныштымын. Біздің коуч сабағымыздың басында «Мен сені білемін» ойынын ойнауға ұсынамын. Қазір сіздерге тақтаның алдына шығуларыңызды өтінемін. Сіздер жалғыз тұрғанда атомдар бып табыласыздар, егер де мен сіздерге «Атомдар 5 молекулдан жиналып тұрыңыздар» -десем,сіздер 5 адамнан тұратын топты құрастыруларыңыз қажет және т.б. Әрбір топ нақты бір түсті стикер алады.

Эмоционалды түрде жауап қайтарады.
Топтарға бөлінеді, нақты бір түсті стикер алады.

4 мин

Шақыру

«БББ» Кестесін толтыру


«1-2 – барлығы» құрылымын пайдалану


Білу аз – қолдану керек.
Қалау аз – істеу керек.


И.-В. Гете

Бүгін балалар бірге істеген жұмысты, ертең әрбір оқушы жеке істей алады.

Л.С. Выготский

Өмірдегі басқа ептіліктерге қарағанда, адамдармен жұмыс істеу ептілігі үшін мен көп төлеуге дайынмын.



Джон Рокфеллер

Басқаларды оқыта отырып,

өзіміз үйренеміз


Бұл пікірлерді оқығаннан соң, қалай ойлайсыздар бүгінгі сабақта біз не туралы айтамыз?

Құрметті әріптестер, бүгінгі коучингтің тақырыбы «Ортақ және топтық жұмыс. Топтық жұмыстың өткізу әдісі».

Қазір сіздер «БББ» кестесін толтырасыздар. Сіздер бұл тақырып бойынша не білесіздер?




Коуч -сессия қатысушылары мақалдардың мағынасын ашады, коучингтің тақырыбын анықтайды.

«БББ» кестесін толтырады, тақырып бойынша білетіндерін және білгілері келетіндерін анықтайды.

Сұрақтарға жеке жауап береді, жұпты құрып топта жұмыс істейді және топта осы сұрақтарды талқылайды.


3 мин

3 мин


7 мин

«1-2 – барлығы» құрылымын пайдалану

– «Өзара тәуелді» дегенді қалай түсінесіз?

– «Өзара әрекеттесу» дегенді қалай түсінесіз

–  Рефлексия дегеніміз не?

«1-2 – барлығы» құрылымын пайдалана отырып әрбір топтың мүшесі жауапты дайындау мақсатында жеке жұмыс істейді, содан соң топтың мүшелері өздерінің нәтижелерін талқылайды, жұпта материалдың түрлерін дайындайды.

Құрметті әріптестер, сіздердің ойынша не тиімді болады жеке ойлау, жұптық жұмыс немесе бірге шешім қабылдау ма?



«Әткеншек» стратегиясы

топтық жұмыс



Топтық жұмыс 
«Әткеншек» стратегиясын пайдалану

1 топ: Қалай оқушыларды топқа бөлуге болады?

2 топ: Топта жұмыс істеу ережесін әзірлеу.

3 топ: Рөлдер мен ресурстарды бөліп беру.

4 топ: Топтың жұмысын қалай бағалауға болады?

Әрбір топқа бір сұрақтан беріледі, берілген сұрақ топта талқыланады, әр топтың спикері қағазға жазылған жауабымен топтарды аралап, өзінің тобы не істегені туралы айтады.

Сұрақтарды талқылайды, талдайды, қорытындылар жасайды.

10 мин

«Ақпарат текшесі»

Текшені лақтыру барысында түскен сұраққа жауап бере отырып, әрбір топ постер дайындайды.

ТЖ дегеніміз не?

Сіз ТЖ қандай түрлері мен стратегияларын білесіздер? Топтық жұмысты қалай ұйымдастыруға болады?

Кім қандай қызмет атқарады?

ТЖ қашан ұйымдастыруға болады?

Қайда?


Неге ТЖ тиімді болып есептеледі?

өздерінің постерлерін аудиторияға ұсынады.



«Ақпарат текшесінің сұрақтарына жауап бере отырып , постерлерді құрастырады.




«Мозаика» тәсілін пайдалана отырып, топтық қызмет істеуді зерттеу

Рефлексия тапсырмасы

«Свободное обсуждение»


Работа в группах, используя прием «Мозаика» тәсілін пайдалана отырып, топтық жұмысты өткізу.

Әрбір топтың мүшесі номері жазылған стикер алады. Әрбір алғашқы топ тапсырма алады:

Сипаттау әдістерімен танысу, оның қолдануын сабақта қарастыру, ол туралы айтуға дайындалу.

1 топ «Идеялардың себеті», «Түймедақ»

2 топ «Fish bone»

3 топ «Бос кресло»

4 топ «Автобус аялдамасы»
Қатысушылар осы ақпаратты зерттеп, талқылайды. Өзінің қорытындыларын А4 қағазында тезис түрінде ұсынады.

Шағын топтар құрастырылады: әрбір топтың бірінші нөмірлері №1 топқа, екіншілер №2 топқа жиналады. Енді әрбір топ өзінің ақпаратымен сарапшылардың қызметін атқарады. Сарапшылар өз ақпаратын бір –бірімен алмасады, яғни постерлеріне сүйене отырып, оқығандары мен есте қалдырғандары туралы айтады (2-3 минут).

Сарапшылар өз топтарына стикерлердің түстері бойынша қайтып барады және өз жұмыстарының нәтижелерін тұсаукесер түрінде ұсынады. Өзінің сарапшысын тыңдаған әрбір топтың қатысушысы сөз сөйлейді.
Барлық топтарға қойылатын сұрақ: Сіздер топтық жұмыстың қай түрлерімен таныстыңыздар? Тәжірибиеде қандай стратегияларды пайдаланғыңыз келеді? Неге ?

«Топтағы жұмысты бақылау кестесі» ресурсын пайдалана отырып, сіздің тобыңыздың жұмысын бағалаңыз?

Барлық қатысушылар үшін мақсаттар мен міндеттер түсінікті болды ма?

Топтағы рөлдер қаншалықты анық бөлінді?

Топтағы ортақ жұмыстын тәртібі орнатылды ма?

Кім уақытты бақылап отырды?

Топтық жұмыстың бағалау критериилері қандай?


Топтағы әдістер қарастырылады, тезистер құрастырады

Сұрақтарға жауап береді, талқылайды,талдайды.

Топтағы жұмысты бақылау кестесін толтырады.


15 мин

2 мин

3 мин


Рефлексия

Коучингтің аяқталуы



«Мейрамхана» стратегиясы. Экранда мейрамхананың, аспаздың және «Тойдыңдар ма?» сұрағының суреті көрсетіледі, қатысушыларға жеке қағаздарға жазылған сөйлемдерді аяқтауға ұсынылады:
Менің тағы да жегім келеді …

 Маған бәрінен де ұнады - …

 Мен жеп қорыттым …

 Бұл мейрамхана …

  Мен артық ішіп қойдым …

 Қосуыңызды сұраймын …


Роликті көру (ән).
Біздің сабағымыз аяқталды. Көңіл аударғандарыңызға рақмет!

Пікірлерді толықтырады, коучингте өз жұмысына рефлексия жасайды.

5 мин


4 мин


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет