1. Осман бейлігі және оның басқару жүйесі. Түріктердің ортағасырлық тарихын екіге бөліп қарауға болады – селжүктік және османдық. Бұл екі кезеңді «бейлік дәуірі»



Дата04.09.2022
өлшемі21,62 Kb.
#148699
Байланысты:
жұмыс


1.Осман бейлігі және оның басқару жүйесі.
Түріктердің ортағасырлық тарихын екіге бөліп қарауға болады – селжүктік және османдық. Бұл екі кезеңді «бейлік дәуірі» деп аталған ауыспалы кезеңді айтуға болады (ХІІІ ғ.ІІ жартысы – ХVғ.басы).
«Бейлік дәуірі» кезінде монғол шапқыншылығы мен Анатолияға жасалған түрік миграциясының екінші толқынымен байланысты саяси және этникалық өзгерістер боды.
ХІІІ ғ.екінші жартысындағы кіші Азиялық селжүктер мемлекетінің құлауы және ХІІІ – ХІV ғғ.кезіндегі Хулагуидтер (Ильхандар) державасындағы өзгерістер Анатолия жерінде эмираттардың, яғни бейліктердің құрылуына жақсы жағдай туғызды.
Монғолдардың Кіші Азия селжүктеріне 1243 жылғы жеңілісінен соң олардың құрған мемлекеті екі бөлікке бөлінді. Анатолияның Қызыл-Ырмақ өзенінен шығысқа қарай территориясы Хулагуидтер билігіне қосылды. Мұнда монғол жаулап алушыларының тәртіптері нығайды. Ильхандар державасы тараған соң бұл жерлер ғасырдан артық Ирандағы билікке таласқан әртүрлі түркімен басшыларының бақылауында қала берді. Кіші Азиялық селжүктер монғол хандарынан вассалдық тәуелдіктерін мойындай отырып, Анатолияның Батыс және Орталық бөлігінің көбіне биліктерін сақтап қалды. Бірақ іс жүзінде монғолдардан да, коньи билеушілерінен де тәуелсіз болды. Бұл жаңа саяси бірігу процесі шекаралас облыстарда, яғни уджда белгіленді. Онда жақында Кіші Азияға қоныс аударған көшпелі және жартылай көшпелі тайпалар болды.
Шекарада тұрып жатқан тайпаларда өзіндік әскери-көшпелі тұрмыс қалыптасты: көшпелілердің бір бөлігі әскери қызметімен атқарса, ал екіншілері мал бағып, шаруашылықпен айналысты. Удждың барлық тұрғындары қаруланған болды. Көршілермен айқас, тонап кету, жерін тартып алу мақсатында болған шапқындар олардың күнделікті өмірінде болып жатты. Шекарадағы тұрып жатқан тұрғындарға діни үгітшілердің ықпалы үлкен болды.
ХІІІ ғ.екінші жартысы мен ХV ғ.бірінші жартысында Анатолияның батыс және орталық территорияларында жиырма шақты бейліктер пайда болып жатты. Олардың кейбіреулері әлсіз болып тез ыдырап жатса, ал екіншілері түрік тарихында үлкен із қалдырып жетті. Мысалы, Қараман бейлігі. Бұл бейлік ХІІІ ғ.60-жылдарында Киликшілік Армян патшалығынан батысқа қарай Тавра таулы аудандарында құрылды. Оның билеушілері армян жеріне жорыққа және монғолдармен олардың қолдаушылары селжүктер вассалдарына қарсы күресте үлкен үес қосты. ХІV ғ.басында өзінің мемлекетінің территориясын кеңейте отырып, Коньейді жаулап алған соң, Қарамандықтар селжүк сұлтанының мұрагерлері болу құқықтарын ашық жариялады.
Қараман бейлігіне бастапқы кезде астанасы Кютахье болған Гермиян бейлігі болды. Гермияндықтардың византиялық жерлерге жасаған жорықтары сәтті болды. Нәтижесінде бейліктердің шекарасы Анкараға дейін барып жетті.
ХІV ғ.20-30 жылдары Гермиян атақтарын Эгей теңізінің жағалауында құрылған жаңа бейліктері басып тастады. Осы князьдықтарға (Ментеше, Айдын, Сарухан, Каресы бейліктері) осы кезден бастап тоналған байлықтарының үлкен бөлігіне ие болды. Анатолия аудандарынан келушілер болды. Олар «дін үшін күресушілер» , яғни газиліктер болды. Көп кешікпей Кіші Азияның батыс бөлігі түрік бейлерінің қолында болды. Теңіз маңындағы бейліктердің ерекшеліктері олар қарақшылықпен, құл сатушылықпен айналысты. Бұл Эгей теңізінің аралдарына, Балқан халқына және Жерорта теңізінің саудасына үлкен қиындық әкелді. Түрік пираттарының істерінен шығын көрген еуропалық елдер шара қолданбақ болды. 1343-1344 жылдары крест жорығы ұйымдастырылды. Мақсаты – кіші Азияның Эгей жағалауындағы бейліктерге блокада құру болды. Нәтижесінде еуропалық одақтардың осы іс-әрекетінен кейін Эгей эмиратының әскери және экономикалық потенциалы іс жүзінде үзілді, олардың билеушілерінің ішкі саяси атсалусылары төмендеді.
