Тілдің шығуы



Дата29.10.2022
өлшемі43,22 Kb.
#155630
Байланысты:
оям (копия)
сро6орыс, Презентация (8), БӨЖ (копия), презентация семинар, 6 срооооо, 6срспппп, пед 5срсп, сро5 пед, оям бож3, оям бож2, Лекция №1

Тілдің шығуы

Тілдің шығуы туралы айтқан уақытта, оның екі түрлі мәселесін ажырату керек. Бірі - жалпы адам баласы тілінің шығуы, екіншісі - жеке, нақтылы тілдердің (мысалы, қазақ, орыс, қытай тілдерінің) шығуы туралы мәселе.

  • Тілдің шығуы туралы мәселе әр түрлі ойшылдардың назарын баяғыда-ақ өзіне назар аударып келген. Осы көптеген ойшылдардың ойларынан бірталай жорамалдар айтылып, сан қилы байымдаулар жасалды. Бірақ осы көптеген байымдаулардың көбісі жалған болып шыққан. Біз алдымен жалғар байымдауларын атап, ашып, түсіндіріп шығамыз.

Тілдің шығуы туралы айтқан уақытта, оның екі түрлі мәселесін ажырату керек. Бірі - жалпы адам баласы тілінің шығуы, екіншісі - жеке, нақтылы тілдердің (мысалы, қазақ, орыс, қытай тілдерінің) шығуы туралы мәселе.
Дыбысқа еліктеу теориясы. Бұл теория грек философиясынан басталды. 17-18 ғасырда кең өріс алды. Өкілі - неміс философы Г.Лейбниц. Түсіндірілуі: алғашқы адамдар жануарлардың дауыстарын, құстың сайрауын естіп, соларға еліктеуден әр түрлі дыбыстарды шығарған. Содан алғашқы сөздер жасалып, олар заттардың атауына айналды
Эмоционалды теория. Бұл теория 18-19 ғасырларда кең тараған. Оның жақтаушысы - Ж.Ж.Руссо. Түсіндірілуі: ерте кезде, адамдардың бір нәрсеге құштарлығынан алғашқы сөздері шыққан.
Одағай теориясы. Эмоционалды теориясы одағай теориясына ұласқан. Осы теорияны жақтаушылардың бірі - орыс лингвисті Д.Н. Кудрявский. Түсіндірілуі: одағай сөздер адамның ең алғашқы сөздері еді. Алғашқы сөздерде дыбыс пен мағына бір-бірінен бөлінбеген , біртұтас болатын. Кейінірек олар бір-бірінен ажырады.
Қоғамдық шарттасу теориясы. Жақтаушылары: Дж. Локк, Т. Гоббс, Ж.Ж.Руссо. Түсіндірілуі: алғашқы адамдар сөздерді өзара келісе отырып , шарт жасасып, таңдап алған. Осыдан келіп тіл жасалған.
Еңбек айқайы теориясы. Бұл теория 19 ғасырда шықты. Оның жақтаушысы - Людвиг Нуаре деген философ. Түсіндірілуі: тіл адамдардың еңбек ету кезінде шығарған рефлексті айқайларының негізінде пайда болған.

Енді, дұрыс теория көрсетеміз.

  • Адамзат тілінің пайда болу теориясының ғылыми негізін К.Маркс пен Ф.Энгельс жасады. Олар: "Тіл де сана сияқты басқа адамдармен қатынас жасау мұқтаждығынан және қажеттілігінен туды" - дейді. Яғни мұнда , тіл мен сананың бір-бірімен тығыз байланыстылығы және олардың бір мезетте шыққандығы , екіншіден, тілдің адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттілігінен келіп пайда болғандығы айтылған.
  • Тілдің шығуы туралы мәселе К.Маркстің "Неміс автономиясы" және Ф.Энгельстің "Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің рөлі", "Семьяның жеке меншіктің шығуы" деген еңбектерінде ғылыми тұрғыдан жан-жақты талданып , бұл мәселе туралы материалистік теория әрі қарай дамытыла түсті.

Қорыта келгенде, ұжымда бірлесе еңбек ету әрекеті өзара қатынас жасау қажеттілігін тудырды. Осыдан біртіндеп алғашқы сөздер туады, тіл мен ой пайда болады. Тіл мен ойлаудың шығуын алғашқы адамдар ұжымынан бөліп қарауға болмайды. Тіл еңбекпен бірге ұжымда туды.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет