Тірі организмдерде міндетті түрде болатын қасиеттердің бірі,ол артына ұрпақ қалдыру,басқаша айтқанда бір особьтың өзі секілді жас особьтардың тұтас сериясын немесе кем дегенде біреуін беруге қабылеттілігі.
Көбеюдің бір-бірінен принциптік айырмашылығы бар екі түрі белілі:жынысты және жыныссыз.
Көбею түрлері Жынысты
Жыныссыз
Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы;
Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбею;
Өсу мүшесінің бөліктерімен көбею;
Жыныссыз көбею
Жыныссыз көбею — өсімдіктер мен жан-жануарлар ағзаларының бір бөлімінен өзі тәрізді жаңа ағзаның өсіп шығуы; ағзалардың жыныстық қарым-қатынассыз және жыныстық жасушалардың қатысуынсыз көбеюі. Ұрпақ таратудың өте ертеде қалыптасқан жолы болғандықтан жыныссыз көбею көбінесе біржасушалы ағзаларда кеңінен таралған бірақ кейбір көп жасушалы ағзаларға да тән: саңырауқұлақтарда, өсімдіктерде, жануарларда жатады.
Жыныссыз көбеюдің екі жолы бар:
1) вегетативтік өніп-өсу, 2) споралану.
Жыныссыз көбею түрлері
Бүршіктену Спора арқылы көбею Өсімді мүшелері арқылы көбею
Бүршіктену арқылы көбею
Ашытқы саңырауқұлағы бір клеткалы организм.Алдымен томпиып өсіп біртіндеп бүршік түзіледі,ұлғайып өсім бөлініп кетеді де,ересек ашытқы клеткасына айналады.Тағы бүршік түзеді.
Спора арқылы көбею
Спора (грекше «спорос» – сеппе, екпе) - тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша.
Балдырларда, саңырауқұлақтарда және жоғары сатыдағы өсімдіктерде жыныссыз көбею кезінде түзіледі. Бір не көп клеткалы болады. Балдырларда талшықтарымен суда қозғалып жүретін спора лар зооспоралар деп аталады. Хлореллада талшығы жоқ автоспоралар, қызыл балдырларда – тетроспорангийде талшығы жоқ тетраспоралар, моноспорангийде талшығы жоқ моноспора түзіледі. Саңырауқұлақтарда да спорангийде – спора, суда өсетіндерінің зооспорангийлерінде зооспоралар жетіледі. Балдырлар мен саңырауқұлақтардың зооспорангийлері мен спорангийлері бір клеткадан түзіледі.