Тағы бір шекара маңындағы бейліктің тағдыры басқаша құрылды. Бұл бейлік Вифинияда орналасқан (Кіші Азияның солтүстік-батыс бөлігі) және осы князьдықтың бірінші тәуелсіз билеушісі - Осман бей болды.
Осман бейлігі Эскишехир ауданында орналасқан шағын удждың негізінде қалыптасты. Оның иесі Османның әкесі Эртогрул болды. Монғол шапқыншылығынан кейін билік басындағыларының селжүк билігіне тәуелділіктері таза номиналды түрде болды.
Шамамен 1300 жылы Осман селжүктердің қарамағынан толығымен босап, территориясын кеңейтуде өзінің саясатын жүргізе басталды. Осман бейлігі басқа князьдықтарға территрия жағынан да, саяси-экономикалық даму жағынан да жол берді. Кіші Азиядағы ХІV ғ. Басындағы географиялық жағдай мен саяси жағдайы Осман бейлігінің тез қарқында дамуына оңды болды. Осман мемлекетінің орталығы монғолдардың билігі жүріп жатқан аудандардан алшақ болғандықтан, бейлік басшылары өздерін монғол хандарының вассалдары ретінде санай отырып, іс жүзінде өздерінің саясатын өздері жүргізіп отырды. Көрші князьдықтар османдықтардың бастапқы табыстарына көп көңіл аудармады.
Осман князьдығының өсуіне әсер еткен фактор ол Византиямен көршілес болуы. Бейлік көсемдері кіші Азияның әлсіреген империясының соңғы мүліктеріне қарсы жіберген әскери қимылдары шекараларын кеңейтуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Анатолияның «қасиетті соғыстағы» «сенімсіздерге» қарсы келген басқа да түрік князьдықтарынан жаңа күштерінің үздіксіз келуін қамтамасыз етті.
Османның тірі кезінде жасалған бірнеше жорық нәтижесінде Брус (Бурс) бекінісімен жақсы бекітілген территориялар алынды. Бұл жерді Османның ұлы Орхан (1324-1362 жж.) алды. Кейін бұл жер князьдықтың астанасы етіп қойылды. Никкея (Изник) және Никомедия (Измит) сияқты византиялық ірі қалалар құлады. ХІVғ.50-жылдарының басында түрік-османдар Қара теңіз бұғазының қасында болды. Осы жерді және Византия астанасын басып ала алмады. Осындай жағдайда жаулап алу жоспарының жаңа жерлері – Босфордың және Дарданелланың арғы жағындағы жерлер болды.
Осман бейлігінің ішкі басқаруы бастапқы кезде қарапайым болды. Осман мен Орхан тайпа билерінің кеңесінде бей атағын алды. Бей – біріншіден әскербасы ретінде болды, ал негізгі оның функциясы болып – көршілерге қарсы тонау жорығын ұйымдастыру еді. Бейдің жақын көмекшілері болып – жаулап алған қалалар мен қамалдарға басшы болып сайланған ұлдары мен ағайындары болды.
Осман бейлігі кеңейгенде оның басқару жүйесі күрделенді. Орханның тұсында бірінші уәзірлер пайда болды, бұрынғы жерлерінің орнына қоршап алған жердің әкімшілік-территриялық бөлінуі енгізілді. «Акча» деп аталған өздерінің тиындары соғыла бастады. Әскери ұйымдар да ауысты. Жеке жаяу әскерлер – «яя» немесе «пияде» және атты әскерлер «мюселлем» құрылды. Әскери жорық кезінде осы отрядтарға кірген әскерлер күніне 1 акеядан алып отырды. Ал бейбітшілік кезінде бұл адамдар орталық билік бөліп берген, салықтан босатылған, жеке қолдануға берілген жерлерді өңдеумен айналысты. Осылайша тайпалық одақтан феодалдық әскерге көшірілді. Жаңа әскерлердің мақсаты – Кіші Азияны өздерінің билігіне қосу болды. Бұны іс жүзінде асыру үшін бірнеше жылды керек етті. Дегенмен, ХІV ғ. Екінші жартысындағы жағдай Анатолиядағы біріккен түрік мемлекетінің құрылуына әсер етті.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет