Орындаған: Еркінбек Динара



бет1/3
Дата11.01.2022
өлшемі190,47 Kb.
#111070
  1   2   3
Байланысты:
Философия 12


Қ
ожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті


БӨЖ

Тақырыбы: Тарих философиясы.

Қабылдаған: Оңалбеков.Ә.

Орындаған: Еркінбек Динара.

Тобы: ЖХМ-912



Жоспары:

Кіріспе.

Тарих философиялық ойлаудың пәні ретінде



Негізгі бөлім.

А)К.Ясперстің осьтік уақыт тұжырымдамасы

В) Қазіргі тарих философиясы

ҚОРЫТЫНДЫ

О. Шпенглер мен А. Тойнбидің тарих философиясы



1. Тарих философиясы — («тарих философиясы» ұғымын Вольтер енгізді, нақты түрде антикалық кезеңге жатады)- тарихты бағалау мен талдау философиясы, яғни көп жағдайда тарихи зерттеулер мен тарихты түсіндіру нәтижелері.

Тарих философиясы деген термин екі түрлі мағынаға ие:

біріншіден, тарихты онтологиялық және гносеологиялық талдау;

екіншіден, 19-шы ғасырдың аяғы және 20-шы ғасырдың басы кезеңіндегі философиялық бағыт.

Тарихты басқарушы күш әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Идеалистік философияда тарихты басқаратын күш абсолютті рух (Гегель) деп қарастырылды.

Тарих философиясы философиялық ілім тармақтарының бірі ғана емес, тарихи процестің мазмұны өзіндік философиялық көзқарас пен пайым-даудың тақырыбына айналған кездегі тарихи материалға қатысты ерекше көзқарас.

Өзгермелі заман, қарқынды әлеуметтік құрылымдар, көшпелі мәде-ниеттер контекстіндегі адам пән ретіндегі тарих философиясының негізгі мазмұны болып табылады. Адамзат тарихына қатысты философиялық көзқарастардың дамуы көптеген ғасырлар бойына – Конфуций мен ЛаоЦзы, Платон мен Аристотель кезеңдерінен бастап өріс алды.

Философиялық ілімнің арнайы бөлімі ретіндегі тарих философиясының бастапқы нүктесі ретінде Гегельдің «Тарих философиясы бойынша дәрістері» саналады.

Гегель ХІХ ғасырдың басында батыс еуропалық ойшылдары арасында бірінші болып философия мен тарихты біріктірді. Ол дүниежүзілік-тарихи процестің парасаттылығы тұжырымдамасын – тарих барысына алғаш тарихи берілген бағаны әзірледі.

Еуропада тарих философиясына қызығушылық Француздық Ағарту дәуірінде пайда болды. «Тарих философиясы» термині Вольтермен енгізіліп, дүниежүзілік тарих туралы философиялық пікірлер жиынтығын олардың қажеттілігі мен заңдылығының арнайы философиялық-теориялық негіз-демесінсіз қамтып келді.

Деректерді білу ретіндегі сипаттау тарихы мен та-рихи процестің теориялық қайта құрылуы арасындағы айырмашылықтардың дәлелдемесін Ж.-Ж.Руссо берді. Бірақ оған дейін Д.Вико «жаңа ғылыммен» зерделенетін «мәңгілік мінсіз тарихты» түрлі халықтардың эмпирикалық тарихынан бөліп ажыратты.

Материалистік негізде тарих философиясын К.Маркс жетілдірді. ХХ ғасырда білімнің бұл саласына үлкен үлес қосқандардың қатарында К.Ясперсті, А. Тойнби мен У. Ростоуды атауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет