Боөж орындаған: Рамазан Ақниет Курс: курс Мамандығы: Жалпы медицина Тобы: 103А Қабылдаған: Қожаниязова Ұлбосын Нургалиевна Алматы, 2021 Жүйке талшығы



Дата21.12.2021
өлшемі91,82 Kb.
#104468
Байланысты:
физио практика 3







БОӨЖ 3


Орындаған: Рамазан Ақниет

Курс:1 курс

Мамандығы: Жалпы медицина

Тобы: 103А

Қабылдаған: Қожаниязова Ұлбосын

Нургалиевна

Алматы, 2021





Жүйке талшығы (гр. neurofibra neuron — жүйке және fibra - талшық) - жүйкелік глия (нейроглия) жасушаларыме(олигодендроглия жасушаларымен) қапталған нейроциттің біліктік (ось) цилиндрлі (нейроцит өсіндісі).

Құрылысына байланысты жүйке талшықтары: миелинсіз (үлпексіз) және миелинді (үлпекті) болып екі топқа бөлінеді.



Миелинсіз жүйке талшығы — вегетативтік жүйке жүйесіне тән. Оның ішінде бірнеше біліктік цилиндр болады. Олар сыртынан леммоциттермен ғана қапталған.

Миелинді жүйке талшығы негізінен сомалық жүйке жүйесі жүйкелерін құрайды. ішіндегі біліктік цилиндр сыртынан екі қабықпен қапталады. ішкі қалың миелінді қабығын сыртынан бір қабат леммоциттер қаптап жатады. Жүйке талшықтары: қызметіне байланысты сезімтал, аралас және қозғалтқыш жүйкелерді құрайды. Жүйке толқынын сезім мүшелерінен жүйке жүйесінің орталық мүшелеріне өткізетін жүйке талшығын — афферентті (орталыққа тепкіш), ал жүйке толқынын, керісінше, орталық жүйке жүйесі мүшелерінен шеткі орындаушы мүшелерге (Бұлшықеттерге, бездерге) өткізетін жүйке талшығын эфферентті жүйке талшығы деп атайды.

Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері

Жүйке талшықтарына қозғыштық, құбылмалылық, қозу толқынын даралап және қос бағытта өткізу тағы басқа қасиеттер тән. Қозғыштық. Жүйке талшықтарының қозғыштығы өте жоғары. Миелинді талшықтар миелинсіз талшықтармен салыстырғанда, қозғыш келеді. Мәселен, сүт қоректілердің қозғағыш жүйкелерінің хронаксиясы 0,05-0,2 мс болса, симпатикалық жүйкеде ол 5 мс. созылады. Құбылмалылық. Жүйке талшықтарының функционалдық құбылмалығы да өте жоғары. Оларда қозу толқыны басқа ұлпалармен салыстырғанда, шапшаң пайда болып, тез өшеді. Демек, шеткі жүйкелерде қозу толқыны аз ғана уақытқа созылады, сондықтан жүйке талшықтары өте жиі тітіркендіру ырғағын игере алады. Жүйке торшалары үшін қозу толқынының максимальдық ырғағы секундына 100 тітіркеністен артпайды, ал оптимальдық ырғақ секундына 10-12 тітіркеніс. Осы торша аксоны үшін максимальдық ырғақ секундына 300-500 тітіркеніс болеа, оптималдық ырғақ 100-175 тітіркеніс шамасында. Миелинді жүйкелердің лабильділігі миелинсіз жүйкелерден жоғары. Мысалы, миелинді жүйке талшықтары секундына 500-ге дейін қозу толқынын тудыра алады.



Қозуды жеке-дара өткізу. Әрбір жүйке көптеген талшықтардың құралған, бірақ қозу импульсін әрбір талшық жеке-дара өткізеді, іргелес жатқан талшыққа таратпайды. Осымен байланысты жүйке импульсі тек қозған талшықпен түйісетін құрылымға ғана беріледі. Жүйкенің бұл қасиеті миелин қабығының болуымен байланысты. Жүйкенің өткізгіштігі неғүрлым жоғары болса, оның миелин қабығы соғүрлым қалың келеді. Оның себебі қозуды өткізу жылдамдығы жоғарылаған сайын, эрекет тогының күші арта түседі. Миелинсіз талшықтарда қозу толқыны баяу таралады, әрекет потенциалы элсіз болады. Жүйке талшығының қабығы жүқа болғанының өзінде жүйке талшығын қоршап жатқан сүйықтың кедергісінің төмендігімен байланысты қозу толқыны дараланып өткізіледі. Бұл жағдайда айналмалы токтың негізгі тұзақтары қатар жатқан талшыққа берілмей, талшықаралық саңылаудағы сүйық арқылы өтіп отырады.

Тұтастық зандылығы. Қозу импульсі жүйке талшықтарымен оның анатомиялық тұтастығы мен талшық мембранасының қалыпты функционалдық белсенділігі сақталған жағдайда ғана өткізіледі. Жүйке талшықтарын механикалық жолмен зақымдау немесе натрий арналарын арнаулы заттармен тығындау (блокадалау) жүйкенің өткізгіштік қасиетін жояды. Қозуды қос бағытта өткізу. Қалыпты жағдайда жүйкенің қозған учаскесінде рефрактерлік құбылыстың дамуымен байланысты қозу толқыны кері бағытта таралмайды. Дегенмен, аксонның қозғыштығы жоғары (триггерлік) бастапқы сегменттерінде қозу толқыны қос бағытта — аксон ұшына және нейрон денесіне қарай таралады. Жүйкедегі зат алмасу Жүйке талшықтарындағы қозудың жалпылама белгілерінің бірі — зат алмасу процесінің күшеюі. Қозған жүйкеде оттегі шығыны артып, көмір қышқыл газы көп бөлінеді, энергияға бай фосфорлы қосылыстардың (АТФ, КФ) шығыны артып, сүт қышқылының, аммиактың түзілуі көбейеді. Қозу салдарынан аксон үшында медиаторлар бөлінеді, жылу түзу қарқыны орта есеппен 20-30 пайызға артады. Бірақ жалпы алғанда, қозу үстіндегі талшықтар онша көп энергия шығындамайды. Ол энергияны тек натрий — калийлік сораптың жүмысын қамтамасыз ету үшін ғана пайдаланады.

Жүйкенің қажымауы. Жүйке қалыпты жағдайда қажымайды. Оның себебі зат алмасу процесі қарқынының төмен болуында және қайта синтездеу процестерінің шапшаң жүруінде. Н. Е. Вве-денский бірнеше сағат бойына жүйкені ырғақты тітіркендіргеннің өзінде оның қозуды өткізу қабілетінің жоғалмайтынын, демек жүйкенің баяу қажитынын дәлелдеген. Жүйкенің қажымау себебінің бірі — оның лабильділігінің жоғарылығында. Қалыпты жағдайда жүйке торшалары секундына 50-100 импульс тудырып үлгерсе, жүйке талшықтары одан әлдеқайда көп импульстерді өткізіп үлгеруге бейімделген.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет