Тарих философиясы - («тарих философиясы» ұғымын Вольтер енгізді, нақты түрде антикалық кезеңге жатады)- тарихты бағалау мен талдау философиясы, яғни көп жағдайда тарихи зерттеулер мен тарихты түсіндіру нәтижелері.[1] Тарих философиясы деген термин екі түрлі мағынаға ие: біріншіден, тарихты онтологиялық және гносеологиялық талдау; екіншіден, 19-шы ғасырдың аяғы және 20-шы ғасырдың басы кезеңіндегі философиялық бағыт. Тарихты басқарушы күш әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Идеалистік философияда тарихты басқаратын күш абсолютті рух (Гегель) деп қарастырылды. Рационалистер тарихты басқаратын күш ақыл-ой деп санады. Натуралистік бағыттардың өкілдері тарихты басқаратын күш табиғи заңдылық деп түсіндіреді. Қалай дегенде де бұл күштер тарихтан сыртта деп қарастырылады. Олар тарихты басқаратын күштер тарихтың өзінің ішінде құрылады деп есептемеді. Тарих философиясының классикалық жобаларында дұрыс пікірлер де болды. Мысалы, француз ағартушылары ХVIII ғасырда прогресс теориясын дайындап шығарды. Оның алғашқы авторы Кондерсе болды. Гердер процестің бірлігі туралы ілімді ашты. Сол уақытта мәдениет философиясының да ірге тасы қаланды. Оны ашқан Вольтер болатын. Вольтер мәдениет философиясын саясат философиясына қарсы қойды. Тарих философиясының рационалистік нұсқасынан романтикалық нұсқа ерекшеленді. Романтикалық нұсқада тарихи кезеңдердің ішкі байланысы, сабақтастығы, көптүрлілігі ашылды. Георг Вильгелм Гегель тарихи процеске байланысты еркіндік және қажеттілік ұғымдарының қатынасын терең талдап көрсетті. Бірақ олар метафизикалық көзқарастардан арыла алмады.
Маркстің пікірінше адамдар тарихты өздері жасайды, олар өздерінің бүкіл әлемдік тарихи драмасының актері де, авторы да өздері болып табылады. Маркс, - алдыңғы ұрпақтың іс-әрекеттерінің нәтижелері объективтілендіріліп, келесі ұрпақтың алдында алғышарт болып негізделіп жатады, - деді. Маркске дейінгі тарих философиясында басты болып келген онтологиялық проблематика ХIХ ғасырда басқа қоғамдық ғылымдарға ауысады, соның ішінде социологияға. ХIХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы кезеңінде орын алған позитивистік эволюционизмнің кризисі тарихи айналым теорияларының жаңа варианттарының пайда болуына және кең таралуына мүмкіндіктер туғызды (Шпенглер, Тойнби, Сорокин). Тарихтың мәнінің метафизикалық проблемасы христиандық тарих философиясының басты мәселесі болып табылды (Бердяев, Маритен, Демиф, Бультман, Нибур). ХIХ ғасырдың соңында пайда болған сыни тарихи философия тарихи таным процесі мен нәтижесін талдаудың гносеологиялық және методологиялық проблематикасын алға қойды. Тарихи танымның гносеологиялық сыны мәселесін алғаш Дильтей қарастырды. Бұл ілім ақыл-ойды жаппай сынға алудан да тайынбады. Тарихи танымды гносеологиялық сынау тарихи субъект теориясын қамтымай қоймайды. Кроче деген ойшыл тарих ой ретінде де, тарих әрекет ретінде де бір-бірімен тығыз байланысты деп түйді. Неокантшылдықтың баден мектебінің индивидуалшыл әдісі құндылық философиясымен байланысты болды. Осындай ерекшелік Экзистенциализмге де тән болды. Бұл ілімдер де тарих философиясы адам философиясының бір аспектісі ретінде орын алады.
КӨРНЕКТІ БАТЫС ҒАЛЫМЫ Р.АРОН ӨЗІНІҢ “ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ” ДЕГЕН ЕҢБЕГІНДЕ ИНДУСТРИАЛДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІН АТАП КӨРСЕТЕДІ:
өндірісті ғылыми түрде ұйымдастыру;
материалдық молшылықтарға жету;
ұлттық өнімде өндірістің үлесінің көбеюі және соған сәйкес ауыл шаруашылығының үлесінің кемуі;
“индустриалдық қоғамда” өндіріс құралдарына деген меншік формаларының еш маңызы жоқ.
баюдың көзі ретінде соғысты жою;
К.ЯСПЕРС ФИЛОСОФИЯСЫ
ФИЛОСОФИЯНЫҢ ЖЕКЕ БАҒЫТЫ РЕТІНДЕ ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ ХХ ҒАСЫРДА ТОЛЫҒЫМЕН ҚАЛЫПТАСТЫ. ОҒАН СЕБЕП БОЛҒАН ХХ ҒАСЫРДЫҢ ТАРИХИ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ДАҒДАРЫСТАР ДЕП АЙТУҒА БОЛАДЫ. ХХ ҒАСЫРДЫҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫ ІЛІМІДЕРДІҢ АВТОРЛАРЫ К. ЯСПЕРС (1883-1969) ПЕН А. ТОЙНБИ (1889-1975). ЯСПЕРС ҰСЫНҒАН ТАРИХИ КОНЦЕПЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМЫ “ОСЕВОЙ ВРЕМЯ” ДЕП АТАЛАДЫ. ОСЕВОЕ ВРЕМЯ ДЕП ЯСПЕРС ТАРИХТЫҢ БЕЛГІЛІ КЕЗЕҢДІ АТАҒАН. БҰЛ КЕЗЕҢ БІЗДІҢ ДӘУІРІМІЗДЕН БҰРЫН ЖЕТІНШІ ҒАСЫРДА БАСТАЛЫП ХРИСТОС ДӘҮІРІНДЕ АЯҚТАЛАДЫ. ОНЫҢ БЕЛГІСІ РЕТІНДЕ БАРЛЫҚ РУХАНИ, ДІНІ, ҒЫЛЫМИ, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ІЛІМДІРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫН КЕЛТІРЕДІ. МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІЛІ ОШАҚТАРЫ КӨНЕ ҮНДІ, ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ГРЕК ЕЛДЕРІ САНАЛАДЫ. ЯСПЕРС ҮШІН ТАРИХТЫҢ ӨЗІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБЫЛЕТІНІҢ НӘТИЖЕСІ. ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР АЛҒА ҰМТЫЛЫП, СОҢЫНЫН КӨПШІЛІКТІ ЕРТЕ ЖҮРЕДІ. ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНА ЯСПЕРСТІҢ ОЙЫНША ХРИСТОСТЫ, БУДДАНЫ, КОНФУЦИЙДІ, ПИФАГОРДЫ ҚОСУҒА БОЛАДЫ. СОНДЫҚТАН ТАРИХИ ПРОЦЕССТІ ЯСПЕРС АДАМНЫҢ РУХАНИ ӨМІРІМЕН ТЕҢІСТІРГЕН. ҰҚСАС ПІКІРДІ А. ТОЙНБИДІҢ ІЛІМІНДЕ КӨРУГЕ БОЛАДЫ. ТАБИҒИ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ҚАРАҒАНДА ТАРИХИ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ НЕГІЗІНДЕ РУХАНИ ПРОЦЕСТЕР ЖАТЫР. ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ШАҚЫРҒАНДАЙ, ӘЛЕМНІҢ ӨЗІ АДАМДАРДЫҢ АЛДЫНА МАҚСАТ ҚОЯДЫ. ӘРБІР ӨРКЕНИЕТ СОЛ МАҚСАТТЫ ОРЫНДАУҒА ТАЛПЫНАДЫ. БҰЛ ТАЛПЫНЫСҚА ІЛІКПЕГЕН ХАЛЫҚТАР ТАРИХТЫҢ ТАСАСЫНДА ҚАЛЫПҚОЯДЫ. ЖАЛПЫ ХХ ҒАСЫРДЫҢ ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ҚОЙҒАН НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕСІ ТАРИХТЫҢ ЖӘНЕ ТІРШІЛІКТІҢ КОММУНИКАТИВТІК МӘНІ.