1. Оқушылардың оқуына ықпал ететін басқа да факторлар. Тыңдаушылар бұлардың қайсысы маңызды екенін талқылайды



бет1/2
Дата19.11.2022
өлшемі35,79 Kb.
#158976
  1   2
Байланысты:
3 Тапсырма

Ағымдық бақылау тапсырмалары:


1.Оқушылардың оқуына ықпал ететін басқа да факторлар. Тыңдаушылар бұлардың қайсысы маңызды екенін талқылайды.
Оқушыларды уәждеу тәсілдері әдетте сыртқы уәж және ішкі уәж деп бөлінеді. Алайда оларды қатаң түрде екіге бөліп талдағаннан гөрі, ажыратуға келмейтін біртұтас ретінде қарастырған орынды (Vallerand, 2000). Сыртқы уәжді (оқушыға сырттан әсер ететін факторларға негізделген) арттыруға арналған тәсілдер Б.Ф. Скиннер (1953) ұсынған бихевиористік қағидаттарға негізделеді. Сөз болып отырған тәсілдер жағымды мінез-құлықты нығайтып, кері тәртіпті шектеуді қамтамасыз ету мақсатында кері байланысты (соның ішінде мадақтау мен кінәраттау) қолдануды көздейді (Walford, 2003). Екінші қырынан алғанда, ішкі уәж іштен шығып жатады немесе жеке тұлғаның өзінен туындайтын, бастау алатын уәж, әдетте сыртқы уәжге қарағанда бұл анағұрлым рақымды, ізгілікті табыс деп есептеледі (Hunt, 1969/1971 cited Walford, 2003). Оқушылар оқудан рахат алып, оны қызықты деп санағандықтан, оқуға белсенді атсалысу арқылы табысқа жетуін ішкі уәждің мысалы ретінде келтіруге болады. Бұл ретте оқытудағы негізгі мәселе мұғалімдер оқушылардың уәжін, атап айтқанда, ішкі уәжін қалай арттыра алатындығында болып отыр. Мұғалімдер жұмыстың жақсы екенін мойындап, оны мадақтау арқылы сыртқы уәжді қолданады, айталық, бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың егжей-тегжейлі орындалған жұмысы үшін оқушыларды мақтай алады, ал оқушы жұмысты толық орындамаса, тіпті ол жұмысты жақсартқанның өзінде, мұндай оқушыны мақтамайды. Дегенмен, зерттеулер көрсетіп отырғандай, сыртқы уәжді қолдану ішкі уәжді бәсеңдетуі ықтимал. Мәселен, Деки (1971) оқушыларға басқатырғышты 31 шешуге өте қызықты жаттығу беріп, алдын ала кейбір оқушыларға жақсы орындағаны үшін сый алатынын айтады. Эксперимент өткізуші экспериментке қатысушыларға бұл тапсырманы әрі қарай орындамай, пазл және өзге де кедергі келтіріп, көңілді бөлетін нәрселер (соның ішінде журналдар) жатқан бөлмеде қалатындықтарын жеткізеді. Осындай еркіндік берілген кезде сырттан марапат алатындарын білетін қатысушылар тапсырманы орындауға аз ғана уақыт бөлуді ұйғарып, ал марапат туралы білмегендер жұмыстарын жалғастыра берген. Басқа сөзбен айтқанда, сыртқы уәждеуші фактордың болуы оқушылардың ішкі уәжіне кері әсер етті. Осы бір негізгі жаңалық басқа да бірқатар зерттеулерде дәлелденді (Ryan and Deci, 2000). Білім беру саласы үшін мұның айтарлықтай маңызы бар. Танымдық бағамдау теориясына сәйкес (Ryan and Deci, 1985), жеке тұлға өзінің мүмкіндігінің жетпейтінін немесе дербестігі шектеулі екенін білген жағдайда, сыртқы уәж ішкі уәжді өшіре алады. Айта кетерлік жайт, керісінше болған жағдайда, нәтиже мұндай болмайды. Мысалы, өзінің құзыреттілігі жететінін сезетін оқушы ішкі уәжі мол екенін көрсете бермейді (Ryan and Deci, 2000). Ішкі уәжді өсіретін немесе өшіретін бұл факторлардың сәйкессіздігі факторлар туралы зерттеулердің метаталдауы (Marzano, R. J., Pickering, D.J., Pollock, J.E., 2001) барысында да анықталды. Айталық, орта мектеп оқушылары бұл факторлардың өздерінің уәжіне ықпалы бар екеніне сенеді. Зерттеу қорытындысы бойынша, оқушылардың білімге құштарлығы күшті болады, алайда білім алу барысында ол бәсеңдей береді (немесе тіпті өшіп қалады). Мұғалімдер ең бірінші кезекте оқушының осы туа біткен қызығушылығын қолдап, оны білім алу үдерісіне тарту арқылы баланың ішкі уәжін барынша арттыруға ұмтылулары керек. Себебі олар ішкі уәжін жоғалтқан болса, оны ояту қиынға соғады. Мұғалімдер сыртқы уәждеуші факторларға жүгінуде абай болғаны абзал, өйткені ол ішкі уәжге кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан - оқушылар сабақты ойын түрінде, сан алуан нұсқаларда және белсенді өтетін үдеріс деп санаған жағдайда; - мұғалім бірлескен оқудың әдістерін қолданған жағдайда; - оқушылар жаттығуларды пайдалы және жағдайға сай келеді деп қабылдаған жағдайда оқушы оқуға белсенді араласады деп күтуге болады. Білім алуды жандандыратын аспектілердің бірі оқушыларды ынталандыру болып табылады, бұл оқушылардың өз қабілеті мен мүмкіндіктерін іске асыруына оң ықпал етеді. Әдетте балалар мектепте жақсы оқиды, алайда кейбіреулері оқуға деген ішкі уәжі мен қызығушылығын жоғалтып жатады. Негізінде, оқушылар оқу қажет болғаннан емес, өз еркімен оқуға ынталанып, өздігінен уәжделуі тиіс. Бұған оқуды мүмкіндігінше белсенді, күрделі, қызықты және маңызды ету арқылы қол жеткізуге болады. «Балалардың білгені, тапқан-таянғаны өмірге жанасып, жарыққа шығып отырып, барлық жұмысты балалардың белсене, құлшына өздері істеуі шарт. Өзі еңбектеніп, өзі бейнеттеніп тапқан білім берік болады. Өмірінше ұмытпайды» (Аймауытұлы, 1929). Оқушылар өздерінің жаңа білімдері мен дағдыларын іс жүзінде өз тәжірибесінде қолдануға болатынын көргенде және шынайы өмірден алынған жағдаяттарға негізделген өздерінің күнделікті тәжірибесімен байланысты болғанда, олардың оқуға деген ынтасы артады. Мұғалімдер оқушылардың ішкі уәжін арттыру үшін бірқатар педагогикалық әдістерді қолдана алады: - сабақты белсенді оқуға ықпал ететін және ынталандыратындай қызықты әрі тартымды етіп құру; - оқушылардың қызығушылықтары, қажеттіліктері және тілек-ниеттерін ескеретін 32 жас ерекшеліктеріне сай ресурстарды пайдалу; - әртүрлі белсенді оқу тәсілдерін пайдалану үшін сабақ мазмұнын өзгерте алу; - оқушылар өздерінің жетістіктері немесе сәтсіздіктерінің өзінің оған қанша күш жұмсағанына байланысты екенін түсіндіре алатындай болу үшін оқушыларды дербестікке ынталандыру; - жағымды кері байланыс ұсыну, оқушылардың өзіне беретін бағасын көтеріп, олардың алдағы уақытта нәтижені жетілдіре алатынына сенім ұялату мақсатында жекелеген оқушыларға арнап оқуды жетілдіруге бағытталған арнайы мақсат қою; - оқушыларды жаңа оқу мен оқыту әдістерімен эксперимент жасауға тарту (бұл мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара байланысты жақсартады, нәтижелі кері байланыс орнатып, жағымды оқу ортасын құруға мүмкіндік береді). Оқушыларды ынталандыруға арналған осы ұсынылған тәсілдер тізімінде қандай да бір мадақтау немесе жазалау ескерілмегеніне мән беріңіз. Сабақ барысында мұғалімдер оқушыларды ынталандыру үшін «жақсы», «жақсы бала/оқушы» деген мақтауды қолданады, бірақ мұндай мақтаулар барлық уақытта оқушылардың танымдық ойлау деңгейінің жақсаруына әсерін тигізбейді. Оның орнына «мәселені шешудің тиімді жолын таңдағансың» деген сияқты оқушының жетістігін көрсету арқылы мадақтау олардың алға ұмтылуына жақсы ықпал етеді. Мұғалімдер оқушының оқу керектігіне байланысты «сыртқы» уәж түріндегі мақтауларды жиі қолданады. Оқушыларды мұндай жолмен ынталандыру тәсілдерін пайдалануда аса мұқият болған жөн, себебі олар оқушының ішкі уәжін төмендетуі мүмкін. Атап айтқанда, жалаң мадақтау, жазалау немесе тиімсіз кері байланыс салдарынан оқушыларда төмендегідей сезімдердің туындауына жол берілмеуі тиіс - тапсырманы орындауға өзін қабілетсіз сезіну; - тапсырманы соңына дейін орындаудың қажеті жоқ деп сезіну; - тапсырманы орындау үшін аз ғана әрекет етіп, шектеулі күш-жігер жұмсаса жеткілікті деп сезіну; - өзіне аз тапсырма берілді деп сезіну. Оқушының бастапқы ішкі уәж төмен болған жағдайда сыртқы марапат пайдалы болуы мүмкін. Шын мәнінде, мұғалім оқушылардан жоғары нәтиже күтіп, олардың өз күшіне деген сенімін нығайту үшін мадақтауды пайдаланғаны дұрыс. Оқушының жұмысына құрметпен қарай отырып, оның ішкі уәжін арттыруға ықпал етуге тырысыңыз (мысалы, оның жеке қызығушылығы, тақырыпқа қызығушылығы, жеке мақсаттарға ұмтылуы және т.б.). Оқушының оқуға құлықсыз болуы немесе оқудағы сәтсіздіктері көп жағдайда мұғалімнің оның ішкі уәжін оята алмауының салдарынан болуы мүмкін, ал сәтсіздіктердің жалғаса беруі оқуға аса қабілетті балалардың да пәнге деген қызығушылығын жоюы мүмкін. Оқушылардың пәнге қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыратын көптеген факторлар бар: оқушылардың қызығушылығын туғызатын жаттығулар, мұғалімнің ықпалы, ата-аналардың ықпалы, мадақтау және т.б. Оқушының шынайы қызығушылығы мен ынтасын арттырудың ең сенімді тәсілі – осы факторлардың барлығын қамту, яғни білім алуға шынайы ынталандыратын оқу ортасын қалыптастыру. Оқушыларды оқуға ынталандыратын факторлардың маңызын түсініп, тиімді қолдана білу мұғалімнің кәсіби қызметінде аса маңызды рөл атқарады. Төмендегі кестеде (3-кесте) мұғалім жұмысындағы оқушының уәжін өсіретін немесе, керісінше, өшіретін факторлар ұсынылған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет